М. Тоқашбаев: Ұлт мүддесін ту еткендер тырнақ астынан кір іздемеу керек

3
2329

Картинки по запросу тайжан мен геройхан

Мұхтар Тайжан мен Геройхан Қыстаубаев арасындағы дау, әлдебір дебат мүлде қажетсіз деп ойлаймын. Танығаным болмаса екеуімен де өмірі жақын араласып көрмеппін. Тек үлкендік жолымен інілеріме тоқтау салғым келеді. Дебат екеуіне немесе отқа май құюшыларға керек болса да қазақ халқы үшін қажеті жоқ. Ұлт үшін қызмет етуді мақсат еткен жігіттер бір бірінің тырнағы астынан кір іздеуі мүлде жараспайды. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамның айыбын шыжғырып бетіне баспа» деген. Күнәсіз пенде жоқ. Қаза берсе әркімнен-ақ бір пендешілік табылады.

Дебатта жеңімпаз болмайтыны анық, ол тек араны аша түседі. «Жеңдім» деген адамның өзі іштей күйзеліске түседі. Бұл Ұлт мүддесін ту еткендерге үлкен соққы. Кешегі алашордашылар қатарында да бір-бірін жақтырмайтын адамдар болған, бірақ олар да бір бірін кешіріп, ортақ мүдде үшін біріге білді емес пе! Сондықтан біздер де күрескер аталарымыз тәрізді кешірімді болайық.

Алланың Елшісі (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде дауласып қалған екі адамның өліп-өшіп өзінікін дәлелдегені емес, кім бұрын кешірім сұраса соныкі дұрыс болатындығын айтқан.

«Найза ұстаған жауға кезігеді, сөзді қуған дауға кезігеді» деген. Бұл дауда жеңілетін тек қазақ халқы ғана. Мен Мұхтар мен Геройхан інілерімді дебатқа емес, тура сол дебат өтетін уақытта 28-қыркүйек, сәрсенбі күні сағат 11-де «Санжак» (Жібек жолы мен Бұзырбаев көшелерінің қиылысы) ресторанында татуласу дастарханына шақырамын. «Қамшыларыңызды» қалдырып, ашық жүзбен келіңіздер!? Бізге жеке бастың намысынан гөрі ұлттың намысы қымбат. Айналайын, алтын інілерім, «Қазағым» деген қасиетті дастархан басында бас қосайық!

Марат Тоқашбаев,

Фейсбук парақшасынан алынды

3 ПІКІРЛЕР

  1. Екі пікір де өте орынды. Сыртқы жаудың әдейі арандатып отырғанын түсінбеген әріптесіме өкініштен басқа айтарым жоқ. Геройханның бұл қылығы – жат көрсетер қылық. Мұхтар Жер мәселесі үшін қазақты қолдап алға шығып еді, оны аяқтан шалатын геройхандар табыла кетті. Дәл қазіргідей аласапыран кезде бізге күш біріктіру керек. Маратқа алғысым шексіз. Осындай азаматтар арамыздан жүздеп, мыңдап табылып жатса, қандай жақсы.

  2. Еламан, жазғаныңды айызым қанып отырып оқыдым. Керемет, саяси-моральдық сабақ алдым. Мұқтар Тайжан кеше билікке қарсы жалпылама сөз айтып жүргенде, онымен ешкімнің де жұмысы жоқ еді, бүгін ел жайлы дәледі де қажетті сөз айтқан еді -мансапқұмар, ақшақұмар болып шыға келді, бұл бастамасы ған секілді. Сол сияқы Дос Көшім, Қайрат Исалар жайлы зинақор, мансапқуған деген сөздер ара-арасында ауыздан-ауызға бықсып кетуі де олардың халықтың көкейіне ой салып, көзін ашатын сөздер айтқан кездерде орын алатынын енді байқалып тұр. Кеше Мұрат Әбеновқа жұрт күліп қарайтын еді, ал енді бүгін самақты да салиқалы сөздері біреулердің астынан су шығарып – оның да артынан сөз ере бастады. Байқап қарасақ бұлда бір арнайы саясат екен ғой. Менде Бекболат жайлы естіген сөздерге анық сенбесемде, жай жүрмей таралуына атсалысқан екенмін, енді ұялып отырмын. Ой көзімен қарасаң бәрі көріні-ақ тұр. Қазақтың қамы үшін биікке өрлеген жігіттердеің аяғынан тарту- қазақтың дерті емес— қазақ құрысын деген жаудың аярлығы екені жайлы жазыңдаршы, саяси ілімі барлар.

