Досай Кенжетай: Мектепке үш тұғыр емес, бір ғана ұстын керек. Ол қазақ тілі!

4761
8
Бөлісу:

Біз қашан өз ұлттық болмысымыздың болашағына қатысты ыстық ақылмен шешім қабылдар екенбіз? Ұлт үшін мемлекет, еркіндік деген ұғымдардың мәні не? Рухани жаңғыру не үшін шарт? Ұлт, мәдениет, өркениет, дін, мемлекет, адам сияқты институттарды қалай тұтас ұғынамыз? Мен осы тұрғыдан бүгінгі биліктің үш тұғырлы тіл деген саясатын құптамаймын. Білім беру бұл өте қауіпті әрі өте нәзік саяси мәселе. Бүгінгі білім беру процесі ертең қандай құбылыс туғызады? Мен соны сезіп отырмын… Мектеп 50/30/20 пайыздық тіл қатынасымен білім беруді иектеп отыр. Ағылшын-орыс-қазақ тілдері…ретінде насихатталып келеді. Керек десеңіз Сағадиев осы процесті жылдамдату мақсатында мұғалімдерді топтап өтірік кесте жасап, ағылшынша оқытып, босқа қыруар ақша желге кетті. Мен ақшаның желге ұшқанына емес, мына егемен елдің болашағы деген ойдың құнсызданғанына қарным ашады. Білім берудегі осы ұран ертең ұлттық болмыстың өлуіне апарып соғады. Неге менің тілім білім, ғылым, техника тілі болмау керек. Неге мен әлемді өз ана тілімде танып білмеуім керек. Сонда не математика қазаққа жат па? Жоқ әлде қазақ физиканы ағылшын тілінде оқыса ғана дами ма? Неге қазақ философия, психологияны ағылшынша не орыс тілінде оқу керек? Неге әлем тарихы мен мәдениетін әдебиетін орыс тілінде оқуымыз керек? Рас кеше кеңестік отар кезінде амал жоқ орыс тілі біз үшін «әлемге ашылған терезе» болды. Бүгін егемен ел ретінде өз тереземізді неге өзіміз әлемге өз тілімізде аша алмаймыз? Тіл ең негізгі рухани болмыстық қабат. Осы тіл арқылы болмыс сақталады. Қысқасы біз осымыз дейміз бірақ басқамыз. Өткенде президент Қасым Жомарт Кемелұлы » Біздің өз әлеміміз бар» деп қуантып еді. Бұл сөзбен ғана емес іспен нығарлайтын мәселе. Ал бізде сөз басқа іс басқа! Мектеп егемен елдің, ұлт болмысының кепілі. Оған үш тұғыр емес, бір ғана ұстын керек. Ол қазақ тілі!

Досай Кенжетай,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 8 пікір жазылған

  1. ТІЛЕУХАН.Б 31 Шілде, 2019 18:00 Жауап

    Қазақ тілінен басқа.тілдер мектеп жүйесінде таңдау тәсілімен факультатив ретінде оқылғаны дұрыс!! Қазақ болмысы тілі мен дінінен ажырамасын!!

  2. ТІЛЕУХАН.Б 31 Шілде, 2019 18:00 Жауап

    Қазақ тілінен басқа.тілдер мектеп жүйесінде таңдау тәсілімен факультатив ретінде оқылғаны дұрыс!! Қазақ болмысы тілі мен дінінен ажырамасын!!

  3. ТІЛЕУХАН.Б 31 Шілде, 2019 18:00 Жауап

    Қазақ тілінен басқа.тілдер мектеп жүйесінде таңдау тәсілімен факультатив ретінде оқылғаны дұрыс!! Қазақ болмысы тілі мен дінінен ажырамасын!!

  4. ТІЛЕУХАН.Б 31 Шілде, 2019 18:00 Жауап

    Қазақ тілінен басқа.тілдер мектеп жүйесінде таңдау тәсілімен факультатив ретінде оқылғаны дұрыс!! Қазақ болмысы тілі мен дінінен ажырамасын!!

  5. ТІЛЕУХАН.Б 31 Шілде, 2019 18:00 Жауап

    Қазақ тілінен басқа.тілдер мектеп жүйесінде таңдау тәсілімен факультатив ретінде оқылғаны дұрыс!! Қазақ болмысы тілі мен дінінен ажырамасын!!

  6. Қолқоюсыз 10 Тамыз, 2019 03:39 Жауап

    Біз Қазақ деген ұлтпыз барлық нәрсе Қазақ тілінде қазақша болғанын қалаймын.Мен Кенжетай Досайды құптаймын.Өте тамаша айтқан.Әр бұтаның басын бір шалмаған дұрыс.9 айлық білімін толықтыруға мұғалімдерді оқытып жатыр ағылшынша ол мұғалімдер 9айда ағылшынша сайрап кетеді дегенге сенгім келмейді.Иняз ды 4жыл оқушы еді 9 ай ол көз бояушылық ақшаны бей берекет шашу деген сөз.Біз оянуымыз керек басымыздв көтере жығылуымызкерек.Біздер бір түрлі қытайлардвң тятяиінде болып барамызба қалай ағылшын қытай тілдерін мектеп программасынан алып тастау керек деп ойлаймын.Біз мектепте оқығанда шет тілі пәні аптасына екі сағат болатын сондайету керек.Адаспайықшы мен Қасым Жомарт Кемел ұлына сенемін ұлттвқ тіл Қазақ тілінде доеументация жүргізілуін талап етеді деп.Өз ана тілімізде оқып өз анатілімізде сөйлеуіміз кнрек тиістіміз.Себебі біз Егеменді елміз.Шет тілін факультативті сабақ ретінде жүргізседе ұтылмаймыз.

  7. Бақытбек 15 Тамыз, 2019 10:07 Жауап

    Мемлекеттік бала-бақшалар міндетті түрде мемлекеттік тілде ғана болу керек. Осыдан бастау керек. Мектекпте шет тілдерді 5-ші кластан,яғни, бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ғана кіргізу қажет деп ойлаймын. Сонда ғана ана тіліміз мемлекеттік тіл тұғырына қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде шыға алады. Тілмен бірге ұлттық мәдениетімізді, өркениетті салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды саралап, жүйелі түрде пәнге қосып, оқытуымыз қажет.

Пікір немесе жауап жазу

жиырма − 4 =