Қазақ байлары шетелдегі зәулім үйлерін дереу заңдастыруда

Дүние-мүлкін заңдастырған қазақтардың байлығы 600 миллиард теңгеге жуықтаған. Оның бір миллиарды шетелде жатыр.

үй Негізінен бұлдегі отандастарымыздың зәулім үйлері деп хабарлайды КТК арнасы. Бұл елімізде заңдастыру науқаны басталғалы бері мәлім болған деректер. Өткен жылдың желтоқсан айында заңдастыру тәртібі біраз жеңілдетілген болатын. Атап айтқанда, мүлкін банк арқылы қаржылай түрде көрсететіндер үшін 10 пайыздық жарна алынып тасталған. Сондай-ақ, әркім заңдастыратын мүлкін өз қалауынша бағалайды. Соның нәтижесінде мемлекеттік кірістер комитетіне қаражатын тіркеткендер де көбейіпті. Желтоқсан айында ол 81 миллиард теңгені құраса, бүгінде 135 миллиардқа жеткен. Ал заңдастырылған мүлікке қатысты мәліметтер құпия болып қалады. Оны жариялаған тіпті адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.
 Дереккөз: КТК арнасы