Қазақстанда -42 градусқа дейін аяз болады

28 қаңтар мен 29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Павлодар мен Қарағанды облысында -30-35 градусқа дейін аяз болады. Кей жерлерде термометр бағаны -38 градусқа дейін төмендейді, - деп жазды stan.kz.

Қостанай облысында температура көрсеткіші -27, -32 градусқа дейін түседі. Кей жерлерде бұл көрсеткіш -35 градус болады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында да -28, – 33 грдусқа дейін түседі. Кей жерде -37, -42 гардус болады.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаумайды, бірақ тұман түседі, жел соғады.

Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облысы мен Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.