Назарбаев Үкіметті отставкаға жіберетінін айтты
2019 ж. 21 ақпан
2407
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отставкаға кетуі тиіс деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Президенттің мәлімдемесі Ақорда сайтында жарияланды.
"Бүгін мен еліміз үшін маңызды шешім қабылдап отырмын. Әлеуметтік-экономикалық жағдай өткен жылдары тұрақты болған еді. Бұл, сөзсіз, оң үрдіс. Бірақ бұл біздің заманда жеткіліксіз. Мен бастаған Үшінші модернизация мен "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" құрылымдық реформаларды жүргізуді жеделтедуге бағытталған", - делінген мәлімдемеде.