Астанада жоғалған студенттің өлі денесі табылды
2016 ж. 11 ақпан
6212
3
Астанада полицейлер жедел іздестіру шарасы кезінде жоғалып кеткен студенттің ісіне қатысты 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«10 ақпанда сағат 22.00 шамасында жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері із-түзсіз кеткен 1992 жылғы Ерасыл Әубәкіровтің өлі денесін тапты», делінген хабарламада.
Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен үш күдікті тұлға Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетсек, Астанада 23 жастағы медицина ЖОО-ның студенті емтихан қарсаңында жоғалып кеткен. Студентті достары, туыстары іздестіріп, оны табуға еріктілер де жұмылдырылған болатын.
Дерек көзі: ҚазАқпарат