Белгілі жазушы: Орамал жамылып, паранжа кию имандылық пен мұсылмандықтың белгісі емес
2016 ж. 21 қараша
3712
2
Паранжа киіп немесе орамал жамылып алу имандылықтың, жалпы мұсылмандықтың көрсеткіші емес. Шын мұсылманның Құдайы жүрегінде – дейді белгілі жазушы Шәрбану Бейсенова.
Соңғы жылдары қоғамдағы ең өзекті мәселеге арналған бұл жиында да сан алуан пікірлер айтылды. Мәселен, осы конференцияның өтуіне мұрындық болып отырған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин:
«Ең бастысы тәрбиелі, сауатты ұрпақ өсіру. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан бірінші кезекте жастардың білімі мен тәрбиесіне көңіл бөліп, ұрпақ бойына патриоттық сезім сіңіруіміз керек», - дейді.
Осы жиынға арнайы шақырылған жазушы Шәрбану Бейсенова имандылықты мешіттерден емес, әркім өз жүрегінен іздеуі керек деген пікір айтты.
«Орамал жамылып, пәрәнжі киіп алу имандылықтың, мұсылмандықтың белгісі емес, біздің иманымыз жүрегімізде. Орыстың құдайы - шіркеуде, Будданың құдайы - үйінде, ал біздің, яғни мұсылманның құдайы – жүрегінде! Біз осыны мықтап түйіп алуымыз керек. Баланың медреседе оқығаны жақсы, бірақ, әуелі сауатын ашып, біліммен нәрлендіріп, дұрыс тәрбие беріп алуымыз керек. Әртүрлі мәселемен жастардың басын қатырмау керек», - деді Бейсенова.