Баспана алу үшін зейнетақы жинағынан қаражат беру бір айда шешіледі

4424
4
Бөлісу:

Қазақстандықтарға баспана алу үшін зейнетақы жинағынан қаражат беру мәселесі алдағы бір ай ішінде шешілуі тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізде болса, Президент Жолдауында зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды тапсырған еді. Және көп уақыт өтпей ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын пайдалана алатындардың есебін шығарған болатын. Олар еліміздегі 20 мен 63 жас аралығындағы 9000-нан астам ер азамат және 2000-дай әйел адам ғана тұрғын үй немесе білім алу үшін зейнетақы қорындағы қаржысын пайдалана алады деп ақпарат таратқан. Ведомство жүргізген есептеулер бойынша, зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін 20 жастағы жігіттің шотында 6 миллион теңгеден астам ақша болуы тиіс. Ал, Қазақстанда мұндай салымы бар, бірде-бір азамат жоқтығы айтылған еді. Нәтижесінде, «Қоғамда баспана алу үшін деп берілген мүмкіндіктің қызығын бай-бағландар ғана көре ме?» деген сұрақ туындаған еді. Аталған ведомство басшысы бүгін бұл бар болғаны талдап-таразылау жұмыстары деп ақталды.

«Бұл жерде көптеген ұсыныстарды қарап жатырмыз. Біздің жоспарымыз бойынша алдағы желтоқсан айында біз бір ұстанымға келіп, сол жұмыс топтың тарапынан Президентке ұсыныс жасауымыз керек. Әлі бірыңғай шешімге келген жоқпыз. Біздің елімізде 10 миллионға жуық зейнетақы қорындағы есеп шоттарымызда. Салымшылардың саны да 10 миллион деуге болады. Және жиналғаны 10 триллион теңге. Оның салымшылардың 70 пайызы жинағаны 1 миллион теңгеге дейін», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Гульшат 2 Желтоқсан, 2019 02:19 Жауап

    Жақсы, мысалы мен зейнетақы қорына 1 млн теңге жинадым соның 30 пайызы 300 000 теңге болады екен. Егер мен сол сумманы алып жилстройдағы үй алуға жетпей тұрған 20 пайыздық үлесіме қоссам әжептеуір комек болып, жетпей тұрған суммаға жетіп қалар еді. Осы тұрғыдан қарастырыңыздаршы. Менің жасым 48 де менің пенсияға шығуыма әлі 15 жыл бар ғой. Ол уақытқа дейін мен өзіме тағыда қор жинап үлгерем деген үміттемін Алла бұйыртса

  2. Айжан 13 Қаңтар, 2020 11:56 Жауап

    Менің жасым білесізбе келесі жылы алпысқа толамын. Қырық жыл мұғалім болып жұмыс істедім. Әлі үйім жоқ.Қолымда 13 жаста қызым бар.Үй алуға ақша жинай алмадым,өйткені тапқаның тамағыңа әрең жетеді. БЖЗҚ -да жинаған салымдарым бар соған сеніп отыр едім басын таудай қыладыда аяғын қылдай қылады. Ешкімге сене алмаймын. Неге оны бізге бермейді. Ол біздің жинаған салымымыз ғой. Менің заңды ақшам ғой, ол 10 миллион жинайтындай қай жерде бар екен ондай жұмыс. Енді енді заман түзеліп оның өзін әрең жинағанбыз.Беріңдер ақшамызды.

  3. Лейла 13 Қаңтар, 2020 12:04 Жауап

    Біз мектепте жұмыс істегенмен алатын сағатымыздың өзін жалынып жалпайып әрең алатынбыз оның өзін тамыр танысына беріп басымызға тартсақ аяғымызға жетпейді. аяғыма тартсам басыма жетпейтін заман болған нағыз Қараш-Қараштағы Бақтығұл болатынмын. Осы замандағы әділетсіздіктерден шаршадық ата-бабасынан мұраға қалғансып кейбіреулері сағат бермей содан тышқаншылап жинаған ақшамыз ғой ол сол жиырма жылдың ішінде екі миллионды әрең жинап едік енді қызымның өмірін ойлаймын мен сияқты өмір кешіп жүрмесін деп байлар баииды кедейлер қамытын сүйретіп күн кешеміз жалғаз пенсия неге жетеді деп ойлайсың.

Гульшат үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау