6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

3498
0
Бөлісу:

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысында 13 қаңтарда таңертең және күндіз кей жерлерде тұман түсіп, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метр болады.  Синоптиктер 13 қаңтарда Оралда күндіз боран, батыстан жел соғады деп болжап отыр. Екпіні секундына 18 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

Қостанай облысында және Қостанай қаласында тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады.

Қызылорда облысында, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу