КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР ҚАЙ ЖЕРДЕ ЕКЕНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

4535
0
Бөлісу:

Енді коронавирус жұқтырғандар және олармен байланыста болған адамдардың қай жерде орналасқанын білуге болады, – деп хабарлайды baq.kz.

ЕGov-та коронавирустың қауіпті аймақтарының картасы пайда болды. Ондағы қызыл белгішелер – коронавируспен науқас адамдардың стационарда орналасқан жерлерін көрсетеді, көгілдір белгішелер – коронавируспен науқас адамдармен байланыста болған адамдардың тіркелген жері, олар стационарлы немесе үй карантинінде болуы мүмкін.

24 наурыз сағат 09:00 бойынша елімізде жалпы 66 жағдай тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу