Енді дәрігердің қабылдауына Telegram арқылы жазылуға болады-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Енді дәрігердің қабылдауына Telegram арқылы жазылуға болады

Енді дәрігердің қабылдауына Telegram арқылы жазылуға болады. ЕGov.kz порталы Telegram-бот арқылы жаңа үш қызметті ұсынады, деп мәлімдеді «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ баспасөз қызметі.

«Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің @EgovKzBot Telegram-боты арқылы үш қызметтің іске қосылатыны туралы мәлімдейді. Енді бот арқылы азаматтар емханаға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу және үйге дәрігер шақыру мүмкіндігіне ие», – делінген хабарламада.

Қызметтерге қол жеткізу үшін «Мобильдік азаматтар базасына» тіркелу, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетке телефон нөміріңізді жазу қажет. Сосын өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қоссаңыз жетіп жатыр. Одан әрі алдын ала белгіленген командаларды жіберу және SMS-кодпен растау арқылы анықтамаларды және сервистер туралы ақпарат сұрауға, оларды пайдаланушының электронды поштасына жіберуге болады.

Қазіргі кезде Telegram-ботқа 8218 адам тіркелген, олар бот іске қосылғалы 8517 сауал жолдап үлгерген.

Дереккөз: ktk.kz 




Осыған ұқсас:

  1. Еліміздегі емханаларда тұрғындардың медициналық картасы болмайды
  2. Денсаулық сақтау министрі түн ішінде емхананы тексеріп, дәрігерлерді әшкереледі
  3. Кәсіпкер өз қаражатына ауылда емхана салды
  4. Ашынған ана министрге денсаулық сақтау саласындағы бар былықты жайып салды
  5. Астанадағы емханалардың бірінде медқызметкер мен ер адамның жанжалы видеоға түсірілді

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.