Енді бастауыш сынып оқушылары үш тілде білім алады

Биылғы жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасымен үш тілде білім алуды бастайды деп хабарлады "Алматы" арнасы.

Қыркүйек айынан бастап 1 сынып оқушылары үш тілде білім алады

Бұл туралы Алматы оқытушылары өткізген брифингте белгілі болды.

"Назарбаев зияткерлік мектебінің пилоттық жобасы қазір еліміздегі 30 мектеп пен гимназияда қолданылуда. Енді 1 қыркүйектен бастап 1 сынып оқушылары үш тілде білім ала бастайды" дейді зияткерлік мектеп өкілдері.

Яғни, әр пәнді оқушы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бөлек оқитын болады. Бұдан бөлек, бастауыш сыныптағыларға білім алуда жаңа мүмкіндіктер, жаңа әдістер мен электронды оқулықты оқуға мүмкіндік тумақ.

Бұл бағдарлама тәлім алушылардың білімін анықтауға, отандық білім беру дәстүрінің үздігін қабылдауға мүмкіндік береді дейді бастамашыл топ.

Дерек көзі: Алматы ТВ