Қазақстан азаматы Ресейде шенеунік әйелге шабуыл жасады деп айыпталды

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы басшысы Элла Памфиловаға шабуыл жасады деген Бақыт Қарабалаев Қазақстан тумасы екенін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, - деп жазды sputniknews.kz.

Жұма, 6 қыркүйекке қараған түні Элла Памфилованың Мәскеу түбіндегі үйіне тонаушы басып кірген. Ер адам әйелді бірнеше рет электрошокермен соғады. Жәбірленуші қарақшыға қарсылық көрсете алмаса керек.

"Соттан кейін Қарабалаевпен Қазақстан консулы кездесті. Ол ешқандай шағымы жоқ және аудармашының керек емес екенін жеткізді. Адвокаттың қызметімен қамтамасыз етілген", -деп атап өтті Смадияров.