Жаңа министрлер халық алдында ант берді
2019 ж. 26 ақпан
2121
2
Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен алғашқы Үкімет отырысы өтіп, онда жаңадан тағайындалған төрт министр ант берді, - деп хабарлайды baq.kz.
Бүгінгі жиында жаңа Білім жəне ғылым министрі Күлəш Шәмшидинова, ИИДМ министрі Роман Скляр, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Ұлттық экономика министрі Руслан Дəленов Қазақстан халқы мен президентінің алдында ант берді.
Ант беру рəсімінен кейін Асқар Мамин жаңа министрлерге, бүкіл Үкіметтің жаңа құрамына табыс тіледі.