"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



ЖЕР КОДЕКСІ  – 2022 жылдан кейін НЕ БОЛАДЫ? Кім өтірік айтып отыр?

Заң жобасын дайындаған Үкімет пе, Мұхтар ма?

 

Жерді сатып ала алмайтын етудің жолы жалғыз ғана: осы 4-бап, 1-тармақтың соңында «… елу пайыздан кем заңды тұлғалар сатып алу құқығына ие бола алмайды» деген бір ауыз сөз қосып кету.

   

 

«Жылан жерді жалдамайды – жалмайды!»

Сабыр Адай

 

Соңғы күндері Мәжілісте қаралып болып, Сенаттың қарауына өткен Жер кодексінің толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жаңа нұсқасы дау-дамайға себеп болып тұрғаны белгілі. Ол өзгерістердің бастылары мыналар.

         6-бап. Жер заңдары

  1. Егер осы Кодекстенемесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.

         12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

43) ұлттық жер пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік қатысушысы бар кәсіпорындар;

         23-бап. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi

  1. «Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін (олар мыналар: үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар – Ө.А.) мен олардың кешендерiн салу үшiн)жер учаскелерi шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн». Не үшін? Бұл жерлерді олардың жеке меншігіне бермесек болмайтындай қажеттік қайдан туындап отыр?

Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға жеке меншікке беруге жол берілмейді.

         24-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы

         4-бап, 1-тармақ. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн. Ал, «белгіленген тәртіп пен шарт» (осы тармақтың 3-абзацы) мынадай: «Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жиырма бес (25) жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады».

Бұл жерде көрінбей тұрған, бірақ, маңызы аса зор кішкентай ғана деталь (қулық деуге ауыз бармай тұр, шын мәнінде солай болса да) бар. Бұл кодекстің талабына салсақ «шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан кем заңды тұлғалар» жерді сатып алу құқығына ие бола алады. Өйткені… Разрешено все, что не запрещено законом! «Мүмкін емес!» дейтін адам болса, мархамат, дәлелдесін! Жерді сатып ала алмайтын етудің жолы жалғыз ғана: осы 4-бап, 1-тармақтың соңында «… елу пайыздан кем заңды тұлғалар сатып алу құқығына ие бола алмайды» деген бір ауыз сөз қосып кету.

37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы

  1. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:

2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін:

2-абзац: шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес (25) жылға дейiнгі мерзімге беріледі.

48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

         2.Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері жиырма бес жылға дейiнгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

50-бап. Жер учаскелерiн беру нормалары

  1. Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бiрлескен ұсынысы негiзiнде ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiнiң бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың) аумағындағы шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлейдi, олар:

(3-абзац) уақытша жер пайдалану құқығымен шетелдiктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдiк заңды тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн.

76-бап. Кепiлдiң мәнi

  1. Кепiл берушiге жеке меншiк құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскесi кепiл мәнi болуы мүмкiн.

97-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ұғымы және оның құрамы

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:

3) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

Өздеріңіз көріп отырсыздар, Кодекс 2016 жылы көктем мен жазда бүкіл ел болып қарсы тұрған, ақырында билікті 2021 жылдың аяғына дейін мораторий жариялауға мәжбүр еткен атышулы «№389» заңды іс жүзінде қайта тірілтіп отыр. Орысша бұндайды «не мытьем, так катаньем» дейді. Бірақ, қоғам қайраткері Геройхан Қыстаубаев айтқандай «шын мәнінде қазақ қазақ болғалы кездеспеген қасірет алып келетін бұл заң» жобасы былтырғыдай қоғамда үлкен толқын туғызбады. Неге? Өйткені, билік 2016 жылдан қорытынды шығарды. Соның бастысы – «ұлтшыл» атанатын азаматтардың аузымен елді адастырды, жаңылыстырды. Бұл тұрғыдан Мұхтар Тайжанның еңбегі ерен болғаны даусыз. Міне, қараңыздар, 2017 ж. 14-желтоқсанда «Абай.кз» сайтында жарияланған сұхбаттағы Ермұрат Бапидың сұрағы мен Мұхтардың оған жауабы:

« – Мұхтар, мәжілістің бірінші оқылымында қабылданған заң жобасы жөнінде толық ақпарат елге әлі жеткен жоқ. Жұртшылық тек шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге жалға берілмейді, жеке меншікке сатылмайды деген атүсті айтылған ресми хабардан басқа жібі түзу түсініктемеге зәру болып отырғанын байқаймыз. Төтесін айтшы: былтырғы жылы өткен митингтерде айтылған халықтың талабы орындалды ма?

Төтесін айтайын: халықтың ең басты талабы: «Жер сатылмасын, шетелдіктерге жалға берілмесін!» деген талабы толығымен орындалды деп азаматтық атыммен айта аламын!…Бұл жолы бірінші оқылымда қабылданған заң жобасы президент жариялаған тыйымды заң жолына көшірді. …Заңды тұлғада, тіпті іс жүргізуші субъектінің құрамындағы шетелдіктің немесе мүдделі тұлғаның бір пайыз үлесі болса да, ауыл шаруашылығына арналған жер жалға берілмейді. Осы талап заңнан көрініс тапты.

– Ал шекарадан тыс жерлерді шетелдіктерге сату-сатпау мәселесі не болды?

         – Жоқ, жер шетел азаматына жалға да берілмейді, сатылмайды да! Бітті! Заң жобасы осы үлгіде толығымен қабылданса, халықтың талабы орындалды деп білем….Мораторий жарияланған 2015 жылғы заңда қазақстандықтарға жерді жалға бермеу жөнінде айтылған. Онда ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтар жерді тек қана сатып алуы керек болатын, ал жалға алу жөніндегі заңды құқықтары бұзылған еді. Ал керісінше, шетелдіктердің жалға да, сатып алуына да болатын баптары бар еді. Енді жерді шетелдіктерге жалға беруге де, сатуға да тыйым салынып, ал Қазақстан азаматтары жерді жалға алу құқына ие болды. Бірақ жер ешкімге сатылмайды

Енді, заң жобасын қайтадан оқыңыздар. Қалай ойлайсыздар, кім өтірік айтып отыр – заң жобасын дайындаған Үкімет пе, Мұхтар ма? Мұхтар қайта-қайта «біз ұсынған» деп, өзінің осы жобаға қатысы барын көптің құлағына құюдай құйып жатыр. Сонда ол өзі жасасқан заңды өзі жоққа шығаруда ма? Бұның аты не – екіжүзділік пе, басқа ма?..

Геройхан «жалған ұлтшыл» деп дәл анықтама берген Мұхтар мырза одан бері де сол бағытынан айныған жоқ. Күні кеше, 8-ақпан күнгі «Дат» газетіне берген жауабын оқиық. «Біз ұсынып отырған заң жобасы шетелдіктерге жер беру мүмкіндіктерінің барлық жолын жауып тастайды. …Жер кодексіндегі 6, 20, 23 баптар жерді шетелдіктерге жалға беруге немесе сатуға жол бере алмайды. Өйткені, бұл үрдістерді 2003 жылдан бері реттейтін 24, 37, 97, 101-баптар 2016 жылғы мораторий жайлы заңмен 2022 жылға дейін тоқтатылды».

Иә, бар-жоғы «тоқтатылды», мәселе сонда! Ал, 2022 жылдан кейін не болады?.. Және Жер кодексінің жаңа жобасы қабылданған соң мораторий туралы заңның қажеттігі де жойылады-дағы – Кодекстің өзі сол үшін қабылданып жатыр – оның күшін жою «дело техники» боп қалады. Ал, Мұхтар болса тағы да «… біз ұсынған заңда 50% деген шарт болмайды. Қазақстандық заңды тұлғада шетелдіктердің үлесі 1% болса да, мұндай заңды тұлғаға ауыл шаруашылығына арналған жер жалға берілмейді. Бұл бұлжымайтын, сөзсіз іске асырылатын заң. Сондықтан ешкім де жеріміз шетелдіктердің қолына өтіп кетеді деп қауіптенбеуі тиіс» деп отыр. Меніңше, Мұхтарға өзі «жоспарлап отырмын» деген 16-ақпандағы Астанадағы жиында бір жаққа шыққаннан басқа жол жоқ – ия «бұл заң жобасы мен ұсыныс жасаған жоба емес» десін, ия «кешіріңіздер, мен байқамаппын, сіздерді сол байқамағанымның кесірінен жаңылыстырып келіппін» десін. Шегінер жері қалған жоқ!

8-ақпанда «Дат-Общественная позиция» өте маңызды да нақты сұрақ қояды: «Бұл заң қабылданса оның қазақ халқына тигізер кесірі қандай болуы мүмкін?» М.Тайжан: «Бұл заң қазаққа кесірін тигізбейді деп сенемін». Басқа сөз жоқ. Не десін… Есесіне Г.Қыстаубаев келер кесірді қолмен қойғандай суреттепті: «24-бап – әлем халықтарына, о.і. қытайға «келіңдер!» деп айқара ашқан қақпамыз! Келеді. Жай келмейді, шіреніп келеді! Өйткені, бәрі заңды. 24-бап – солардың бабы. Не істей аласың? Түк те! Ауыз ашсаң: «Заң бар. Аузыңды жап!» деп саған келген қытай да, оны қорғап шығатын қазақ  та айтатын болады!»

