Алдағы үш жыл ішінде 9 мың пәтер жастарға жалға беріледі – Дәурен Абаев

194
0
Бөлісу:

Алматы қаласында жастарға жалға берілетін пәтерлерге 200-ден астам өтініш түскен. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мәжілісте өткен үкімет сағатында мәлімдеді, – деп хабарлайды 24.kz.

«2019 жылы 3 мың пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға беріледі. Болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды, ал тұрғын үй алаңы кемінде 40 шаршы метр. Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерге құжаттар қабылдау бүгін басталды. Алматы қаласы бойынша 200-ден астам өтінім түсті», – деді Дәурен Абаев.

Алдағы үш жыл ішінде осындай 9 мың пәтер берілетінін атап өтті.

«Бұл жүзеге асырылып жатқан шараларға қарап, жастарымыз баспана алу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентке жаппай көшуі керек деп түсінбеу керек. Сондықтан бұл пәтерді алу шартының бірі – сол қалада 2 жыл тұрақты тұруы керек», – деді министр.

Сонымен бірге жастарға жалға берілетін баспананы еліміздің басқа да өңірлерінде 2022 жылдан бастап салу мәселесін қозғады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

19 − бес =