Сабақтардың өткізілмейтінін қайдан білуге болады
2019 ж. 19 қараша
2223
0

Қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар болмайтыны жөнінде ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздері таратады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі ауа райының жағдайын ескере отырып, сабақтар болмайтын жағдайда ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздері арқылы таратылатынын еске саламыз», делінген басқарманың сайтында.
Ата-аналарға ауа-райы туралы деректерді анықтау мақсатында интернет-қосымшалар мен басқа да расталмаған дереккөздерді пайдалану ұсынылмайды.
Ақпарат төмендегі дереккөздер арқылы таратылады:
1) Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінен келіп түскен SMS хабарлама;
2) iKOMEK109 қалалық орталығы (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильді қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу);
3) Қалалық Білім басқармасының ресми сайты.
4) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми Facebook-тегі парақшасы.
5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
6) Smart Astana қосымшасы (мобильді қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).