Ханымыздың әруағын тілдеп жатса да, Атамбаевты қолдау – тобырлық!

Бөлісу:

«Қазақ үні» ұлттық порталындағы Хан Кененің әруағына тіл тигізген Қырғыз президенті А.Атамбаев туралы Қазыбек Исаның «АТАМА ТІЛ ТИГІЗБЕ, АТАМБАЕВ, АТАУСЫЗ ҚАЛАСЫҢ!»-атты мақаласы қоғамда үлкен резонанс туғызғаны белгілі. Әлеуметтік желіде пікір қосқандардың басым бөлігі қолдап жатыр. Бірнеше сайттар көшіріп басқан бұл мақаланың маңызын Ютубтағы ASYL video арнасында 100 мыңға жуық адам қарап, 2 мыңға жуық адам талқылағанынан-ақ білуге болады.

Бүгін осы тақырыпқа үн қосқан белгілі журналист, Абай.кз сайтының редакторы Нұргелді Әбдіғанидың мақаласын ұсынып отырмыз.

 

Қазақстан десе аузына ие болмайтын Атамбаев Путиннің қонақасында  «Мен Ресейді сүйемін» деді…

 

Атамбаевтың сөзін қостаушылар – тобыр!

Назарбаевқа қарсы болудың  жөні осы екен деп,  қасиетті  ханымыздың әруағын тілдеп жатса да оны қолдағандарды тобырлық демей не деуге болады?

Ешкім мұнда қазақ пен қырғыз даулассын деп жатқан жоқ. Атамбаевтың аузындағы сөз бүкіл қырғыздың аузындағы сөз деп отырған ешкім жоқ. «Бектер кетер ел қалар» деп отырмыз! Сөздің парқын ұқпаса, айтқыш екен деген Атамбаев дейтін Кремльдің батасын алып Президент болған, Өзі Ресейді сүйетін (өзі айтты) адамды бұрын ешкім айтпаған шындықты айтқан батыр деп тануды не деп айтуға болады?
Мен ешкімге пікіріңді  өзгерт демеймін. Менің пікір айтуға құқым бар. Мен үшін Атамбаев – үлгі емес! Болды. Ал аузына ие бола алмайтын, айтқан сөзі ұлтаралық араздықты қоздыратын  бір адам болса – ол Атамбаев! Бастаған сол, жалғастырып та жатыр!
Ал айтайық онда. Ашық шындықты айтқыш Атамбаевтың өзі екіжүзді,  Атамбаев мұрагерім болмайды, сайлауға араласпаймын деді. Ақырында өзі ашықтан ашық Жиенбековты қолдап, Бабановты қаралауға кірісті. Оның Үкіметіндегі вице-премьер Зилилаев Дүйсенбек деген Атамбаевтың  кандидатына үгіт-насихат жасады.
Әуелі сайлаудан соң,  шығармашылықпен  айналысамын деп еді, енді саяси-қоғамдық  қызметімді жалғастырамын деп отыр.
Президент Назарбаев сайлауға ықпал жасады деді.  Мұнда ықпал етуші Ресей туралы неге ешкім жазбайды? Атамбаев Сочиге барып, Жиенбековке қолдау сұрап келді ғой. Ресей араласуға болады, Қазақстанға болмай ма? Кешіріңіз, бұл дискриминация.
Қазақ пен қырғыз туысқан ел дейміз. Ол туыстықты біз емес, Атамбаев даурықтырып тұр.
Атамбаев қырғыз мафиозының өкілі, сайлау алдында тапанша асынып, атысуға даяр тұрғаны жария болған. Өзі де 2011 жылы сол кездегі премьер-министр Путинмен кездесіп, сайлауда қолдау сұрап келді.
Өткен жолы ғана, Путиннің қонақасынды қолына бокал толы шампан ұстап тұрып, «Мен Ресейді сүйемін» деп сөйледі.  Иә, сүйсін! Маған десе, Кремльге көшіп алсын…
Қазақстан Бакиевтерді қолдайды дейді. Бакиевтің көзі көкала қойдай көгеріп, өлгенше тепкі көрген командасы қазір Қырғызстан билігінде, Жиенбековтің сайлау компаниясында жүргенін қалай түсіндіресіздер?
Мейлі, алғашқы сөзінде Қазақстан туралы  қатты айтқан шығар, Ондай мәселені  елімізде де әркім айта алады, айтып та жүр. Бұл популизм.  Ол сол сөздері арқылы өз публикасына жұмыс жасап отыр.

