Қазақстанда 1 қаңтардан бастап шоттағы ақша үшін бонус берілмейді

1421
1
Бөлісу:

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шоттағы сақталған ақша үшін сыйақы төлеуге тыйым салынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұндай түзетулер 2018 жылдың 2 шілдесіндегі заңмен енгізілді. Азаматтық кодекстің 751-бабында былай делінген: «Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді».

Қазақстанда депозиттер жүйесі өзгертілген болатын. 1 қазаннан бастап салымшылар үшін салымның үш түрі қолжетімді болды: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар. Жинақ салымы бойынша үш айға арналған сыйақы мөлшерлемесі 12%, ал 24 айдан аса салым бойынша – 13,5%.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Зейнолла Абажан 24 Желтоқсан, 2018 14:38 Жауап

    Банктің тойымсыздығында шек жоқ. Үстеме төлемесе банкіге кім ақша салады? Олар банктегі ақшаны айналдырып пайда тауып отырған жоқ па? Әйтеуір халықты тонаудың амалы ғой….

Пікір немесе жауап жазу