"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



НЕГЕ БІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІНДЕР МИНИСТР БОЛАДЫ?

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІН, САУАТСЫЗ  МИНИСТРЛЕР, ДЕПУТАТТАР, ШЕНЕУНІКТЕР, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР журналистер мемлекеттік тілде сұрақ қойғанда ғана   сауатын ашып, әліппені қайта оқи бастайды…

Ел шулап жатыр.  Ерекше елге ұнаған Еңбек министрі Тамара Дүйсенованың орнына келген  жаңа министрдің аты-жөні  бұрын нағыз қазақтарға – оралмандарға байланысты одағай сөзіне ғана байланысты  еске қалған бір ханым еді…  Оралмандардың көбісін  сауатсыз деген сол кездегі шенеунік өзі мемлекеттік тілден – ең басты тілден – ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҚАҚПАЙТЫН НАҒЫЗ САУАТСЫЗ БОЛЫП ШЫҚТЫ!!!

Енді есімін іздеуге гуглге кіруге керек болды…

Сөйтсем… құдай  сақтасын…  Жаңа еңбек министрінің атын интернеттен іздей көрмеңіздер,  қарап отырып, қара басыңызға ауру тілеп,  қан қысымыңызға ие бола алмай қалуыңыз мүмкін…

«Шаршаған» Тамара Дүйсенованың орнына келген су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова қазақша сауалдарға жауап бере алмай, тілшілерден қашып кетті» деп жариялады 31 арна.

Айтпақшы, тақырыптан тапжылмай, таңғалып отырғандарға айтарым,  мен осыдан 7 жылдай бұрын    «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ» деп, сол кездегі   Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты бірнеше рет  сынап едім… Өзі нан жеп отырған, өзі мемлекеттің министрі болып отырған  мемлекеттік тілге қарсы шыққаны үшін… Ол мақала  «Қазақ үні» ұлттық порталының  «Ең көп оқылғандар» мен «Ең  көп талқыланғандар» айдарында да тұр. Екі жүз мыңға  жуық оқырман оқыды… Мәселе Мәдина ханымда ғана емес.  Өткенде, Экономика министрі Сүлейменовті  де,  Энергетика министрі Бозымбаевты да біраз сынадық. Білім министрі  Сағадиев те сау қалған жоқ, бірақ нәтиже бар ма? Мұндай мемлекеттік тілден мектепте екілік баға алғандар мемлекеттік мекемелерде толып жүр…

Бүгін мен  бүгінгі Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен  кездесуге баруым керек еді… Ел зәрезап  болған,» Миымды ауыстырмасаңдар қазақ тілін үйрене алмаймын» деп парламентте мәлімдесе де, екі рет ел министрі болған  Ерлан Ыдырысовтан кейін бұл орынға қазақтілді Қайраттай қайраткер келгенде  тәубаға келгендей болып, біз де жұртпен бірге қуанып қалдық…

Осыдан он күн бұрын омыртқа жарығына (грыжа) ота жасатсам да, қазақ үшін өте маңызды кездесу үшін министрлік қызметкерлеріне уәде беріп қойып едім, бәрібір  дәрігерлер рұқсат бермей қойды…   Денсаулығыма байланысты бара алмай қалғаным үшін министрден және артымда тұрған қалың жұрттан кешірім сұраймын… Әріптестерімнен естіп, экраннан көріп отырмын, Қытайдағы қазақтар мәселесі жөнінде Қытай республикасына ел атынан ресми нота жолданыпты.  Енді нәтижесін күту керек, қоғамдық бақылау қажет.

Әрине, кездесудегі де басты тақырып – Қытайдағы  қазақ қандастардың бүгінгі жағдайы туралы… Өткен жылдың соңында  «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты  Азат  Перуашев екеуміз Әлем елдерінің саяси партиялар көшбасшылары форумында Қытай елінде қыспаққа түскен қазақтардың тізімін  қытайлық басшылардың қолына тигізгеніміз елге белгілі. Кейін өткен аптада Астанаға келген Қытай Коммунистік партиясы ОК аппарат басшысы  (министр дәрежесінде) да «Ақ жол» партиясы бас кеңсесіндегі кездесуде бұл мәселенің күн тәртібінде тұрғанын, «Құқықты мемлекет ретінде жауап  берілетінін » айтқан болатын.

Мен өзін сыйлайтын БАҚ-тарға, әрине, атап айтсам, алдымен «Егемен» газетінен, Ұлттық арнадан, «Хабардан» бастап, мемлекеттік БАҚ-тарға, Абай атамыздың атындағы, Қазаққа Қамшы болар сайттарға  айтарым, ҚАЗАҚТЫҢ, АЛАШТЫҢ, МЕМЛЕКЕТТТІҢ,  ҰЛТТЫҢ,  ДАЛАНЫҢ, НАМЫС  атын иеленген порталдарға, жергілікті сайттар мен БАҚ-тарға айтарым, Астанада, Алматыда және барлық қалаларда  болатын баспасөз мәслихаты  мен брифингтерде БАС ЗАҢ ҚАДАҒАЛУШЫ ОРГАН БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАС КЕҢЕСШІСІ НҰРГҮЛ ҚАРАҒОЙШИНАНЫҢ РЕСЕЙ ТІЛІНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА  ЖАУАП БЕРМЕЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРГЕНІНЕН  ҮЛГІ АЛЫП, ҚАЙ ҰЛТ, КІМ БОЛСА ДА, ТЕК ҚАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СҰРАҚ ҚОЙЫҢЫЗДАР!

ҚАЙ ҚАЗАҚ БАҚ-ы,  кім болса да, қазақ шенеунігіне  (ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОЛҒАН СОҢ БӘРІ ҚАЗАҚ ШЕНЕУНІГІ БОЛАДЫ ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ   сұрақ қоймаса, ол МЕМЛЕКЕТШІЛ  БАҚ емес! Ал мемлекетшіл емес  БАҚ –тарға  біз неге МЕМЛЕКЕТТІҢ  ҚАРЖЫСЫН ЖҰМСАУЫМЫЗ КЕРЕК!?

Ендеше ондай БАҚ-тарға  жұмсалып жатқан біздің ҚАРЖЫМЫЗ БІЗГЕ ҚАРСЫ ЖҰМСАЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?  БІЗ ЕРТЕҢ ОСЫНДАЙ МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕГЕ ҚАРСЫЛАРҒА (министрлік, әкімдік, мекемелер, тб)  қарсы АШЫҚ ХАТ ЖАЗЫП, АКЦИЯ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!  ШИРЕК ҒАСЫРДАН АСТЫ  РЕСЕЙ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН РЕСЕЙ ГУБЕРНИЯЛЫҒЫНАН ШЫҚҚАНЫМЫЗҒА!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІН, САУАТСЫЗ,   МИНИСТРЛЕР, ДЕПУТАТТАР, ШЕНЕУНІКТЕР, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР сонда ғана  сауатын ашып, әліппені қайта оқи бастайды?

Қазыбек ИСА

QAZAQUNI.KZ



Осыған ұқсас:



72 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 16 Ақпан, 2018, 20:13

    Калбит, мал котіне тығып орысшаңды, шошқалармен сасып жүргің өз еркің

  2. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 20:15

    Калбит, мал котіне тығып орысшаңды, шошқалармен сасып жүргің өз еркің

  3. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 20:55

    ҚАЗАҚ ЕЛІ БИЛІГІНІҢ БАРЛЫҚ САЛАСЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ НИЕТ БІЛДІРГЕНДЕР, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІНДЕР АНА ТІЛІМІЗДІ- ҚАЗАҚ ТІЛІН , МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛУДІ БІЛУІН ТАЛАП ЕТІП, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУІН МІНДЕТТЕУ КЕРЕК ДЕП ХАЛЫҚ БОЛЫП ҚАНШАМА ЖЫЛДАР БОЙЫ АЙТЫП, ШУЛАП КЕЛЕМІЗ. ОРЫС ТІЛІНДЕ САЙРАҒАН ҚАЗАҚ БИЛІГІН ТЕЛЕДИДАРДАН ДА КӨРУГЕ БАС ТАРТТЫҚ, БІРАҚ ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ. БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ, БҰЛ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ СӨЗІ МЕН ӨЗІ ЕСЕПКЕ АЛЫНБАЙТЫНЫН БІЛДІРЕДІ, БІРАҚ, БИЛІК АНА ТІЛІ ҰЛТ МҮДДЕСІНІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ДА, БАСТЫ НЕГІЗІ ЕКЕНІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАУЫ КЕРЕК, ШЕКТЕН ШЫҚПАУЫ КЕРЕК.

    • 17 Ақпан, 2018, 16:44

      Осы министр болып келетіндерге бәр аким хакимдерге біреулер бұйрған сияқты білсе ңдерде орысша сөйлейсіз дер қазақша сөйлемейсіңдер деп..

      • 17 Ақпан, 2018, 20:26

        Үлкен кісі қазақша сөйлей бермеуді еске салып,ескерте бере ме қалай.ЕЛБАСЫ талап етсе ертең ақ бәрі қазақша сайрайтыны анық.Кілт бір ғана адам қодында тұр.Бұл мақтан емес,миллиондарды құлдық санада ұстау ауыр күнә Ғой.Ел боп ес жияр уақыт болды.

  4. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 21:23

    қолда барды теке қой декен осы мындай басшылар тұрғанда мандймыз атаңның басы мындай басшыға арағанда быр жаман қойшы мемлекеттік салығн төлеп мемлекетке аз. болсада ұлесын қосып жатыр ал жоғарыда осндай срам тамақ жемеңкерлер мемлекетке байдасы емес зйаны тйып жатбайма милион даған мемлекет қаржысн жеп шкенен басқа халықа не степ берпты

  5. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 21:27

    оларда намыс болмайды не айтса соны орындайды тек отырған орнында отырса болды. қазақ рухы барлар олай жасай алмайды сол үшін мәгүрттер таптырмас құрал ұрысұлтанға.

  6. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 21:32

    Жогарыдан соз айтса бас изеймин шыбындап.. Ози. Билмесе билгеннин тилинде алмаса сондай адам дар гана жагады казир ги биликке

  7. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 21:44

    ел басмыздң айтқанын орндаитын мынистрлер өте аз шығар халық қамын жыйтын басшылар қашан молайар екен ә

    • Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 20:00

      Армандау зиянсыз…

    • 17 Ақпан, 2018, 20:32

      Әдейі ұйымдастырып отырған жағдай осы.Басшылық буынды ғана сақтап тұруға ғана бүкіл құрылым арналып отыр.Халық оның ішінде қазақ үшін деп отырған жоқ.

  8. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 21:49

    ел басмыздң айтқанын орндаитын мынистрлер өте аз шығар халық қамын жыйтын басшылар қашан молайар екен ә ел аман жұрт тыныш болсын быр күндеры алып елке айланармыз көш жүре дүзелер,,,,,,?????????

  9. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 21:51

    ел басмыздң айтқанын орндаитын басшылар қашан молайар екен ә ел аман жұрт тыныш болсын быр күндеры алып елке айланармыз көш жүре дүзелер,,,,,,?????????

  10. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 21:52

    ел аман жұрт тыныш болсын быр күндеры алып елке айланармыз көш жүре дүзелер,,,,,,?????????

  11. Белгісіз 16 Ақпан, 2018, 22:02

    Агатай-ау.Тамара Дуйсенова тым казакы болган сон кызметинен кеткен жок па? Менин арам ойым солай дейди. Билик басында казак тилине карсы улкен бир куш бар. Сол куш казак тилинин канат жаюына жол бермейди. Бул жуйе кашан тузеледи, оны кудай гана биледи.

  12. 16 Ақпан, 2018, 23:25

    Ақшаң болса қалтаңда, Көкең болса шалдаңда да шалдаңда. Оны Қазақша білмегені үшін жоғары лауазымға қоймау керек еді. Сорлы қазақ орысша сөйлегендеріне мәз болып жүр.

  13. 16 Ақпан, 2018, 23:27

    Өзі Қазақ қызына ұқсамайды, кезінде біреу забордан секіріп түскен ау…

  14. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 03:36

    Алдымен елбасы Неге шетелге барғанда Қазақша сөйлемейді. Қашанда теледидарды қосып қалсаң орысша сөйлеп талқылап отырады. Неге Қазақша сөйлемейді не кедергі. Шетелдікпен кездескенде сол. Қазақша сөйлеседе аздау. Елбасыдан бастап министр Қазақша білуге,сөйлеуге міндетті. Бірақ Елбасының айтатыны басқа ұлтқа түсінікті болсын,олар Қазақша білмейді деген сылтау,Жалпақшешейлік. Тәуелсіздік алғаннан бастап Басқа Ұлттар Қазақ тілін білу керек деген заң қабылдауы керек еді.
    Және теледидар қосып қалғанда министрлерді көрсетіп жатқанда пәленше жылы жолдар жөнделеді,зейнетақы артады дегенді орысша жазып қояды. Құдды бір ресейдің құлы сияқты.

  15. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 07:48

    Жұлдыздың пікіріне қосыламын.Билік басында қазақ тіліне қарсы бір күш бар.Бәрі содан аса алмайды.Осы уақытқа дейін тіл туралы бір заң қабылдануы керек еді, қабылданған жоқ.Қазақ тілінің төрге шығуына биліктегілердің өздері мүдделі емес.Себебі бәрі де әлгі күштен аса алмайды.

  16. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 08:12

    Жұлдыз, Құттыгүл, шынымен билікте қазақ тіліне қарсы күш бар шығар, халық болып қаншама қақсап, шырылдап жатсақ та, естір құлақ жоқ. Ең сорақысы, сол күш біздің жанайқайымыздың түкке тұрмайтынын дәлелдеді, сонда олар қандай мүддені көздейді, сол күш түбімізге жетеді деген қорқыныш пен үрей де жоқ емес.

  17. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 10:18

    қайран дүйсен тамара нақ халық үшын еңбек еткен басшы быздың мемлекет заңымыз ең қол жетымды заң қалай өзкертседе бола беретын заң осы құйтырқы заң халқтыда шаршатып жыбереды жөғардан айтлған заң төменке жеткенше неше өзкпреды сонымен бары жалған сойлейды

  18. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 10:46

    Неге жалғыз Дүйсенова кетті, олай болса бәрі бірге кету керек еді, қалғандарынан не пайда, қалғандары қалу үшін қандай нәтиже көрсетті соншама. Млндаған адамдарды нақты да, тұрақты жұмыспен қамти алмаған билік не көздеп отырғандарын ашық айтып отыр, соны Дүйсенованың қолымен істегілері келен сияқты, ал Дүйсенова ол жолды таңдаған жоқ. Шынымен, сонда билік елдің жағдайы мен тұрмыс-тіршілігінен мүлдем хабарсыз ба деген ой келеді. Сондықтан елдің тіл жайлы да шырылдаған дауысы мен үнінен билік хабарсыз шығар, әйтпесе, бұл мәселенің орнынан жылжып, алға басар қадамдары баяғыда жасалу керек екені бәрімізге мәлім.

    • 17 Ақпан, 2018, 12:22

      Екi-уш жылда бip,ана малгун тобырдын аузын жап деген сиякты,екi-уш мыннын садакасын лактырып кояды.сонымен алдынгы катарлы елу-отыз жылдыкка кiрмекпiз.оздерi миллиондап-миллардтап жеп жатса да аз.ал отыз-елу мыннын тенгесiне калай кун коретiнi кайгыртпайды да.берiп жатырмыз,тойымсыздарга,сонда да тоймайды деп.

  19. 17 Ақпан, 2018, 12:22

    Екi-уш жылда бip,ана малгун тобырдын аузын жап деген сиякты,екi-уш мыннын садакасын лактырып кояды.сонымен алдынгы катарлы елу-отыз жылдыкка кiрмекпiз.оздерi миллиондап-миллардтап жеп жатса да аз.ал отыз-елу мыннын тенгесiне калай кун коретiнi кайгыртпайды да.берiп жатырмыз,тойымсыздарга,сонда да тоймайды деп.

  20. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 15:51

    Я орыс емес, я қазақ емес тек бір жүрген жасанды робот немесе Зомби сияқты ғой олар сондықтан оларды басқарып жұмсау оңай болады сондықтан тағайындайтын шығар министр қылып

    • 17 Ақпан, 2018, 20:39

      Бір ғана адамның айтқанына көніп,айдағанына жүретіндер министірлікке таңдалып отыр.Есі аз халық көнеді.Ес кірсе сілкіп тастайды.Халық шешер іс.Бастықтан сұрар іс емес.

  21. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 17:28

    Дәулетіміз Ана тіліне өтпейінше, қандай болмасын бағдарлама қанша құйылса да қаражат,, экономика жағдай оңбайды. Билік басындағылар соған көздері жетпейтініне түсінбеймін. Ол үшін Гарвард дипломы қажеті жоқ, Ар-намыс бар болсын.

  22. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 17:38

    Тек өз салты мен мәдениетіне берік Елдің халқысы ғана өркені кең. Бай болмауы мүмкін, бірақ Дәулеті мызғымас.

  23. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 18:54

    Алдыңғы арба дөңгелегі қайда барса, соңғы дөңгелегі сонда бармай ма? Президенттің өзі соңғы уақытта тілін шайнап кетті. Қазақ тілін білуі керек деп талап етеді, бірақ екі сөзінің бірі орысша. Басы орысша, ортасы қазақша аяғы орысша не керек əйтеуір быламық. Намысы жоқ, өзінің Ана тілін сүймейтін, құрметтемейтін, сыйламайтын. Керсінше меңсінбей, немқұрай қарайтын министр, шенеуніктер, мемлекеттік орган қызметкерлері жалғыз ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАР.!!! ҚОРЛЫҚ БҰЛ. БҰЛ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАМАУ БОЛЫП САНАЛАДЫ. Барлығы қалталарын ойлаған шенеунік болып кетті!!! Масқара

  24. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 19:03

    Бізде билік пен қарапайым халықтың арасы алшақтап кеткен. Қазір билікте халыққа жаны ашыйтындар емес, жоғарыда көкесі барлар жырғап отыр. Ал өзін өзі жұмыспен қанымдаушылар делінетіндер шын мәнінде жұмыссыздар ғой. Оларға жаны ашыған Тамара Дүйсенова ары таза кетті.

    • 17 Ақпан, 2018, 19:11

      Енды бызгеде Очаков Потемкин, кереккой..Олар котерылыс жасап халык жагына шыккан согыс кемелеры болатын.

  25. 17 Ақпан, 2018, 19:12

    Енды бызгеде Очаков Потемкин, кереккой..Олар котерылыс жасап халык жагына шыккан согыс кемелеры болатын.

  26. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 21:53

    Балық басынан шірігенде, құйрығын аман алып қала алмайсың.

  27. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 22:28

    Жоғарыдағы екеудің суретін көрген немерелерім, «мыналар қытайлар ма»? деп сұрады.

  28. Белгісіз 17 Ақпан, 2018, 22:33

    Ия, не айтып не қоярын білмейтін орысқұлдардың балалары мен немерелері келе бастады рас Ақорда төңірегіне.

  29. Белгісіз 18 Ақпан, 2018, 12:13

    Қазақ өз елінде, өз жерінде өзгелерге, мазақ болып, абыройынан айырылып, өздерінің намыссыздығын, жігерсіздігін, тексіздігін, самарқаулығын, енжарлығын, дарақылығын, сезімсіздігін көрсетумен келеді. Ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де Қазақстан қазақ тілі-мемлекеттің тілінде сөйлемейді. Осындай бейшоралыққа дұшпандарымыздың айызы қанып, достарымыздың өкпесі қара қазандай болып жүр. Қазақтың жайбасарлығына әлем таңданып отыр. Бізден басқа мемлекеттік тілінде сөйлемейтін ел бар ма? Мемлекеттің тілін білмейтін , бірақ мелекеттік қызметте істейтін, ел басқаратындар тек Қазақстанда ғана бар. Осы рекорттығымызбен біз Гинестің кітабына да кіріп қалармыз. Билік қазақ тілінің көсегесін көгертпейтініне көзіміз жетті. Қазақстанда намысты, рухты қазақтар көп, мемлекеттік тілдің жайын ойлап, ішкен асын жерге қоятын, елдік мүддені шынайы ойлайтын адамдар жетерлік. Солардың барлығы тек қазақша сөйлесе, өзгелермен де тек қазақша тілдессе тіл мәселесі өзінен-өзі шешімін табар еді. Бірақ ауыру қалса да әдет қалмай тұр ғой. Біз неге өз елімізде өзіміз осыншама пұшайман күй кешеміз! Елбасы шаршады. Әйтпесе мемлекеттік тілді қақпайтын Мадинаны министр болдырар ма еді!? Мемлекеттік жоғарғы лауазымда істесе де мен ешқашан қазақ тілін үйренбеймін деген безбүйрек шенеуікті мемлекеттік жоғарғы лауазымда қалдырар ма еді? Мемлекеттік тіл күллі қазақтың Қ.Мырзалиев айтқандай «Ұятың боп тұр бетте»!

  30. Белгісіз 18 Ақпан, 2018, 12:14

    Осылар ссср кезинде неге карсы шыкпад? КГБ келсе жалгыз ози есик алдындагы туалетти толтырып тыстайтын еди хехе.Айналдырган 25-30 жылда казак 70 пайыз болды .Енди 15 жылда 85-90 пайыз болад ешкандай айкай шусыз. Не асыгыс? тусинбеим осыларды? Айналага карасан казак мектептери кобеип жатыр, былтыр биринши рет казак мектептери билим жагынан орыс мектептеринен озды,ЯГНИ казак тили конкуренция аркылы озинин биринши орнына келди деген соз, казак тилди министрлер енди шамалыдан сон шыгад.Бекер шулаганнан не шыгад?

  31. Белгісіз 18 Ақпан, 2018, 14:59

    Жақсы пікірлер жазылған екен.
    Министріміз осы сыннан кейін нəтиже шығарса дұрыс болар еді.

    • 18 Ақпан, 2018, 15:50

      Елимизде казакша билмитин казак жок тек топас мангурт шенеуниктер болмаса

  32. Белгісіз 18 Ақпан, 2018, 16:09

    Қалталы депутаттар болмағанда мемлекеттік тілді білмейтіндер министрлікке тағайындалмайтын еді.Ал енді амал жоқ, мына жаңадан тағайындалған министр ханым енді министрліктегілерді таңертеңнен кешке дейін орысша шүлдірлететін болады…

  33. Белгісіз 19 Ақпан, 2018, 00:26

    тілінен азған безер.

  34. Белгісіз 19 Ақпан, 2018, 01:05

    Басқасын жазып жатыр ғой, миын «ауыстыратын» министрдің де (бұрынғы), миы «ауыспаған» министрдің де мына фотодағы күлкілері әдемі көрінеді екен!

    • 19 Ақпан, 2018, 19:45

      мангуртгулдер мен мангурткулдар гой.желкесiнен бурап коймаса,мелшиiп отыра бередi,бутына тышып койган бала кусап.
      сен тимесен,мен тимен,бадыран коз.
      жумсак креслода отырып,ебiн тауып жеп-жеп калайын,аргы жагы бул болмаса,кул болсын.
      Булар бip армия гой,шенеунiктер улкендi-кiшiлi,министрлер,акiмдер,депутаттар,жемкорда адам,жемсауы бар,толмайтын,тоймайтын.
      озi осы топырактан ауыр не бар едi.

  35. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 00:06

    Мектепте қазақ тілінен двоечник болған топас, сауатсыз, мисыз министрлерден қандай үміт күтуге болады?

  36. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:37

    Алла шипасын берсін ағасы! Қазаққа Шахановтай, Сіздердей елін жерін, тілін, дінін сүйетін адамдар керек. Балық басынан шіриді демекші жоғарғы билік қазақша сөйлемесе төменгілерін сөйлетү қйын. Елбасымызбен пример министр қазақша сөйлемейтіндерге қатаң түрде шара қолданса қазақ тілін білмейтіндерге министрлікте және депудаттықта басқада лауазымды қызметтерде орын жоқ деу керек деп талапты күшейтү керек заңда қатал болу керек.

  37. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:38

    Қазыбек ағай, ауырмаңыз ем болсын, деніңіз сау болсын керемеетсіз мақтанышымызсыз.

  38. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:50

    Менімше, қазақша білмейтін бұрынғы отарлаушы орыс мемлекетінің тілімен мәдениетімен тәрбиеленген жас буынның өкілдерін ел басқару ісіне араластыруда, онын ішінде басшылық қызметіне тағайындауда билік топтарының бір көздеген айла шарғысы бар деп ойлаймын. Өйткені бұл жас буында басқа елге сай психологие қазаққа жат түсінік бар. Олардың ойлауы шолағай, өзіндік жауапкершілігі жоқ, біреудің одан жоғары немесе оған сөзі өтетін адамның айтқанын істеу үшін осы лауазымға тағайындалатын сияқты. Оған анау сотты болып жатқан Бишимбаев куә. Менің өмірлік тәжірибемде қазақша тәрбие алған жас буын өкілі жауапты іс тапсырғанда неге деп тапсырманың мәнін сұрайды, ал орыс тәрбиесіндегі жас айтқан сөзді ғана, ал мағынасына мән бермейді, осындай шолақ ойлық мені тан қалдырды. Бұл жай екі тәрбиедегі жас буынның жауапкершілігі әртүрлі болатының білдіреді. Шынына келгенде менімше іс атқару кезінде орыс тәрбиесіндегі буынның істелген іске деген жауапкершілігі өте төмен және жоқ деп айтуға болады. Сондықтан менін ойымша басқа ұлттын мәдениетімен тәрбие алған жас буын өкілдерін сырттай бақылауға және басқаруға қолайлы.

  39. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:50

    Заң шығару керек,»ана тілін білмейтін ұлт өкілдері жоғары лауазымды қыметке тағайындалмайды!»-деген.Қашаңғы өз тілін құрметтемейтін «человечектер» осындай орындарға отыра бермек..

  40. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:51

    Тақырыпты керемет қойыпсыз. Қышыған жеріме тура келгені.

  41. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:52

    Қазеке сіз ауырмаңыз. Қазақ тілін жанын салып қорғайтын сіз аман болыңыз. Бұл заман да өтер.»Ертең ұрпағыма сөз келеді-ау,» -деп сол пəтшағарлар ойлай ма екен?

  42. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:52

    Осындай бейбастықтарға не дерімізді де білмейміз енді!

  43. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:53

    Мақтанамын, сізбен, Қазеке бауырым!

  44. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:54

    Грузин, өзбек, қазақ үшеуі туыстарын айтып, мақтанып отырған көрінеді.
    Грузин:
    – Менің бір ағам бар, бір аяғы тобықтан жоқ. Лезгинка билегенде, оған ешкім жете алмайды. Өзбек:
    – Менің бір ағам бар, бір аяғы дізеден кесілген. Пахтакор командасында шабуылшы. Қазақ:
    – Менің бір ағам бар. Басы жоқ, бірақ министр.

  45. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:54

    Қазбек ағайға сырқаттан құлан таза айығуын тілелік. Осы сөзді Бапи ағам айтқанда көбі мəн бермейтін сияқты көрінетін. Оған сіз қосылғанда ұлттық мүддеде топтаса білетін қазақ тілді зиялы қауым шоғырланғандай…

  46. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:55

    Қазеке ұлттың тілінің күзетуші нағыз солдаты деп ойлаймын, қашанда кірпік қақпай қаупсіздігін қорғаған мемлекетшіл саусақпен санарлық аз аматтардың бірі, тез сақайып кетіңіз, ауырып жатсада бір жасбасымен халықтың қызметін қылып отыр…

  47. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:56

    Орыс тілің білмейді деген әкім немесе министрлер бізде болама екен?

  48. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:57

    Көрші бауырлас өзбек халқы тағы да күлетін болды: » Соордуу қозоқ» деп.

  49. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:58

    Дұрыс! Аға. Министрге қазақша сұрақ қоя беру керек, барлық қазақтілді газет-жорнал, арналар осылай жасаса жақсы болар еді! Кешегі өзін-өзі күнделікті екі-үш мың тг нəпақасын тауып жүрген, ішіп жемі уайым болған ағайындарға салық төлетемін дегені тіпті миға сыймады! Сонда қалай болғаны!

  50. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:59

    Не айтса да қазып, қауып айтатын, ел мүдесіне келгенде ұлты үшін өзін қиып жіберетін Қазбек бауырыма Алланың шапағаты тисін. Нағыз Алаш арыстарының жолын жалғастырушы, сол жолдан таймай келе жатқан да осы Қазекең. Аман болшы бауырым. РАХМЕТ!

  51. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 00:04

    Бұл келіншек қазақ тілінен ғана сауатсыз емес, қалың қазақ қоныс тепкен ауылдың жағдайынан да мақұрым. Біздің шолушымыздың жазуына қарағанда, бұл енді «өзін-өзі асыраған» 2,5 миллион халықты қудалаумен айналысатын таза технократ, безбүйрек министр болмақ.

  52. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 00:04

    Қазеке,бұл әдейі істеліп отырған жоспарлы саясат.Ұлттық менталитеттен мақұрым,АНА ТІЛІнен шәлдір-бүлдір,шаш ал десең бас алатындар.
    Бұл ҚАЗАҚтың санасына іріткі салу.
    Міне біздің болашағымыз осындай деген сияқты.
    Әйтпесе ҚАЗАҚтың небір сауатты,сұңғыла азаматтары жетеді ғой.

  53. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 00:05

    Кызметти мига карап беретин болса,биз мулдем баскаша омир суретин едик!

  54. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 00:05

    Ширек ғасырда өз АНА ТІЛін үйренбеген адамнан ЕЛін сүйер азамат шығады деп ойламаймын.Бұлар үшін ҚАЗАҚ ЕЛІ байлық пен мансаптың көзі ғана.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.