Қазақстан Президентіне тиісті. Үндемедік. Мейлі, екеуінің арасындағы проблема. Ал енді міне, Қазақ Тәуелсіздігі үшін жанын берген, қазақтардың алауыздығының кесірінен қырғыз манаптарының қолынан қаза тапқан Хан Кененің әруағына тіл тигізгені шектен шыққандық. «Қылышпен келгендер басын қалдырып кетеді » деген сөз ұққанға – Кенесарыны айтып отыр. Мен де қырғыз жұртын сүйемін,  бауырлас ел. Ал енді Атамбаев секілді оңғақ саясаткелер елдің ортасына от салып отыр. Ұлтаралық араздықты – Атамбаев жасап отыр. Біздің қайсымыз – қырғыздың атасына тисіп, ұлттық құндылықтарына тиетін сөз айттық? Қайсымыз қырғыздың тарихи тұлғасын, ханын, манабын, батырын тілдеп жатырмыз? Ешбіріміз. Ендеше, кім араздық қоздырып отыр?..

Әр нәрсенің жолы бар, жөні бар.  Атамбаевты қолдау, сөзіне еріп кету, сөйтіп Ханымыздың әруағын  тілдеп жатса да, көз жүма қарауды – тобырлық пен құлдық дегеннен  басқа не деп айтуға болады?!.

Нұргелді  ӘБДІҒАНИ

Бөлісу:

51 пікір жазылған

  1. Ойлан! 15 Қазан, 2017 23:56 Жауап

    ПУТИН 07 ҚАЗАНДА 65 ЖАСҚА ТОЛДЫ.АТАМБАЕВ 07 ҚАЗАНДА ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА,ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНЕ ТІЛ ТИГІЗДІ,ЖАҚЫНДА НЕВСКИЙ ОРДЕННІМЕН МАРАПАТАЛДЫ.ЕНДІ ЖЭЭНБЕКОВТЫ БИЛІККЕ ӘКЕЛДІ 55 ПАЙЫЗБЕН.АТАМБАЕВ ПРЕМЬЕР БОЛАДЫ,ЖЫЛДАР ӨТЕ ПУТИН СИЯҚТЫ ПРЕЗИДЕНТ БОЛАДЫ.

  2. Сақтан! 16 Қазан, 2017 00:02 Жауап

    ПУТИН ТАРИХТА ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІ БОЛМАҒАН ДЕГЕН СӨЗІН,АТАМБАЕВ ІЛІП АЛЫП ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІН НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН КЕРЕЙ-ЖӘНІБЕК,ЖӘНЕ ҰРПАҚТАРЫНА ЖАЛА ЖАПТЫ,ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НАМЫСЫНА ТИДІ.САҚ БОЛУ КЕРЕК ҚАЗАҚ ЕЛІ.

    • Айна 16 Қазан, 2017 10:53 Жауап

      Казак ели болмаган деген Путинди кесип алдындар ма?Ащы да болса шындыкты айткан Атамбаевка шуйлигип.Елдин арасына иритки салган биздин жак емес пе?Биреудин ишки шаруасына араласу дурыс па? Жулысып калган корши катындар сиякты , шекарада, карапайым халыкта нелери бар?Еки катын урысып калса балаларын айтактау керек пе?

    • Раушан 16 Қазан, 2017 15:55 Жауап

      Қазақ халқының тарихын ешкім өшіріп тастай алмас. Дегенмен, бір-бірімізді қайрамай, сабырлық танытайық.

  3. Тарих 16 Қазан, 2017 00:07 Жауап

    КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ҚЫРҒЫЗ МАНАПТАРЫ НИКОЛАЙ I ,10000 РУБЛЬ АҚШАСЫНА ҚЫЗЫҒЫП САТҚЫНДЫҚ ЖАСАП ӨЛТІРІП БАСЫН САТЫП,ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ҚИЯНАТ ЖАСАҒАН 1847 ЖЫЛЫ,170 ЖЫЛ ТОЛДЫ,САҚ БОЛАЙЫҚ ҚАЗАҚ ЕЛІ.

    • Намыс 16 Қазан, 2017 08:05 Жауап

      Осыдан кейін басқа ұлттарға қазақ жері ғана керек екені білініп қалды,жер митингісінде де қазақ қана шықты басқалардвң басы ауырмайды.
      Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын деген.

  4. Жанатбек 16 Қазан, 2017 00:11 Жауап

    Бастысы едлер арасында тыныштық болсыншы, бұндай ауыз менікі дейтіннің біреуі ғой бұл

    • Ағаш 16 Қазан, 2017 00:40 Жауап

      Иә, бейбіт заманды ұстанайық халайық. Дегенмен енді Атамбаевтың істегені шыныменде дұрыс емесқой. Өкінішті

  5. Сақ болайық! 16 Қазан, 2017 00:18 Жауап

    АТАМБАЕВ АРАНДАТУШЫ ОЛ БІРЕУГЕ СЕНІП ІРІТКІ САЛЫП ОТЫР.БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗҒА ЖАЛА ЖАУЫП,СОЛ ҮШІН ҚАЗАҚ ЕЛІ ӨТЕ САҚ БОЛУЫ ҚАЖЕТ,СЕБЕБІ ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН КЕҢ БАЙТАҚ ҚАЗАҚСТАНДЫ КӨРЕ АЛМАЙ ОТЫР,ӘЛЕМДЕ БІЗ 9 ОРЫНДА ЖЕРІМІЗДІҢ КӨЛЕМІ.ҚЫРҒЫЗ 85 ОРЫНДА ТҰР ЖЕР КӨЛЕМІ.

  6. нурик 16 Қазан, 2017 00:22 Жауап

    1,2,3ке сак болсак сак болаиык деп жаптыкгои шегараны шала жансар суттеринедеин тексерип кери каитарып жиберип жатырмыз ишине бирден косып жиберДимедеп .сак болаиык неден?

  7. анкау 16 Қазан, 2017 00:29 Жауап

    осы аитыс тартысты коя коисак каитеди арадан 170жыл отипти казирги кыргыз урпактарынын бул трагедияга кинасы жокгои.Гитлер голешекиннин урпактарыда жургои ешким жагаларынан алып жаткан жок.

  8. Ашкөз! 16 Қазан, 2017 00:32 Жауап

    ТАРИХТАН ОСЫ ҚЫРҒЫЗ БАСШЫЛАРЫ АҚША КӨРСЕ КӨРШІ ЕЛДЕРІНЕ ЖАСЫРЫН, АШЫҚ ҚИЯНАТ ЖАСАҒАН.

  9. Қылтемір 16 Қазан, 2017 00:44 Жауап

    Мақаладағы сөздердің әр қайсысы көзімді ашып, нағыз шындықтың өзіне жетемелетті. Бұдан кейін Атамбаев деген сөзді естісем құсып қалуым әбден ықтимал

  10. Босаға 16 Қазан, 2017 00:45 Жауап

    Әй осы Атамбаев кеткенімен, тағы бір нәрсе ойлап таппағаны болмаса керек

  11. Алаш 16 Қазан, 2017 00:47 Жауап

    АТАМБАЕВ ОЛ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ БАСШЫСЫ,ОЛ ЕШҚАШАН ҚАЗАҚ ҮШІН ДЕМЕЙДІ.ҚЫРҒЫЗЫМ ҮШІН ДЕЙДІ.ОНЫҢ МАҚСАТЫ ОТ САЛУ!

  12. Казакпай. 16 Қазан, 2017 00:54 Жауап

    Атанбаев шизофрения ауруымен аурады. Психтан несурайсын. Кыргыздарда тусинген шыгар. Еси дурыс болса жауап береди. Уакыт емдейди. Беталды шулаганнан баска неистейаламыз. НАНын намысы болса жазалайды ол бишараны.

  13. Зура 16 Қазан, 2017 01:20 Жауап

    Мына Атамбаевқа бола біз бауырлас елмен жауласпаймыз. