Павлодарда жаңа жылдық шырша Тәуелсіздік күнінен бұрын орнатыла бастады
2016 ж. 22 қараша
3221
2
Павлодарда -30 градустық аязға қарамастан орталық алаңдағы 30 метрлік шырша орнатыла бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, жұмысты «Бонус строй» ЖШС жүргізіуде.
Шырша өткен жылдан қалған ойыншықтармен безендіріледі. Олардың ішінде гүл тізбесі, пингвиндардың отбасы, жылқылар мен аюлардың шағын формалары бар. Осы жылы павлодарлықтар үшін қалалық мәдениет және демалыс, Гагарин саябақтарында биіктігі бес метрлік төбешік жасалады. Ал, қаланың басты шыршасының шамдары Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін жағылады. Айта кету керек, биыл облыс орталығын жаңа жылдық безендіру үшін 13 млн теңге қарастырылған.
Осыған дейін "Қазақ Үні" ұлттық порталы "Жезқазғанда жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен кейін басталады, басқа қалаларда ше?!." атты мақала жариялап еді. Айтқанымызша болмады, орыстанған Павлодардың шенеуніктері ұлы мерекені ұмытып, Аяз атаны қарсы алуға әзірленіп кетіпті. Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отырғанда барлық мерекені ысырып тастап, тек елдің егемендік алған күнін барынша кең атап өтсе дұрыс болмас пе еді? Алайда, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов басқаша ойлайтын секілді.
qazaquni.kz