ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІҢІЗДІ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫҢЫЗ, министр мырза!
2018 ж. 11 сәуір
16551
84
Білім және ғылым министрлігінің Бюджетті жоспарлау департаменті директорының орынбасары Жанар Рахметова деген біреу қазақ мұғалімінің сұрақ-сөзіне: «Я не говорю по казахский. У нас трехьязычие, если что...» – депті...
Қатты ашуланып отырмын… Егер қазақтың намысын таптағасы келіп, жарты ауыз сөз айтқан адамға кездессем… (арғы жағын айтсам… статья…) Қайдам… Осы қазақ бауырларымның намысы қайда кеткен?!. Жігіттер! Анамыздың тілі мен ұлтымыздың намысын қорлатып (зорлатып…) қашанғы жүре береміз?.. …Ерлан Сағадиев басқарған Білім және ғылым министрлігінің Бюджетті жоспарлау департаменті директорының орынбасары Жанар Рахметова деген біреу қазақ мұғалімінің сұрақ-сөзіне: «Я не говорю по казахский. У нас трехьязычие, если что…» – депті… Кеше ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үкімет пен парламент ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУІ КЕРЕК» -деп тапсырмасын Білім министрлігі, департамент директорының орынбасары Жанар Рахметова тыңдағысы келмей, Президент тапсырмасына ашық қарсылық танытып отыр ма, министр Ерлан Сағадиев мырза?!. Әлде, өткенде ақын Қазыбек Иса Елбасы айтқан «-…ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУІ КЕРЕК»-деген сөздің, «өзге тілдерде сөйлеуге болмайды» деген сөз екенін министрлер мен депутаттарға түсіндіріп, тегін дәріс бергендей, біз де енді Үкіметтің біраз министрлігіне дәріс оқиық барып…Білім және ғылым министрлігінің Бюджетті жоспарлау департаменті директорының орынбасары Жанар Рахметоваға қолданылатын жаза біреу-ақ:
1.Қызметінен босату.
2.Өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу.
3.Үлкен көлем, жоғары сомада айыппұл салу (Қолданыстағы заңдарға сәйкес) (Мысалы, 90 (тоқсан) млн теңге шамасында…)
4.Қазақ халқынан арнайы (ашық түрде) кешірім сұрату.
Біз Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен бір аптаның ішінде бір жауабын күтеміз!
Егер дәп осыны жасасақ, ертең бірде-бір адам қазақ тіліне қарсы жарты ауыз сөз айта алмайды. Өйткені, нәпақадан айырылу, лауазымнан ажырау, болашаққа үмітті жоғалту, қыруар қаржы айыппұл төлеу, ақырында, «екі елі ауызына – бес елі қақпақ» қоя алмай, жұрт алдында масқарашылықпен кешірім сұрау – кез келгеннің «сайтанын» қағып алады! …Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыдағы дүкендердің бірінде сол кезеңде сырқатты болып жүрген Әсел Назарбаева қарындасымызды жазықсыз соққыға жыққан, қазақ жерінде туып, суын ішсе де, шошқаханасына қарай қорқылдаған қазіргі орыс елінің азаматы Диана Перегуда дейтінге де қолдану керек. «Спортсменка»-сымаққа қарсы заңның ең қатал баптарын қолданып, аса ауықымды айыппұлдар салып, қазақша айтқанда «тыржалаңаштап», дүние-мүлкін тәркілеу керек те, Самараға қарай бір сасық сайға қуып жіберу керек! Бұл – бұзақылық емес! Қатардағы қылмыс емес. Бұл – мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп төндіру. Ұлттардың арасына от тастау. Тіпті, ұлтаралық соғысқа шақыру. Бұл – экстремизм мен терроризмге қарай жасалған алғашқы қадам. Ешқандай өрт – бірден лаулап жанбайды, ол алдымен, шырпымен тұтанады. Бәлкім, бұл қатынның артында белгілі қылмыстық топтар, орыстың арнайы қызметттері, тіпті, мемлекеттік жоғарғы құрылымы тұрған шығар?!. (Іске Ресейдің Бас Консулының өзі араласқанына қарағанда…) Қазақтың құқық қорғау құрылымдары осыны анықтасын. Бес-алты журналист, оншақты қолдаушы қатысып, бұл мәселені ұлты басқа судьяға жұмсақ шештіріп, ұмыта салуға болмайды. Ең алдымен, сотты қазақ тілінде жүргізуді талап ету керек! Мейлі, ұлты басқа адам болса да, қазақ тілін таза меңгерген маман болсын. Сонда көреміз «қандай тілдің түсініксіз» екенін… Білікті заңгер, қоғам белсендісі Абзал Құспан, әлбетте, бәрімізді сабырға шақырып отыр. Бірақ, әлем халқы түңілген бұл ел – заңның не екенін әлі танып-білген жоқ! Абзал бауырым, жатқа сеніп, опық жеген Әбілқайыр хан мен Махамбет батырдың (басқаларын айтпағанда…) тағдырын есінен шығармасын! Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, «Қазақ үні» газеті. qazaquni.kz