Қазақ тіліміздің әлемге танылған күні - Елбасының Қазақ хандығының 550-жылдығына тамаша тарихи сыйлығы болды - Азат Перуашев
2015 ж. 07 қазан
7734
33
Елбасымыздын БҰҰ-да қазақ тілінде сөйлеуі жақсы жалғасын табуда. Бүгін Парламентте «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев қазақ тілінде депутаттық сауал жолдап, Үкіметтен қазақ тілінің жайын сұрады.
Депутаттық сауал
ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымханұлы! Бүкіл әлемге белгілі болғандай, биылғы жылы 27 қыркүйекте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны тарихи оқиға ретінде бағаланып жатыр. Қазақ тіліндегі баяндама халықаралық алты тілге аударылды. Экономикалық дағдарыс күшейіп, бүкіл дүние дүбірлеп тұрғанда, әлемдік күрделі мәселелерді кесімді де, шешімді түрде түйінін түйіп айту, әлемнің бүкіл мемлекет басшыларына құнарлы қазақ сөзімен құйып айтудың бағасын ешнәрсемен салыстыруға болмас… Қазақ тілін бүкіл әлем тыңдады! Тәуелсіздігіміздің 24-ші жылында Елбасымыз қазақша жасаған баяндаманың себебін: “Біздің тіліміз дүниежүзіне естілсін, құлақтарына сіңсін деп ойладым. Ары қарай жылжыта береміз. Мен әдейі солай жасадым. Сондықтан мен айтқаннан кейін менен кейінгі біздің басшылар солай сөйлейді деп сенемін!”, – деп түсіндірді. Иә, қазақ тілін әлемнің 193 президенті тындағаны - ұмытылмайтын сәт! Тіліміздің әлемге танылған күні Елбасының Қазақ хандығының 550 -жылдығына тамаша тарихи сыйлығы болды деп білеміз! Ал, енді мемлекеттіліктің символы болып табылатын мемлекеттік тілдің Конституцияға сай дәрежеде дами беруі үшін тек Елбасымыздың ерекше ерлік еңбегіне ғана қарап, отыра беруге болады ма? Үкімет мүшелері,Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам өкілдерінің барлығы мемлекеттік тілде сөйлеген Президентімізден үлгі алуға тиіс. Сол себептен, Ақ жол фракциясы Мемлекеттік тілдің Конституцияға сай болуы және Тілдер туралы Заңымыз бен Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыстарды іске асыру туралы Үкіметтен мерзімаралық есебін беруды сұрайды. Сонымен қатар, бұған мемлекеттік органдармен бірге саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, әр қазақстандық өз үлесін қосуғаміндетті. Әсіресе, БҰҰ-ның Қазақстандық үлгісі аталып жүрген Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзін көрсететін кез келді. Осылайша Елбасы бастамасын Қазақстандық Ассамблеямыз жалғастырып, Президентіміз айтқандай, “Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы” екенін іспен дәлелдейді деген сенімдеміз. Өз тарапынан, "Ақ жол" партиясы өзінің саяси бағдарламасында да баса назар аударғандай, Мемлекеттік тіліміздің дамуына Елбасымызбен бірге еліміздің әрбір азаматын жеке үлесін қосуға шақырады.Құрметпен, «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары
qazaquni.kz