Геройханның сөзі 100 пайыз дұрыс – қытайдан бұрын оны қорғайтын қазақ ол сөзді дәл өзімізге айтып та үлгерген. 2016 жылы облыстық Жер комиссиясының Сарыағаштағы жиынында көп жыл аудан, облыстық ауыл шаруашылық басқармасын басқарған бір ағамыз: «Өмеке, сіз неге «Қытай! Қытай!» дей бересіз? Кеше Шымкентте де, бүгін бұл жерде де! Айтпаңыз» деп жаны шығып кетердей шырқыраған болатын. (Себебі өзінің жүздеген гектар жері бар. Оған жердің заңды түрде сатылатын болғаны керек. Ал, елде кім қожайын – орыс па, қазақ па, қытай ма, ондайларға бәрібір, қайсының тұсында болса да ұпайы түгел. Бәрібір емес  адам олай шырқырамайды).

Біз айтсақ қауіп еткеннен, «жауды көрмей қорыққан дұрыс» болғаннан кейін, қытай келіп алғаннан кейін кеш болатындығы себепті айтамыз. «Жоңғардың қыс бойы қаруын сайлап жатқанын көріп отырып, қамсыздықтың кесірінен қапы қалдық қой» деген еді 1723 жылы Қазыбек бек Тауасарұлы бабамыз.

«Адамнан жасырғанмен Алладан жасыра алмайсың», біздің жерімізді жалға алуға ең бірінші үміткер Қытай екенін бүкіл әлем көріп-біліп отыр. Неге? 37 жыл бойы өз тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқан Қытайдың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жартысы индустрияландырудың, қаулаған қалалар мен көліктік инфрақұрылымның құрбандығына айналса, қалған жартысының басым бөлшегін аяусыз пайдалану мен пестицидтер жойып жіберіп отыр. Егін егетін жері азайып, халқы көбейіп бара жатқан Қытай Африка елдерінен – Конгодан 2,8 млн. га, Замбиядан 2 млн. га, Танзаниядан 200 мың га, Зимбабведен 100 мың га, т.б., – миллиондаған гектар жерді жалға алып отыр. Бұл елдер қатарында Латын Амеркасынан Бразилия, Аргентина, т.б. елдер бар. Жақын көршілері қытайлықтардың барған жерінен шықпай қоятын саясатын (шет елдерде кәзір 70 млн. қытай тұрады) жақсы білгендіктен оларға жалға жер бермей отырса, алыстағы Австралияның өзі Қытайдың екінші өтінішіне де «жоқ» деді. Және оны қалай айтты десеңізші – «бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келмейді»! Дұрыс олардікі, «жауды көрмей тұрып қорық» деген. Қытайдың ісінің бәрі 100 пайыз дұрыс! Өз елінің тұрғысынан. Ал, біз жалға жерімізді беріп жатырмыз. Ондаған, жүздеген есе көбейтіп берейін деп жатырмыз. Сонда бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келгені ме?

1903 жылдан 2003 жылға дейін  қытай мемлекеті өзінің аумағын 1,6 млн. шаршы километрге көбейтіп алды. Соғыссыз-ақ. Бұл – Қазақстанның жартысынан көп деген сөз. Әлсіз кезінде. Кәзіргі Қытай басқа….

Шынына келсек, біздің жерді өз азаматтарымызға  сатуды заңдастыруымыздың өзі қауіпті. (Әлемде жерін мемлекет меншігінде ұстап, дамып отырған Израиль секілді елдер жеткілікті). Өйткені, көріп отырсыздар, жер қатынастарында өз азаматтарымызбен өзге елдің  азаматтарын да, азаматтығы жоқтарды да,  шетелдiк заңды тұлғаларды да тең құқылы етіп отырмыз. Не үшін? Қандай қисын, қандай күйіп бара жатқан қажеттілік бар мұнда? Ертең осы заңды пайдаланып сырттағы дүмділер өзімізге шабуылға шықса,  халықаралық соттарда дымымыз шықпай қалуы әбден мүмкін…

«Өзіңе өзің мықты бол, қоңсыңды ұры тұтпа!» Тағы айтамыз, Қытайдың ісі өз мүддесі тұрғысынан дұп-дұрыс, біз де өз мүддемізге мықты болуымыз керек емес пе? Қытайдай көршіміз болмаса мұншама қауіп те тумас еді. Ресейдің Қиыр Шығысын қытайлықтар қандай күйге түсіріп үлгерді, теледидардан күнде көріп отырған жоқпыз ба? Құдай да сақтанғанды ғана сақтайды ғой.

Сөзіміз соңында эпиграфқа қайта оралайық. Ақынның «жылан» деп ұйқасқа ыңғайлы болғасын ғана айтқаны, айтпағы аждаһа екені, аждаһаның кім екені түсінікті. Бұдан артық ескерту болуы мүмкін бе, бауырлар? Бұны парламенттегі бауырларымыз естір ме екен, естісе елер ме екен? Жоқ әлде, естісе де елемей бізде түптеп келгенде бәріне жауап беретін бір адам бар ғой деп, әдеттегідей соған қарай ысыра салар ма екен…?

