Үгіт-насихат материалдарын «Қазақ үні» газеті мен qazaquni.kz сайтына ұсыну тәртібі мен төлем мөлшері туралы мәліметтер
2020 ж. 27 қараша
1774
0
«Қазақ үні» республикалық газетінің және qazaquni.kz сайтының меншік иесі – «Қазақ үні» ЖШС.
Газет форматы – А3.
Газет аптасына 1 рет, дүйсенбі күні шығады.
Апталық тиражы – 15 100.
«Қазақ үні» ЖШС 2020 жылдың 10 қаңтарында өтетін ҚР мәжіліс сайлауына қатысатын барлық үміткер партияларға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін «Қазақ үні» газеті мен qazaquni.kz сайтына беру талаптары жайында хабарлайды.
Газет беті немесе сайттан орын ұсыну туралы келісім үміткер партия мен газет меншік иесінің жазбаша жасалған келісімшарты негізінде жасалады.
Газет немесе сайт бетіне үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін редакцияға ҚР мәжілісіне үміткер партия немесе оның сенімді өкілінінің жазбаша өтініші түсуі шарт;
Жазбаша өтініште үміткер партия немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзім көрсетілуі керек;
Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдары газет немесе сайтқа шығатын мерзімнен бір жұмыс күн бұрын беріледі.
Егер мәжіліске үміткер партия сайлау алдындағы бағдарламасында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.
«Қазақ үні» газетінің баспа бетіндегі орынның төлемақысы
· Дайын мақаланы 1-ші бетке орналастыру 1ш.с. – 900 тг. ҚҚС-сіз.
· Дайын мақаланы түрлі-түсті бетке (1-8-9-16)-беттерге орналастыру – 900 т. ҚҚС-сіз.
· Дайын мақаланы ақ-қара түсті беттерге орналастыру – 750 т. ҚҚС-сіз.
· Дайын модульді 1-ші бетке орналастыру 1ш.с. – 900тг. ҚҚС-сіз.
· Дайын модульді қалған беттерге орналастыру 1ш.с. – 650тг. ҚҚС-сіз.
· Имидждік материалдар дайындау – 150 000 тг. ҚҚС-сіз.
· qazaquni.kz сайтына орналастыру төлемақысы мен төлеу тәртібі
Жарнамалық банерлер:
1) 700*100 px 25 000 тг/ тәулігіне.
2) 310*325 px 20 000 тг/тәулігіне.
– Сайтта дайын PR материалды орналастыру – 150 000 тенге. (3000 белгі және 5 суретке дейін).
– Сайтта PR материалды дайындау және орналастыру – 300 000 тенге. (3000 белгі және 5 суретке дейін).
ҚҚС тіркелмеген