ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН ЕЛЕҢ ҚЫЛМАҒАНДАР КІМДЕР?

Бөлісу:
 

ӘКІМ МЫРЗАЛИН МЕН МИНИСТР САҒАДИЕВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫН КЕРЕК ҚЫЛМАДЫ!..

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын үкімет мүшелері алғашқы күннен бастап орындады. Әдетте бір-екі сөзін қазақ тілінде бастап, одан әрі орысша судырата жөнелетін министрлер бүгін баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасады. Десек те үйреншікті әдетіне басып, сөз арасында орысша сөйлеп қойған шенеуніктер де болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Үкіметтің бүгінгі отырысында үш мәселе қаралды: инвестиция тарту мәселелері, орта білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұнға көшу, Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы.

Алғаш болып инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек сөз алды. Министр инвестиция тартуға қатысты баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде жасады. Одан кейін мінберге шыққан энергетика министрі Қанат Бозымбаев та президенттің сөзін жерге тастамайтынын көрсетті. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев, «Бәйтерек» холдингі, «Қазақинвест» компаниясының басшылары да қазақ тілінде сөйледі.

Кезек өңірлерге келгенде, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин таза қазақ тілінде өтіп келе жатқан отырыстың «шырқын бұзды». Басын қазақ тілінде бастап, кейін орысша сайрай кетті. Бәлкім президенттің кешегі айтқан сөзі депутаттар мен министрлерге ғана қатысты деді ме екен, жоқ әлде есінен шығарды ма, кім білсін?!

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге қатысты баяндама жасаған білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те Елбасының тапсырмасын орындамады. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген осы болар, министр мырза ара-тұра орысша сөйлеп қойды. 

Бір қызығы, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл жолы спикерлерге сұрақ қойған жоқ, тек қорытынды жасап, тиісті тапсырма берді. Әлде қарамағындағы қызметкерлерін ұятқа қалдырғысы келмеді ме, кім білсін?!

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 24 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 27 Ақпан, 2018 15:28 Жауап

    ҚҰРМЕТТІ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫН БАРЛЫҒЫ ҚҰРМЕТТЕУ КЕРЕК,ЖӘНЕ ӘРБІР МИНИСТР.

  2. Руза 27 Ақпан, 2018 15:35 Жауап

    Сағадиев алынып тасталған 4 пәнге қазақ тілін қайтарсын! ЖОО Қазақстанның ежелгі тарихын қайтарсын! Енді қазақстан географиясы пәнін жоюға кірісті, қолын тартсын! Балабақшадан бастап, сәбилерді кім екенін білдірмей, (4 жасқа дейін, бала көп ғалымдардың зерттеуі бойынша адам болып қалыптасады) 3 тілді қойыртпақ тоқталсын. Сәбилер сол үшін қай әріп қай тілден екенін ұға алмай, үнемі стресте болатыны, шапалақ та жейтін обалына кей ата-алналардан, кім жауап береді?! кім сіздердің миларыңызға құйды, заманауи технология тек ағылшын тілімен байланысты, ми қабілетімен емес, экономикалық прогреспен емес деп? Жапония, басқа да көп батыс елдері қай тілінде өмір сүреді? Үндістан, т.б. ағылшын тілінде сөйлейтін, құлдық санада қалып қалған мемлекеттердің көркейіп кетуін көрсетіңіздерші? Тілді білу керек, бірақ, керек емес пәндерді алып тастап, солардың есебінен көбірек беріңіздер, және 2 бағытта, техн. және гуманитарлық! Басқа да орысшаларға масқара!

  3. көше баласы 27 Ақпан, 2018 15:43 Жауап

    Сағадиев пысқырыпта қарамайды заңға және ҚАЗАҚ деген ұлтқа себебі оның тіреуі орысқұлды ҚАЗАҚТАР ол оны жақсы біледі егер ҚАЗАҚ елі сағадиевтен талап етіп онынан кетіун талап етсе орысқұлды билікте отырған ҚАЗАҚтың өзіне-өзін айдап салып бұйрық деп атырып салады сол қшын сағадиев дегендер тобыр халық пенен оинап қолыңнан не келеді деп отыр

  4. Қолқоюсыз 27 Ақпан, 2018 16:31 Жауап

    Онда несiне отыр,ата занды тындамаса,президентке багынбаса,
    бул бip кудайдын еркесi ме едi.
    Соншама баска шыгатындай,Казахстанга,казахтарга несi
    отiп кетiп едi.

  5. адам 27 Ақпан, 2018 17:44 Жауап

    осы ағылшындар бәле болдығои ерлан асығыс жасап жатырмындеп оиламаисыңба әлде сіздің мақсатыңыз қазақтілін мүлде меснби құртума

  6. ТАЛАП! 27 Ақпан, 2018 18:15 Жауап

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ТАЛАП КҮШЕЙСЕ БҰЛБҰЛДА ҚАЗАҚША САЙРАЙДЫ.МЫНАЛАРҒА СІЛТЕП ҚОЙЫП ОТЫРСАҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕШҚАШАН ӨРКЕНІ ӨСПЕЙДІ.

  7. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 27 Ақпан, 2018 18:35 Жауап

    ҚАЗАҚ БІЛІМ МИНИСТРІ АНА ТІЛІН БІЛМЕЙ МЕ, ӘЛДЕ ОЛ ҚАЗАҚ ПРЕЗИДЕНТІНЕ БАҒЫНБАЙ МА, ОСЫНЫ ТҮСІНДІРЕТІН КІМ БАР ЕКЕН, ҚАРАП, ТЫҢДАП, КҮТІП ОТЫРҒАН ҚАЛЫҢ ЕЛ МЕН ЖҰРТПЕН САНАСПАЙТЫНДАР СОНДА КІМГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮР, ХАЛЫҚТАН БИІК, АРТЫҚ БАСҚА КІМДЕРІ БАР ЕКЕН?

    • ОСЫРАҚ 1 Наурыз, 2018 12:55 Жауап

      Мені достарым да үй ішім де «ОСЫРАҚ» деп атайды, содан есімім ОСЫРАҚ болып кетти.

  8. Saule Meshitbaeva 27 Ақпан, 2018 19:21 Жауап

    «Кәпір болу бір пәсте, мұсылман болу әсте,әсте,,,»))))) Бастамасы ғой осы сәтті қаншама жылдар күттік, рас болса.. Шүкір шүкір ағайын…! Біреуі менің ойымша деп шықпаса болды, әліптің артын бағайық…)))))))

    • Қолқоюсыз 27 Ақпан, 2018 20:47 Жауап

      -деп,ауыз жиганша,тек кана деп айткан жок дейдi гой ана мiнicтip.
      менiн ойымша деп,президенттiн созiн,кырык кici бip жак, кыныр кici бip жак болып, кiм калай естiдi.

  9. Құрманғазы Рахметов 27 Ақпан, 2018 19:22 Жауап

    Бұларға қазақтың тілі ащы, наны тәтті болып көрінген болар?!…
    Иттің ғана балалары, өз обалдары өздеріне.

    • мәди 27 Ақпан, 2018 20:21 Жауап

      бұларда бет бар деисіңбе , өзің айтқандай ҚАЗАҚТЫҢ наны жеп бетер бұлік етпеи , отыра береді бұларда ар намыс АТА-БАБАСЫНДА ақша үшін сатып жібереді тілін сатып жұргендер

  10. Ш.З.Д. 28 Ақпан, 2018 09:49 Жауап

    КӨТІБАР мен ОСЫРАҚ, сендерге емес, сендердің Ата-аналарыңды қатты аяп отырмын. Іңгәләп сендер өмірге келгенде, Аналарың мен Әкелерің естері шыға қуанып, азан шақырып, сендерге ұлкен арманмен әдемі бір есімді қойды ғой. Ал сендер соның бәріне түкіріп, Ата-аналарыңның балам адам болса деген арманын аяқасты, есімдеріңді итрәсуә етіп отырсыңдар. Өздеріңді өздерің мазақ етіп отырсыңдар.
    Ең болмаса Ата-Аналарыңды аясаңдаршы!
    Сағадиев, Мырзалин, Абаев деген Қазақ тілінің жауларын биліктен алып, орынына Ұлтшыл Қазақты қою керек!

  11. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 28 Ақпан, 2018 12:04 Жауап

    БИЛІККЕ АНА ТІЛДІ БІЛЕТІН, ҰЛТ ЖАНАШЫРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КЕРЕК ДЕП ХАЛЫҚ ШУЛАҒАЛЫ ҚАШАН, ЕНДІ МІНЕ, НӘТИЖЕСІНДЕ НЕ БОЛДЫ, ҚАЗАҚТЫҢ АҚПАРАТ МИНИСТРІ ЕЛДІ ДҮРСІЛКІНДІРДІ, БҰЛАР ӨЗ БЕТІМЕН КЕТПЕЙДІ ҒОЙ

  12. Асылбек 1 Наурыз, 2018 12:38 Жауап

    Сағадиевке әкесі дұрыс тәрбие бере алмаған екен? Жақсыдан жаман туады іске алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз деге екен атам қазақ.

  13. Қайсар. Керекуден 1 Наурыз, 2018 16:41 Жауап

    Сағадиевті дереу орнынан алып тастау керек.
    Қай себепті ол БІЛІМ министрі болып жүр, ұялмай қызармай?
    Белгілі болды, қазақ тілі мен байланысты оқулықтарды жойып жатқаны.
    «Өзің білме, білгеннің тілін алма»-деген қарғыс алған-ау шамасы.
    Екі əріптің басын қазақша құрап сөйлей алмаса, одан не үміт не қайыр?

  14. Түңілмес 7 Наурыз, 2018 11:51 Жауап

    Бұндай минист мен әкімді ит қосып қызметтен қуу керек. Ел мен елдің болашағына тікелей жауапты осылар болғанда, мына тірліктері – қылмыс, ал қылмыстың өтеуі – жаза! Өзге тілде сөйлеген өз ел-жұртына қорған бола алмайды еш уақытта!

Пікір немесе жауап жазу