 

Өмірзақ Ақжігіт

qazaquni.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Осыған ұқсас:

  1. «Сталинді атқаны үшін» сотталған қазақ туралы білесіз бе?
  2. Найманнан шыққан Темірлан Шыңғысханнан қалған империяны күйретіп тынды
  3. ҚЫТАЙДЫҢ ТҮРКІ ТЕКТІ МҰСЫЛМАН АДМИРАЛЫ МҰХАММЕД ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
  4. «Анасы баласының етін жеуге жетті…» – Ашаршылық туралы ащы шындық
  5. Азат Перуашев «АЛАШ АРЫСТАРЫНА ТАҒЗЫМ» шеруін өткізуді ұсынды
  6. Әкемді құлаған үйдің қабырғасымен көме салған – Ілияс Жансүгіровтің ұлы


68 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 16 Ақпан, 2018, 17:19

    Кытайға болсын басқа болсын ,бермек керек.кытай жер алса өмірі шықпайды.Олар еңбекқор шындықты айту керек.Біздерде қазір көп жерде боқта бітірмей арақ ішіп жүр ғой.Ал олар болса гүл жайнатады.Маселе булар капір лер,сосын казақтар қолдарынан түк келмеген соң оларға малай болады..

    • Белгісіз 19 Наурыз, 2018, 10:28

      Қазақ Елі – Ұлы халық. Қазақ халқына тіл тигізбе. Бұл жеріміз Ата Бабаның қан терімен, көз жасымен, дұға тілігімен біздің қолымызға тапсырылды. Ал енді әрбір Қазақтын міндетті осы жерді игеріп келесі ұрпаққа сақтап жеткізу.

      • 19 Наурыз, 2018, 11:18

        Қасиетті де әруақты ата-бабамнан қалған
        Ата-жұрт,ешкімніңде,ештеңеніңде қақысы жоқ,жерге қатысты,жер қазақтыкі яғни қазақ мемлекетінікі,атадан балаға жалғасып ғасырларға ұласатын.

        • 25 Наурыз, 2018, 23:46

          Түсінбей қалған сыңдар әріп қате жазылып кеткен,, бермеу керек,дұрысы .. бұл Ашынғаннан айту.

          Нән болсын басқа болсын ешкім жерді басқа ұлт,мемлектке беруге еш право сы жоқ..
          Той томалақ пен айналыса бермей жеріміз ді ойлаңдар.Шындық ты айтпасаң сөз атасы өледі.Сол үшін айтып отыр ғой,қолқоюсыз.
          Сөздері ңді мықтылар ға жеткіз.Құлақ ассын.Сақ болу керек.Бір алып кетсе қауып..

  2. 16 Ақпан, 2018, 18:26

    Мақсаттары сату ғой

  3. 17 Ақпан, 2018, 00:28

    Мұхтар Тайжан деп сеніп жүрміз ғой. Саған не болған. Жаным ау қайтадан оқышы. Саған бүкіл халық үмітін арқалатып отыр ғой.

    • Белгісіз 26 Ақпан, 2018, 21:07

      То моротори то бап өзгерту болып жатыр деп,айтып туруларына қарағанда ,осы Қытай мен бір халық тан жасырын сату туралы ауызбайласқан болу керек.. себебі неге сөзбұйданға сала береді,н еге халық қа жер бермей жатыр?..Тек соны қалай іске асырсақ екен деген сияқты..Анау 52 завод деп жүргені сол болып тұр..Бул билік тегілер жер сату жайлы сөз байласқан болып тұр..Менттер акімдер бәрің халық жағына өтіңдер ..Митинг общем қарсылық жасауға,талап қойыңдар.егерде орындалмаса онда белгілі болады..

      • Белгісіз 19 Наурыз, 2018, 10:37

        Иә сіз дұрыс айтасыз, барлығымыз бірігсек бәрін оз орнына қоюға болады.

        • 19 Наурыз, 2018, 10:47

          Мұқтарыңда Зағипаңда хамелеон ғой,құбылмалы ойнап үйреніп алған.
          ауыздарын қалай-қалай қай жаққа бұрғанынан белгілі нәрсе.

  4. 17 Ақпан, 2018, 20:53

    Қытайға жер беруге астыртын уәде берілген екен.Қайта қайта айналып соға беретіні сол.Ал қытай дөйдің ұрпағы ұзақ дәуірлеп тұруына кепіл болар тегі

  5. 19 Ақпан, 2018, 09:38

    Жер сату, калган дуниенын бары сатылып быткенбе сонда, сататын ештене калмаган сияктыгой, мына шетке деген тесыгы бар занда. Еий кандай депутатсындар ! Ендеше былай, Орыссияда Грудинин деген азамат президент болады, сонда кайтесындер мырзалар, ал онын КАЗАК елыне асеры 100/ болады, ал ол паракор, жемкор, уры тагы не копсындергой оздерын, так что осы казырден бастап Казак халкына круто жаксылыкпен бурылындар. Барынен басшысымак сендерды быз оздерын жек коретын Казак халкы алып гыгады.

  6. Белгісіз 20 Ақпан, 2018, 08:46

    Сорлы қазақ ,сор маңдай.Ата-бабамыз жанын құрбан етіп,найзаның ұшымен қорғаған жері-ай.Қазақтың жерін сататындай және жалға беретіндей жоғарғыдағылар кімдер.Жер халықтікі,заңды да халықпен санасып шығару керек.Намысы жоқ, ұлттың ертеңін ойламайтындар.

  7. admin 22 Ақпан, 2018, 14:01

    Бұл жерде көрінбей тұрған, бірақ, маңызы аса зор кішкентай ғана деталь (қулық деуге ауыз бармай тұр, шын мәнінде солай болса да) бар. Бұл кодекстің талабына салсақ «шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан кем заңды тұлғалар» жерді сатып алу құқығына ие бола алады. Өйткені… Разрешено все, что не запрещено законом! «Мүмкін емес!» дейтін адам болса, мархамат, дәлелдесін! Сатып ала алмайтын етудің жолы жалғыз ғана: осы 4-бап, 1-тармақтың соңында «… елу пайыздан кем заңды тұлғалар сатып алу құқығына ие бола алмайды» деген бір ауыз сөз қосып кету.

  8. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:34

    Қазақ халхының соры қашан да қазақ ішінен шыққан сатқындар, опасыздар, екіжүзділер болып келген. Сол сатқындар билікте отырса- ,елдің болашағына қауіп.

  9. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:35

    Қалай ойлайсыздар, кім өтірік айтып отыр – заң жобасын дайындаған Үкімет пе, Мұхтар ма?

  10. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:35

    Кім өтірік айтып отыр деген сұраққа мұхтар деп жауап бердім.

  11. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:36

    Мұхтар шестёрке, құлқынын ғана, билікті ғана көксеумен жүр.

  12. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:37

    Дос Көшім ағамыз айтты ғой, заң қытай тілінде жазылған деп, түсінетін адам болса түсінеді

  13. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:38

    Басқасын білмеймін осыдан 2-3 жыл бұрын үкіметтің үтіріне дейін сынап отыратын кейбір «ел жанашырлары» жақсы жұмысқа иә комиссия басқарғаннан соң өзгеріп сала бергені қызық сезіледі екен. Алтын көрсе … Әйтеу әдемі спектакль ойналып жатқан сияқты.

  14. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:38

    Кімге сенерімізді білмей қалдық…

  15. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:41

    Суретінде бәрін мен тындырдым.дегені көрініп тұр ғой…

  16. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:42

    Жер сатылған кезде Мұқтар Қазақстанда болады ма екен?

  17. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 18:57

    Кеше Кенесарыны сатып, әруағын аттап, Атамбаевты жақтап шыққан Мұхтар Тайжан сатқындығын тағы көрсетті. Енді ол Жерімізді сатудың қамымен жанталасып жүр. Үкімет берген миллиардты ақтау керек қой, енді қайтсін…

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 19:25

      Махамбет бауырым сенің «Кенесарының әруағын аттап» дегенің – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ШИРК КЕЛТІРГЕНІҢ!!! АЛЛАҺ кез-келген күнәні кешіреді ӨЗІНЕ ШИРК КЕЛТІРГЕНДЕРДІ кешірмейді​!!! ЕСІҢДЕ САҚТА!!!!

  18. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 19:01

    Ассалаумағалейкум Қазыбек аға, жақсы посты екен! КЕЗІНДЕ БОЛЬШЕВИКТЕР АМАНГЕЛДІ БАТЫРДЫҢ НАДАНДЫҒЫН АЛАШОРДАЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ПАЙДАЛАНСА, АЛ, БИЛІК МҰХТАР ТАЙЖАННЫҢ БІЛІМДІЛІГІ МЕН ТАНЫМАЛДЫҒЫН ӨЗ ҚАЗАҒЫНА ҚАРСЫ ПАЙДАЛАНУДА
    Алаш арысы, ұлт ардақтысы М.Шоқай «Амангелді батыр хақында» деген мақаласында: «Қыпшақ руынан тараған Амангелді Иманов ержүрек батыр, ел сыйлаған рудың көсемі болды, бірақ өте қараңғы надан болды. Сол надандығын шебер пайдаланған большевиктер Амангелді батырды Алашордашыларға қарсы айдаған. Өте рушыл болған Амангелдіні «большевик» сөзі, қыпшақтың орысша аудармасы деп теріс түсіндірген. Соған сенген аңғал батыр «большевиктер үшін, алға!» деп ұрандап, ұлт азаттықты аңсаған алашордалықтарға қарсы соғысып, нәтижесінде солардың қолынан қаза табады» деп жазады. Сол секілді, биліктегілер жер мәселерінде өз мүдделерін жүзеге асыру үшін және халықты адастыру, жаңылыстыру үшін Мұхтар Тайжанның білімділігін, танымалдығын және марқұм әкесінің елге беделді адам болғандығын шебер пайдаланып отыр. Себебі, М.Тайжан халық үшін керемет деп жар салып, Парламентте екінші оқылымда мақұлданған «Жер заңы» жобасы ұлттық мүддемізге қайшы екендігі соқырға таяқ ұстатқандай. Жер заңына «жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді» деген халықтың талабы енгізілмеді. Ал қалған баптар, халықты жаңылыстыру, алдау сөздері. Мұны М.Тайжанда оның жақтастары да, өзге адамдарда әлемге танымал 10 дипломы бар білікті заңгерлерде жоққа шығара алмайды.

  19. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 20:10

    Тайжан үнемі солқвлдақтвқ танытып жүреді.

  20. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 22:18

    мұхтар тайжанға осы туралы сұрақ қойғым келді, бірақ маған комментарий жащуға ұрықсат жоқ екен. Шынымен ле, жазғанын оқысаң барлық жерде тек 2021 соңына дейін дер шет елдіктерге сатылмайды дейді, ал обан кейін не болатынын егкім сұрамайды және оған өзі де жауап берген жоқ.

  21. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 22:23

    Мұхтар Тайжанға дұғай сәлем немесе «Жерді» сөзбұйдаға салғанда кім пайда табады?!

    ФБ-дағы Мұхтар Тайжан бауырымның:
    Мұхтар Тайжан
    17 февраля в 12:21 ·
    КЕШЕГІ ЖИЫННЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
    Бұл жиынды мен арандату-анонимка хат пайда болғаннан кейін өткізем деп шештім. Жер туралы жаңа заңын биліктің өкілдері және халыққа танымал тұлғалар бірге жиналып талқыласын, деп. Сонда ғана бұл заң халыққа айқын болады. «Мен барып тыңдайын» дейтіндерге есік ашық болды.
    Жалпы жиын өте пайдалы болды деп санаймын. Заңның жасаушылары (АШМ, вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Жер комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина), қабылдауш…,-
    -деп басталған жазбасына тікелей жауап жазған едім, көпшілікпен бөлісейін десем, өшіріп үлгергенге ұқсайды. Содан, екінші сәл кешірек видеосы бар 22 минуттық жазбасына салайын десем де, өшіріп тастағанға ұқсайды. Болмаса, мен кіре алмайтындай бұғаттап үлгерсе керек.
    Қалай десем де, айтпаса сөздің атасы өледі, жазып қойған дүниемді жариялайын. Достықта барларыңыз жеткізуге көмектеріңіз тиер деген үмітпен:

    Бауырым, мынау қай сасқаның? Үйректермен ісім аз.
    Сөйлейсің деп алып, қаша жөнелмей, сөз беріп, сол жерде сындыруға салмадың ба, жігіт болсаң?
    Жер-жерден келген желтоқсандықтарға неге сөз бермедің? Сонау Талдықорған, Шымкент, Алматының ауылдарынан өз қаржыларына келген желтоқсандықтарға не айтасың?
    Желтоқсандықтарды сыйлай алмаған сендей белсендімен ісім аз. Менде достықта бар батыстан келген бірталай бауырларыммен кездесудің сәтінен де айырғаның қалай?Жұма күні жұтып алды, жастарға не өнеге дегеніңе болайын…Төбелеске шақырды дегенің тіптім ұят екен. Қол жұмсауға тұрмайсың ғой?
    Мен сенен мұндайлық пасықтықты күтпеп едім. Кімнің кім екенін уақыт көрсете жатар.

    Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін де дұрыс түсіне алмай жүрген жастардан екенсің. Әйтпесе, өзің жақындап жүрген депутаттардың Жер Кодексіне енгізілген ҚР 17.11.15ж. № 408 – V Заңымен бұл бап 43-1 тармақшамен толықтырылып, ҚР 02.11.15 ж. №389-V Заңының 24 бабына енгізілген өзгертулер де 01.07. 2016 жылы күшіне енеді,-деген жолдары:
    Талғат Аян мен Макс Боқаевты бас бостандықтарынан айырып, басқа да жер үшін жанын шүберекке түйіп жүрген Айдын, Қайырлы сияқты жігіттердің басына бұлт боп үйірілгенін білмеуің мүмкін емес қой?!
    Қалай дегенмен мынауың адамгершілікке жат қылық.
    Антигептилде бірге болған күндерімізбен,
    90 жылдардың басында «Демократия үйінде» талай бас қосуларда бірге болған, сол үйде майшаммен қалған түндерімізде де болашақтан үміт үзбеген марқұм әкеңе деген сыйластығымыздың құрметіне, жан-жақтан жасалған қоңыраулар мен ұсақ-түйек термек болған журналистерге еш ауыз ашпай қалдырған едім. Сөйтсем, бірталайлары басып үлгергенге ұқсайды. Мысыққа ойын, тышқанға өлім дегендей, ертең, Мәжілістің 2-ші қарауындағы Жер Кодексіне енгізілмекші толықтырулар мен өзгерістер баршамызды алаңдатады. Өзің жар салған «вотсаптан» келген арандатушылар деген сөзге іліктіріп жібермесең болғаны. Бірден айтайын, желінің «Фейсбугінде» ғана отырамын. Маған телефонмен қоңырау салғаның да жеткілікті. Кімнің бұрыс, кімнің дұрыс жасағанын уақыт өзі көрсетеді. Тек Еліміз, Жеріміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бір Тәңірден тілерім де осы.
    Сол үшін де бетіміз әрқашанда ашық болсын, желідегі достарым!

  22. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 22:24

    Құрманғазыға100% қосыламын. Мұхтар туралы ойымды осы феисбукке ашық жазғанмын, Мұхтар қазақ елін алдады-десем артық емес,ол жоғарыда отырған шенеуніктердің қол шоқпары,екі жүзді, нағыз адамгершіліктен жұрдай адам- десем, артық емес, егер Мұхтар туралы ойым дұрыс болмаса бір Алла өзі төрелер.

  23. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 22:29

    Өтірік айтушы Мұқтар. Осыны жалдап отырған үкімет өтірік айтып, арманын орындауға шақ отыр.

  24. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 22:47

    Мұхтарды жақтағандар – Жердің сатылуын жақтағандар

  25. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 22:59

    Тарихта саткындардын тагдыры – Бир ! Аруак атады !

  26. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:06

    Ғабиден бауыр дұрыс айтады. Сатқындарды әруақ атады

    • 23 Ақпан, 2018, 05:10

      Саткын саткын дисиндер сонда бул мухтар окиметке сатылып кетти ме

    • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 13:31

      «Әруақ атады» дедің бе? Салтанат Арын, Сен «Әруақ» деп айтып ЖАРАТУШЫ АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ШИРК КЕЛТІРДІҢ!!! АЛЛАҺ ТАҒАЛА кез-келген КҮНӘЛАРДЫ кешіреді, ӨЗІНЕ ШИРК КЕЛТІРГЕНДЕРДІ кешірмейді!!! АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ШИРК КЕЛТІРУ – ЕҢ ҮЛКЕН КҮНӘ!!!
      ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!!!

      • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 13:40

        Салтанат АРЫН, Ғабиден ЖАКЕЙ, Сендер «әруақ» деп айтып АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ШИРК КЕЛТІРІП – МҮШРИК БОЛДЫҢДАР!!! СҮБІХАНАЛЛАҺ!!!

      • 23 Ақпан, 2018, 14:49

        Сол иыгындагы сайтаны,он иыгындагы сайтанымен алысып жатыр.
        кияметтiн кыл копipiнен тайып кетпегiн.

        • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 14:54

          АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ШИРК КЕЛТІРГЕН МҮШРИКТЕР АХИРЕТТЕ СИРАТ КӨПІРІНЕН ТОЗАҚ ОТЫНА ТАЙЫП ҚҰЛАЙДЫ, ТОЗАҚ ОТЫНДА МӘҢГІ АЗАПТАЛАДЫ!!!

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 15:38

            Еи! Вахаббист! Арапкул! Курышы бул жерден манырамаи!

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 16:13

            Ей,, Қазақ осы сөзің үшін, яғни, мені «Ваххабис» деп айтқаның үшін ҚИЯМЕТ КҮНІ АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ алдында жауап бересің және ОЛ КҮНІ СЕН МӘҢГІЛІК ТОЗАҚ ОТЫНДА АЗАПТАЛАСЫҢ!!! АЛЛАҺУ ӘКБАР!!!

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 16:22

            Қарай гөр мына Қазақ деген немені, мені «Ваххабис» дегенің үшін АЛЛАҺ ТАҒАЛА ЖАЗАҢДЫ БЕРЕДІ!!! АЛЛАҺТАН ҚОРЫҚ!!!
            Қазақ болсаң жөніңмен Қазақ бол!!!!!!

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 17:25

            73ке болинген иттердин каисын аитсам туспеимин,сен барып келген тозакка?Аа! Сол тозакта казир озин журсин! Азапталып,адасып,отка куип,оз дастуринди таптап,Бабаларыннын Аруахтарын ширк деп,жолынды таба алмаи журсин Бауырым! Оилан,сен Казаксын! Канша жерден солардын уагызын тындаганмен,араб бола алмаисын! Аруах деген-Аталарыннын кози,естелиги гои! Сол кисилерди калаи умытпакшысын! Оларды умытканын-тозак деген сол! Оилан Бауырым! Сенин Жумагын касында-отбасын,туыстарын,достарын,Отанын,АТа-Ана,Ата-Баба Аруагын курметтеу! Оз аранда сыилы,курметти болу!Арабтын тозагы мен жумагын ешким корип келген емес,келмеидиде!

