Нұр-Сұлтан мен Шымкент тұрғындарына жағымсыз метеорологиялық жағдай ескертілді
2019 ж. 04 желтоқсан
2713
0

4 желтоқсан күні жағымсыз метеорологиялық жағдай Қазақстанның екі қаласында күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, сәрсенбі күні атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында нашарлайды.
Синоптиктердің деректеріне қарағанда, Актөбе, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскеменде ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.