БИЛІКТІҢ ХАЛЫҚҚА БЕТ БҰРА БАСТАҒАНЫН АШЫҚ АЙТУҒА ТИІСПІЗ

2599
3
Бөлісу:

Қоғам белсендісі Уайс Ерсайынұлы өзінің Фейсбук парақшасында Ұлттық Кеңестің алғашқы отырысы ел көңілінен шыққанын жеткізді.

«Ұлттық Сенім Кеңесінің алғашқы отырысын қарап шықтым. Ұнаған баяндамалар: Мұхтар Тайжан (жер мәселесі), Aidos Sarym(саяси реформа), Қазыбек Иса (мемлекеттік тіл мәселесі), Жәнібек Қожық (Қытай мәселесі, гастарбайтерлер, жұмыссыздық)  мырзалардың сөздері болды»-деп жазды.

Мұхтар  «жер сатылмасын, шетелдіктерге жалға да берілмесін» деген халық талабын  бүгін Президенттің алдында айтып және мақұлдатқаныңызға қатты ризамын.

Айдос, сізге де қаншама «тайғанақ, биліктің адамы, сатқын» деген сияқты сын мен мін айтылды. Әйтсе де бүгін мен күткен үдеден асып кеттіңіз. Сізден көп күтпегем. Бізге керегі – жүйенің өзгеруі, ал ол Сіз айтқан бес заңды өзгертуден не тұтас қайта жазып шығудан басталатынын нақты айттыңыз.

Жәнібек аға, Ел үміті, арзу-арманы – жұмыссыздық үлкен мінберде қозғау арқылы Биліктің ондаған жыл бойы «жұмыссыздықпен күресінің» нәтижесі бос сөз екенін көрсеттіңіз. Алла абыройдан айырмасын! 

Қазыбек аға! Тіл болмаса, біз кімбіз? Ең күрделі мәселе – мемлекеттік тілдің дамуына тежеу болған 7 баптың 2 тармағын алып тастау үшін жұмыстанғаныңыз болашақ үшін күресіңіз – бұған тек алғыс қана айтамын! Тек аяғына дейін апарыңыз. Ұрпағыңызбен мың жасаңыз! 

Бұл азаматтарға алғыс айтамын. Кім не десе о десін, халық мәселесі жоғары билік алдына төтесінен қойылды. Әрі халық атынан сөйлеген азаматтардың интеллектуалдық деңгейін Тоқаевтың өзі мойындауы да бір мәртебе. Сіздерге өте-мөте ризамын. 

У. Ерсайынұлы

Уайс Ерсайынұлы көңілі толмаған баяндамаларды да сынай кетіпті.

«Ұнамағаны – Саясат Нұрбек пен Асылбек Қожахметовтің сөздері. Ермек Тұрсыновқа да көңілім толмай қалды.  Мылжың, мәнсіз психологиялық тренингке ұқсаған пәлсапаға толы  баяндамалар бізге қажет емес. Нақты ұсыныс пен тиісінше орындалуы –  біздің күтетініміз»-дейді.

Уайс Ерсайынұлы сөзінің қорытындысында биліктің халыққа бет бұра бастағанын атап өтті.

«Ең өзекті тақырып – аралас принципті сайлау жүйесіне көшу, кей баптарға декриминализация,  митингілерге рұқсат беру сияқты көп жылдар бойы билік»ұмытып кеткен» тақырыптар жоғары мінберде айтылды. Айтылып қана қоймай, Президент Қ. Тоқаевтың «Тез арада орындауымыз керек» дегенін прогресс ретінде оптимистік көңіл-күймен дұрыс бағалаймын.

Қазіргі Қазақстанның реалиясында осының өзі көңіл қуантады. Шындығында билік енді-енді ғана халыққа бет бұрып келе жатқанын ашық айтуымыз керек. Бұл – тоқмейілсу емес, жағдайды анық бағалау. Тарамаймыз,  нәтижесін күтеміз.»-деп түйіндеді ол сөзін.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Лəззат 8 Қыркүйек, 2019 16:54 Жауап

    Ия бізгеде ұнағаны осылар ең негізгі мəселелер жер, тіл туралы. Енді Президентіміз ақ батасын берсе екен деп отырмыз халық баяғыдан күтіп жүр.

  2. отан 10 Қыркүйек, 2019 19:22 Жауап

    тоқаев іс тындыру үшін өзі шешім қабылдай алатын болу керек , бұл гөйің ұры шалдың аузын бағып жүр қайдағы өзгеріс. бұндай қитұрқы ойын ұрының ең жақсы көретін тәсілі 30-жыл көріп келесің сонда да тұлыпқа мөңіреген сыйырдың күйін кешкен не қылған мақаусың.

Пікір немесе жауап жазу

20 − бір =