Саясаттанушы билікте үлкен өзгеріс болатынын айтты
2018 ж. 18 шілде
6148
0
Қазақстандағы банктер оңай адамдардың қолында емес. Олардың әрқайсысының артында билік басындағы тұлғалар тұр. Сондықтан саясаттанушы Данияр Әшімбаев қаржы саласындағы, жалпы, экономикадағы кез-келген өзгеріс саясаттағы тепе-теңдік бұзатыны айдан анық, деген сенімде.
Бұл туралы kaz.365info.kz порталы хабарлайды.— Жалпы, банк ақша, қомақты қаржы шоғырланатын жер болғандықтан, бұл тек қаржылық мүдделер ғана емес, сондай-ақ саяси мүдделер тоғысқан жер. Осы орайда, қаржы саласындағы талас-тартыс Қазақстанның заманауи тарихындағы саяси күресті алға тартушы күш деуге болады. Сондықтан қазіргідей қаржы тапшылығы кезінде ақша үшін күрес тек күшейе түседі, - дейді ол.
Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда ешкім танымайтын акционерлер жоқ. Әр банктің артында билік басындағы танымал тұлғалар тұр.
Қазіргі таңда ірі мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырған жоқ. Салдарынан қаржы секторындағы өтімді қаржының көлемі азайып, ол әкелетін табыс та төмендей түсті.
Ал банк акционерлері арасында т атынан ат үркетін шенділер мен олардың жақындары болғандықтан, бұл сектордың дамуы әбден саясиланып кеткен. Міне, бұл банк секторының қазіргідей мемлекет көмегіне зәру болып отырған кезінде билік басындағы саяси тартысты күрделендіре түсті. Бұл жерде әңгіме Ұлттық банктің қолдауы мен квазимемлекеттік сектордың депозиттері мен мемлекеттік мекемелердің есеп-шоттарын банктердге орналастыру жөнінде болып отыр. Яғни, қаржы құрылымдарына аса қомақты табыс беретін операциялар туралы.
Міне, осының барлығы қаржыға деген талас-тартысты, күресті күшейте түсуде. Сөйтіп, билік басындағылар бір-бірін, яғни қарсыластарын аяқтап шалып, орнынан тайдыруға ұмтылады. Сөйтіп, мықтылар сұрыпталып, шамасы жетпегендердің басына бақ кетіп, барынан айырылып жатады.
Нәтижесінде, қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық істер пайда болып, кеше ғана ел алдында жүрген танымал тұлғалар қамауға алынды.
Атап айтарлығы, президент банк секторындағы тұлғаларды алғаш рет сын тезіне алып отырған жоқ. Бірақ бұрын ол ешкіменің атын атап. Түсін түстеген емес, сондықтан көпшілік оларды біле бермейді.
Шын мәнінде, 2007-2008 жылдарда Қазақстан экономикасын тұралатқан дағдарыс еңсерілген жоқ. Мемлекет қаржы секторына Ұлттық қордағы қаржыны құюмен ғана шектелді. Ал банк саласын тұралатқан қиындықтар шешілген жоқ, сол қалпы тұр.
Ал екінші деңгейдегі банктер билік басындағы саяси истеблишментпен біте қайнасып кеткендіктен банктерді бақылауға алуға ұтылған түрлі топтар арасындағы бәсеке қыза ттүсуде.
Осы орайда, саясаттанушы үкімет жұмысындағы негізгі кемшіліктерді атапты, олар:
- премьер мен оның орынбасарлары арасындағы жұмыста үйлесімдік жоқ,
- кейбір шешімдерді қабылдауда және оларды жүзеге асыруда саяси жігер жетпейді,
- үкіметте ретті, тындырымды жұмыс істетйтін команда қалыптасқан жоқ,
- үкімет мүшелері тым жиі ауысады,
- жемқорлыққа қатысты дау-дамайлар көп,
Қазіргісін айтпағада, президенттің бұрынғы бағдарламалары бойынша берілген тапсырмалар орындалмаған.
Сонымен бірге, кемшіліктер қатарына бензин дағдарысын, электр энергиясының түнгі тарифтарын алып тастауды және тағы басқаларын қосуға болады.
Міне, осының барлығы министрлер кабинетінің ауысуына әкеліп соғуы әбден мүмкін.