2016 жылы елімізде 600-ден астам қытайлық компания жұмыс істей бастады - Ерлан Қарин
2016 ж. 20 маусым
2742
2
Үш жылда Қазақстандағы қытайлық компаниялар саны 35 пайызға өсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2016 жылдың басында Қазақстанда 600-ден астам қытайлық компания өз қызметін жүзеге асырған болатын. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда жалпы 35 пайызға өсімді көрсетіп отыр», - деді Қарин.
Оның айтуынша, тіркелген қытайлық компаниялардың басым бөлігі сауда және құрылыс саласында жұмыс істейді.
«Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қатысушылары бар компаниялар саны бойынша Қытай Ресей, Түркия, Нидерланд және Германиядан кейін 5-ші орында тұр. Олардың үлесінде 9 мыңнан астам компания бар», - деді ол.
Институт директорының деректеріне қарағанда, 2010-2015 жылдары қытайдан Қазақстанға келген шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 10 млрд АҚШ доллларынан асып жығылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай 4-ші орында тұр.
Дерек көзі: ҚазАқпарат