  3. Өте дұрыс тілек екен. Қазір екі қазақты бір-біріне айдап салып, жауластырғысы келетіндер баршылық. Оның себебі біріншіден, кешегі кеңестік кезеңде қалыптастырылған қазақты қазақтың қолымен құрту саясатынан өндірілген психология, екіншіден, қазақтың жаңадан қалыптасып келе жатқан тәуелсіз елі бекімей тұрып, оның іргетасын сөгу, бұрыс қалыппен көтеру ниетіндегі сыртқы күштердің пиғылы. Әрбір қазақ түсінуі керек–осыншама асты-үсті байлыққа тұнған, орналасқан жері геосаяси тұрғыда Евразия аймағына ықпал етуге өте тиімді елді әлемдік саяси – экономикалық, қаржылық топтар бостан-бос қоя салмайтынын. Әлем тарихындағы барлық соғыстардың негізгі мәселесі осы мәселелер. Бұл азат мемлекет ретінде енді қалыптасып келе жатқан кез-келген елдің басындағы іс. Ал әрбір елдің күші -халықтың дұрыс қалыптасатын руханияты мен сол руханият негізінде іргетас болып қаланатын бірлігі. Міне, осы екі ұғымның түбіне балта шабу үшін әлемдік қаржы күштері барлық құралдар мен тәсілдерді шебер пайдалануда. Ақпараттық құралдардың түрлі формада соларға тәуелді екенін саяси соқыр адам ғана түсінбес.
    Йозеф Геббельстің «Дайте мне средства массовой информации и я из любого народа сделаю стадо свиней» дегені әлем елдерінде тәжрибеден өткен аксиомаға айналды.Бірақ, өкінішімізге оран мұны қандастарымыз түсігісі келмейді.Қайта солар ауыздарына салып бергенін шайнамай жұтуда.
    Қазір «елім» деп бас көтерген жігіттерді ақпарат құралдары арқылы елдің жауы етіп көрсету дағдыға айналды. Жау пиғылды бір-екі агенттің бастап бергенін біздің даңғой да дилетант қандастарымыз ала жөнеледі, Сондағы мақсат көптен қалып қоймау, атын шығарып қалу. Мысалға Б. Тілеухан секілді «елім» дегенді ісімен көрсетіп келе жатқан жігіттерді алыңыз. Оларды елге жек көрсетіп, жау ету үшін не жазылмады, не істелмеді. Сол Бекболаттың жазғыштарды заңмен де қудалауға, не қара күшке салып апай төс, арлан жігеттер арқылы да жазалауға қауқары жететін еді, дегенмен «қой қазағымыз ғой» деп «ит үреді, керуен көшеді» деген аталы сөзді ұстанып артын қумады. Болмаса «шешесін отырғызып көмді» деген жалақорларды ұстап «борбайынан ағаштың үшына байлап» қойса қалған жалақорларға ғибрат болар ма еді. Қысқасы, айтайын дегенім Марат ағалар секілді ағаларымыз салихалы ағалық кеңестерін айтып өз жігіттерімізді жаладан, араларына от жағуды қалағандардан қорғап араша түсуіміз керек. Онсызда аз ұлт жанашырларын елге «изгой» етіп сипаттайтындардың алдын кеспесек, ертең елүшін күресетін жігіттерімізді таппай қалмайық. Ал, жаудың көздеген мақсаты да сол. Міне бүгін кезек Мұқтарларға жетті. Рахмет, Марат аға! Аллаһ елім деген ісіңізге игілік, береке берсін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз