Анкарада Ресейдің Түркиядағы елішісін атып кетті (ВИДЕО)
2016 ж. 20 желтоқсан
4182
0
Анкарада Ресейдің Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Андрей Карловқа қастаңдық жасалды. Бұл туралы qazaquni.kz ұлттық порталының Анкарадағы меншікті тілшісі хабарлайды.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Карлов алған жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмды. Ресей СІМ Сергей Лавров Түркияға шұғыл түрде аттанғаны белгілі болды.
Шабуыл "Ресей түріктер көзімен" атты сурет көрмесінің ашылу салтанатында жасалған. Тілші хабарлауынша, салтанатты шарада өзге де елдердің елшілері болған. Белгілісі, Карловтан өзге, тағы үш адам ауыр жарақат алған.
Ресей тарапы бұл қастаңдықты теракт деп қабылдағанын мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін Ұлыбритания мен Франция билігі Ресей Президенті мен халқына көңіл айту жеделхаттарын жіберіп, лаңкестікті айыптайтындарын жеткізді.