Павлодар облысында үш ауылдың атауы қазақшаланады

1449
0
Бөлісу:

Павлодар облысындағы ауылдардың атауы өзгереді. Облыс әкімі Болат Бақауовтың тиісті қаулысы электронды үкімет сайтында жарияланды, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Құжатқа сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округке қарасты Путь Ильича ауылының атауы Еңбек болып өзгертіледі. Ал Саты ауылдық округінің Қызыл-Октябрь кенті Абай ауылы деп аталатын болады.

Павлодар ауданының Красноармейка ауылы Кемеңгер атауын алса, тиісінше Красноармейский ауылдық округі де Кемеңгер болып қазақшаланады.

Хабарланғандай, елді мекендердің жаңа атаулары жергілікті тұрғындармен келісілген.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу