Қасым-Жомарт Тоқаев: Ащы да болса, ақиқат артық
2020 ж. 17 шілде
1697
0
Екі айлық қатаң карантиннен соңғы сәл босаңсу індеттің қайта өршігенін көрсетті. Сондықтан адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында тағы бір айға карантин ұзартылды.
Дәрханаларда осы індетке қарсы қолданатын дәрі-дәрмектердің болмауы, оның бағасының бірнеше есе қымбаттауы тұрғындардың наразылығын тудырғаны белгілі. Сонымен бірге көпшілік елді жайлаған індет туралы ақпараттың ала-құла екенін айтып, үкіметке реніш білдіріп жатқаны да жасырын емес. Әлеуметтік желідегі халықтың ой-пікіріне үнемі құлақ түріп отыратын мемлекет басшысы бұл сұраққа байланысты Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттеді. «Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр. Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
qazaquni.kz