Қазақстанның 5 өңірінде ескерту жарияланды
2020 ж. 04 ақпан
2808
0
«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты 5 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде 15-20 м/с жетеді.
Орал қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болжанады. 4-5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Петропавл қаласында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады. 4 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. 4 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с жетпек.
Сондай-ақ 4 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артуы мүмкін. Ақтөбе қаласында тұман сақталады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күшейеді.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ескерту жарияланған болатын.