Нұрсұлтан Назарбаев: "Болат Бақауов … Бұл масқара! Ол суреттерді ешкімге көрсетпе! Сұмдық!"
2018 ж. 18 шілде
3431
0
Елбасы Павлодардағы курортты сынға алды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысындағы жаңа курортты сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Болат Бақауов өңірдің экономикалық жетістіктері жайлы және туризм саласының сәтті дамып жатқанын айта отырып, Маралды демалыс орнын таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысын әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша дамыту туралы өткен жиында ескерту жасады. Жаңадан салынып жатқан курорттың суреттері Президенттің көңілін қалдырды.
"(...) Қазір Болат Бақауов Маралдының, онда адамдардың демалып жатқаны түсірілген суреттерді көрсетті... Бұл масқара! Ол суреттерді ешкімге көрсетпе. Қарашы, адамдар жалаңаш жүр, отыратын жер жоқ. Адам толып жүргенін көріп тұрсың ба? Онда қонақүй түгілі, тіпті отыратын орын жоқ! Шатыр да жоқ! Сұмдық!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Cондай-ақ, Мемлекет басшысы демалыс орнында инфрақұрылымды дамытып, ондағы адамдарға жағдай жасау керектігін айтып өтті.
"Мен Қазақстан бойынша неліктен инфрақұрылымды дамытып жатырмын? Еріккеннен деп ойлайсыздар ма? Инфрақұрылымға қордан 9 миллиард доллар бөлдім. 5,5 мың шақырым жол - қазақтар мұндай жолды ешқашан көрген емес. Біз бес жылда 4,5 мың шақырым жол салдық, тағы 5 мың шақырым жол саламыз. Барлық қаржы институты бізге сенеді және бізге сол ақшаларды береді. Павлодардан Астанаға баратын жол салдық, енді әрі қарай Баянауылға дейін жол саламыз", - деді Назарбаев.
Осыған дейін Президенттің жұмыс сапарымен Павлодарға барғаны хабарланған болатын.