Астанада жоғалып кеткен студенттен қандай хабар бар?..
2016 ж. 07 ақпан
3095
0
Осыдан бірнеше күн бұрын жоғалған астаналық студент әлі табылған жоқ. Оны іздеуге қаланың барлық құқық қорғау саласы жұмылдырылды. Және еріктілер де жас жігіттің аман-сау табылуына бар күштерін жұмсап жатыр. Алайда сабақтан тыс уақытында түрлі мәдени-қоғамдық жұмыстарды басқарып жүретін шоумен жігітті табу мүмкін болмай жатыр.
23 жасар Ерасыл Әубәкіровті іздестіруге әлеуметтік желі қолданушылары да барынша қолдау көрсетуде. Ата-анасының уайымына үн қосқан әлеуметтік желі тұтынушыларының барлығы да алаңдаушылық білдіріп, аман-есен табылуына тілектес екендіктерін жеткізуде.
Біз де Ерасылдың ортамызға қайта оралуын, ешқандай оқыс оқиғаға ұрынбауын тілейміз!
Естеріңізде болса Астана Медициналық университетінің 6 курс студенті 3-ақпанда сағат 18.00-де үйден (Сарыарқа-Сейфуллин) сол жағалауға қарай шығып кетіп, сол күйі оралмаған болатын. Телефоны өшіріліп, емтиханға да келмеген. Үстінде қоңыр-көк күртесі мен қоңыр қалпағы бар. Бойы шамамен 175-180 сантиметр. Салмағы 70-75 келі шамасында, - деп хабарлаған досы:
"Ерасыл - интерн-хирург. Ортасында сыйлы. Жауапты, тәрбиелі адам. Темекі шекпейді. Ешқандай діни ағымдарға қатысы жоқ. Ол қарапайым ғана жақсы адам. Табуға көмектесіңіздер!", - деген болатын.
Ерасылды көрген адам болса, мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(747) 024 81 29 - Әкесі, 8(707) 143 94 25 - Диас есімді досы.
qazaquni.kz