Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
2019 ж. 31 шілде
6447
3

Қазгидромет 30 шілде - 1 тамыз аралығындағы ауа райының болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Жақын күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр, күндізгі ауаның температурасы 17-25°С дейін төмендейді.
Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы және 35-40°С қатты ыстық сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, дауылды жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.