ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 жылдығына арналған халықаралық "ЕЛ мен ЕР" мүшәйрасына шақырамыз

mushaira 550 jyldyq

"Ақ жол" партиясының  ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 жылдығына арналған  халықаралық "ЕЛ мен ЕР"  мүшәйрасы   2015 жылғы 10 желтоқсанда сағат 15-00-де Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде өтеді.

 Жүйріктердің жыр бәйгесіне дүлдүл ақындар мен бұлбұл әншілер, өнер жұлдыздары қатысады. Мүшәйраға қатысқан  156 ақынның 568 шығармасының ішінен әділқазылар іріктеген 25 ақынға жүлде беріледі. Қаламгерлер мен қайраткерлер құрметті қонақ болады.  

Жырсүйер қауым мен келем деушілерге есік ашық.

Мекені - Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105 үй.