Қазақстанның жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды
2018 ж. 23 мамыр
6624
0
Қазгидромет ауа райының күр өзгеруіне байланысты еліміздің жеті аймағына ескерту жариялады. Астана қаласында желдің максималды жылдамдығы 21 м/с құрағандықтан, ауа райы болжамы қызметі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, қауіпті құбылыстар санатына жатады. Бұл суық фронттардың өтуіне байланысты, жылы және суық ауа массаларының бір-бірімен қақтығысып қалуынан пайда болған.
23 мамырда Ақмола облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с.
Астана қаласында 23 мамырда солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
23 мамыр күні күндіз Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Кей жерлерде тұман түседі. Тараз қаласында 23 мамыр күні күндіз найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша күндіз 23 мамырда жаңбыр болады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ дауыл соғады. Жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді.
Өскеменде 23 мамырда жаңбыр, найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде найзағай соғады.
Петропавл қаласында 23 мамырда солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Алматы облысында 23 мамырда күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз кей жерлерде 18-23 м/с дейін күшейеді.
Талдықорғанда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.
23 мамырда күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20, күндіз екпіні 23 метрлі желдің күшеюі шаңды дауылмен бірге күтіледі.
22-24 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шквал, шаңды дауыл күтіледі.