ТАСМАҒАМБЕТОВ САЙЛАУҒА ТҮСЕ АЛА МА? ОСК жауабы
2019 ж. 12 сәуір
10316
20
Орталық сайлау комиссиясы елшілер мен димломатиялық қызметкерлер сайлауға түсе ала ма деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды baq.kz.
«Президенттікке кандидаттарды ұсыну республикалық қоғамдық бірлестіктер құқығында. Қоғамдық бірлестіктер кімді ұсынады, оны өздері шешеді. Кандидаттарды 28 сәуірдің 18.00-ге дейін ұсына алады. Барлық құжаттар келіп түскеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы 5 күн ішінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көрсетілген талаптарға қаншалықты сай екенін тексереді», - деп айтты ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина.
Журналистер Баймолдинадан елшілер, дипломаттар сайлауға түсе ала ма деп сұрады. «Біріншіден, елші – саяси мемлекеттік қызметші. Егер ол кандидат тумысынан Қазақстан азаматы, 40 жастан жас емес, мемлекеттік қызметте 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болса, өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілігі болмаса, осы критерий мен талаптар ескеріледі», - деп жауап берді ол. Төменде журналистердің осы жағдайға қатысты сұрақтарын қойды. - Соңғы 15 жылда Қазақстанда тұруы тиіс деген талап бар. Егер елші 4 жыл бұрын шетелге елші ретінде барып, қазір Қазақстанда тұрса…- Өткен президент сайлауларында кандидаттардың бірі Ғани Қасымов бір жылдары дипломатиялық қызметкер болды.
Редакция: Ғани Қасымов 1999 және 2011 жылы президент сайлауына түскен болатын. Ол 1994 жылы жылы Францияда Қазақстанның сауда-экономикалық өкілі дипломатиялық қызметін атқарды. - Сіз нақты жауап бермедіңіз?- Мен нақты жауап бердім, бірақ құжатты қарамай тура айта алмаймын. ОСК алқа құрамымен сот отырысында құжаттарды қарастыратын болады. Сол жерде кандидаттың заң талаптарына сәйкестігін қарап, нақты шешім шығарады. Нақты кандидаттың заң талаптарына сай не сай емесі жөніндегі ОСК алқалық шешімнен кейін сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
- Дипломатиялық қызметіне байланысты Қазақстанда тұрмауы оның сайлауға түсуіне кедергі келтірмей ме?- Мен бұған жауап беріп қойдым. Менің түсіндіргенімді сіздер тыңдап тұрған жоқсыздар. ОСК шешімді бір ғана мүшемен ғана отырып шығармайды.
Бұл – алқа органы. Шешім сол кандидаттың нақты жағдайына қатысты қабылданатын болады.
- Тасмағамбетов елге келіп, сайлауға қатыса ала ма? Ол 2 жылдан бері Ресей аумағында тұрады.
- Егер республикалық қоғамдық бірлестік оның кандидатурасын ұсынатын болса, онда біз құжатын қарай аламыз.