Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды

1663
0
Бөлісу:

Екатеринбург полицейлері қызметтік көлікте әйел зорлады деген күдікке ілінді. Олар ұсталған, деп хабарлады Ресейдің тергеу комитетінің өңірлік басқармасы.

«Қылмыс 2019 жылдың 18 тамызында түнде жасалған. Полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Алдын ала дерек бойынша, бұдан бұрын ресейлік БАҚ хабарлағандай, қазақстандық қызды күдіктілер ұстап, полиция көлігіне отырғызады, – деп жазды sputniknews.kz.

Қызметтік көлікте полицейлер «қасақана және алдын ала сыбайласып, қоқан-лоққы көрсетіп және жәбірленушінің бас бостандығын шектеп, қызды зорлаған және басқа да әрекеттерге барған».

Зорлады деген күдікке ілінген полицейлерді Свердлов облысы бойынша ІІМ бас басқармасының жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстаған. Тергеушілер бұлтартпау шарасы ретінде соттан үш күдіктіні қамауға алуды сұрап отыр.

Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ басқармасына осы қылмысқа қатысты ақпарат беруді өтініп, жазбаша сауал жолдады, деп хабарлады Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

«Консулдықтан зардап шегушінің өзі көмек сұрамаған. Сол себепті Қазақстан азаматы ма, жоқ па, әлі нақты растай алмай отырмыз», – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Ресейдің ІІМ-нің ресми өкілі Ирина Волк хабарлағандай, Ресейдің ІІМ бас жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері полицейлердің қызды зорлауы туралы деректі тексеру үшін Свердлов облысына жіберілді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

2 × төрт =