Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі агенттері баспаналы болуда қалай көмектеседі?
2017 ж. 26 желтоқсан
3295
0
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозит қоржынында бір миллионнан астам салым бар
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – банк қызметтерін ұсынатын ғана емес, салымшыларға қаржылай кеңес беретін мың шақты штаттан тыс агенті бар, дамыған агенттер желісін қолға алған Қазақстандағы жалғыз банк. 2017 жылы аталған қаржы институтының клиенттері 330 мың салым ашқан. Әрбір екінші шот агенттер арқылы ресімделген екен. Банктің негізі қаланған уақыттан бастап агенттер желісі филиалдармен қатар жеке өнім ұсыну арнасы ретінде дамып келеді. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Сату және өңірлерді дамыту департаментінің директоры Руслан Заитовтың айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақтарының қазақстандық моделі неміс моделіне негізделген. Еуропалық жинақ кассалары агенттер желісін жаңа келген және бұрыннан бар клиенттерге қашықтан қызмет көрсету жолы ретінде тиімді қолданады. Алайда технологиялық тұрғыдан алғанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шетелдік әріптестерінен озып тұр: банк командасы агенттерге өз бетінше аптасына 7 күн мейлі үлкен қала болсын, мейлі шалғайдағы ауыл болсын, кез келген жерде онлайн жолмен депозит ашуға болатын «Кеңесшілердің әлеуметтік желісі» атты ақпараттық жүйесін әзірлеп шыққан. Ең бастысы, агенттің қолында интернетке қосылған планшет болуы қажет. Бір қызығы, бұл жағдайда салым ресімдеу процедурасы бөлімшедегі рәсімнен еш ерекшеленбейді. Келесі жылы агенттер депозиттен кейінгі операциялар жүргізіп, несие өтінімдерін ресімдей алатын болады. Осылайша клиенттерге көрсетілетін қызметтер бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы бола түседі. Цифрлы ғасырда банктің қызмет көрсетуі мүлдем жаңа деңгейге көтерілуі керек, осы себепті клиентінің уақытын үнемдеуге ұмтылатын банк кеңсеге келу қажеттілігін барынша азайтып, қызметтерді қолжетімді ете түсуде. Кез келген адам агент атана алады, ең бастысы маман ретінде дамуға деген құштарлық пен орта-арнайы білімнің болғаны керек. Банктің агенттер желісінде жұмыс істеу тиімді. Біріншіден, оны негізгі жұмыспен қатар алып жүріп, қосымша табыс таба аласыз, екіншіден уақыт кестесі де көп адамға ыңғайлы. Сондай-ақ агенттерді ынталандыру жүйесін де ерекше атап кеткен жөн: бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кеңесшісі лауазымы басқа екінші деңгейлі банктердің штаттағы лауазымдарымен тайталаса алады. Осы себепті де бірқатар банк клиенттері кеңесші болып қызметтерін ауыстырып жатыр. Бір қызығы агенттер арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне әу баста клиент ретінде келіп, бағдарламалар мен кеңесші жұмысының артықшылықтары туралы біліп, агент ретінде қызметке тұрған адамдар көп. Банк кеңесшілері әрдайым білімдерін жетілдіріп отырады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі олардың біліктілігін дамытып отыруға мүдделі, сондықтан жыл сайын кәсіби, тәжірибелі коучтарды шақырып, жеке тұлға ретінде даму және ынталандыра түсуге арналған оқу тренингтерін ұйымдастырып тұрады. Бұдан бөлек банк командасы ай сайын банктің жаңа өнімдері, бизнес процестерінің механикасы, ішкі нормативтік құжаттардағы өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстар жүргізеді. Кез келген кеңесші филиалдағы кураторына хабарласып, өзі тап болған мәселенің оң шешімін ала алады. Осылайша банк агенттермен кері байланыс орнатып, екіжақты қарым-қатынасты тиімді қолданып отыр. «Біздің кеңесшілер банктің корпоративтік өміріне де белсене араласады. Жыл сайын өтетін ең жарқын шаралардың бірі – КВН. Мұнда банк қызметкерлерінен тұратын командалардың «жарысып» келе жатқанына үш жыл болды. Агенттер желісі – банктің бір бөлігі, түптеп келгенде дәл осы кеңесшілер ұйымның бет-бейнесі саналады, себебі олар клиентпен тікелей жұмыс істеп, оларға банк бағдарламалары, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің артықшылықтары туралы айтып береді, тұрғын үй жоспарын құрып, басты арман – баспаналы болуға көмектеседі, - деп түсіндіреді Руслан Заитов. – Сонымен қатар біз агенттер рейтингін жүргіземіз және әр филиалдан топ-10 маманды анықтап отырамыз. Жылына бір рет бүкіл ел бойынша ең үздік кеңесшілердің үлкен кездесуі өтеді. Мұнда банк жоспарларын сөз қылып, саладағы соңғы трендтерді талқылаймыз, жақын арада неге баса мән беру керек екенін атап өтіп, ең нәтижелі қызметкерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттау үшін жұмыс нәтижесін шығарамыз».qazaquni.kz