  27. 22 Ақпан, 2018, 23:07

    Елді жиынға шақырып алып, сөз бермей, алды артына қарамай қашып кеткенін қарасай мұның

  28. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:07

    Мұхтар Тайжан жерді де, елді де сатып жібереді

  29. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:09

    Желтоқсан қахарманы Құрманғазыға сөз бермегенімен қоймай, ішіп келді, мені ұрмақшы болды деп жала жапқанын қара жанкештінің

  30. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 13:17

    сонымен мухтар таилак шпион болып шыктыма .

    • 23 Ақпан, 2018, 14:50

      Сол иыгындагы сайтаны,он иыгындагы сайтанымен алысып жатыр.
      кияметтiн кыл копipiнен тайып кетпегiн.

    • 26 Ақпан, 2018, 21:32

      Мухтар тайлак шпион болса,акесi Болатхан Тайжаннын аруагы урады.

      • Белгісіз 26 Ақпан, 2018, 21:40

        Сен «Әруағы ұрады» дейсің бе?! АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ШИРК КЕЛТІРДІҢ! бір сөзбен айтқанда МҮШРІК болдың!!!! Мейлі, маған бәрібір, ҚИЯМЕТ КҮНІ АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕСІҢ!!!! Айтпады деме!!!!

        • 26 Ақпан, 2018, 21:50

          Елдiн барi ширк,жалгыз озiн цирк.

          • Белгісіз 26 Ақпан, 2018, 21:52

            Ал, сен МУШРИКСІҢ, яғни, АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ШИРК КЕЛТІРУШІСІҢ!!!!!

  31. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 15:05

    Мұхтарда кейбіреулердің кеткен есесі бар. Сондықтан оны қудалап отыр. Жігіттер жеке бастарыңның шаруасын мұндай ірі мәселеге араластырмаңдар, ұят болады.

  32. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 15:06

    Жер сатылмайды. 2022 жылға дейін сатылмаса онан әрі де сатылмайды. Оған дейін бәрақ кім бар, кім жоқ?

  33. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 15:07

    Халықтың көтерілуі жақсы нәрсе емес. Одан да елді сабырға шақырайық.

  34. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 15:51

    Давайте не будем негативно мыслить, почему все думают что правительство прям хочет продать все наши земли, они ведь тоже люди, они тоже граждане своего народа! Я верю им, неужели они не такие же как мы

  35. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 15:52

    Как говорится доживем увидим) Но думаю все будет хорошо

  36. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 15:52

    Умеют критиковать диванные критики! Сделайте что нибудь хорошее для народа и все!

  37. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 17:27

    73ке болинген иттердин каисын аитсам туспеимин,сен барып келген тозакка?Аа! Сол тозакта казир озин журсин! Азапталып,адасып,отка куип,оз дастуринди таптап,Бабаларыннын Аруахтарын ширк деп,жолынды таба алмаи журсин Бауырым! Оилан,сен Казаксын! Канша жерден солардын уагызын тындаганмен,араб бола алмаисын! Аруах деген-Аталарыннын кози,естелиги гои! Сол кисилерди калаи умытпакшысын! Оларды умытканын-тозак деген сол! Оилан Бауырым! Сенин Жумагын касында-отбасын,туыстарын,достарын,Отанын,АТа-Ана,Ата-Баба Аруагын курметтеу! Оз аранда сыилы,курметти болу!Арабтын тозагы мен жумагын ешким корип келген емес,келмеидиде!

  38. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 17:38

    Рас, алғашында осы тақырып сөз бола бастаған кезде үрей мен қорқыныш бойды биледі. Дегенмен, соңынан айтылғанның бәрі жалған болып шыққанда жанымыз тынышталды ғой.

  39. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 17:40

    Келерді болашақта білерміз, әзірше осы шешімге разымыз.

  40. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 17:40

    Ел үшін шырылдап жүргендердің біреуі бұл азамат.

  41. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 17:42

    Жер ешқашан ешкімге сатылмайды, бұл туралы ақпарат таратып жүргендер халықты арандатушылар ғой нағыз.

  42. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 17:42

    До этого времени нужно еще дожить, а пока данный закон вполне устраивает.

  43. Белгісіз 26 Ақпан, 2018, 21:14

    жерді сатуға назарбаев мүделі болып отыр нағыз сатқын сол мұхтарға ұқсаған күнкөргіштер арамшөпке ұқсап қазір \қаптап кетті. билікке қазір шын қарсылас тек аблязов басқалары түрін өзгерте салатын хамелондар.

  44. Белгісіз 19 Наурыз, 2018, 12:04

    Тіл, Жер мәселесіне пікір жазайын десем ашу-ызадан қалшылдап кетемін. Жүйкемді жұқартпайын деп оқымай-ақ қояйын десем тағы болмайды. Оқысам қолдан келер амал жоқ, жүйкем жұқарады.
    Осы бізден басқа ТМД елдерінде Жер заңы бойынша біздің елдегідей мәселелер бар ма екен? Неге біздің қазақ қана әлі күнге дейін Тіл мен Жер дауын шеше алмай келеміз?
    Айтыңдаршы, неге…?

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.