12 жастағы қызды зорламақ болған азғынның әрекеті камераға түсті (видео)-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



12 жастағы қызды зорламақ болған азғынның әрекеті камераға түсті (видео)

Павлодар облысында 12 жасар қызға азғындық жасамақ болған ер адам құрықталды. 39 жастағы күдікті оқушыны лифт ішінде зорлауға әрекеттенген, деп жазады Qamshy.kzақпарат агенттігі ktk.kz-тің мәліметіне сүйеніп.

Оқиға тапа-тал түсте Екібастұз шаһарындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған мына кадрларда мектептен қайтып келе жатқан оқушы қыздың дүкенге кіргені байқалады. Жеткіншекті аңдыған күдікті де осында тайраңдап жүр. Кейін үйіне қарай бет алған оқушының соңынан подъезге бірге еріп кірген. Ақыры лифт ішінде қызды шешіндіруге әрекеттеніпті. Есік ашылған сәтте қашып құтылған жеткіншек мұны бірден анасына айтып берген екен. Күдікті болса, оқиға орнынан дереу ізін суытқан. Десе де, полицейлер көп ұзамай 39 жастағы екібастұздықты қолға түсірді.

Баян Мағзұмова, Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы:

-Кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекет жасауға оқталған деген күдікпен 39 жасар ер адам анықталып ұсталынды. Қазіргі кезде осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сот сараптамалары тағайындалды. Ал күдікті уақытша қамау изоляторға қамауға алынды.




Осыған ұқсас:

  1. Елбасы Жарлығымен Павлодардың екі ауданы қазақшаланды
  2. Қазақ тілінде қызмет көрсетпеген кондукторлар жауапқа тартылды
  3. Нұрсұлтан Назарбаев:  «Болат Бақауов … Бұл масқара! Ол суреттерді ешкімге көрсетпе! Сұмдық!»
  4. Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге құлатты
  5. Павлодарда қоқыс жәшігінен ардагерлердің 15 медалі табылды
  6. Павлодардағы мектеп асханалары оқушыларға бұзылған тамақ беріп келген

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.