Еліміздің бес өңірінде үсік жүреді
2019 ж. 03 қыркүйек
1102
0
«Қазгидромет» РМК 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлады baq.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Тек республиканың батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде тұман, жел күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақтан, Павлодар облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, тұман түседі, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан обысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау облыстарында, Қарағандының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облылыстарында түнде минус 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.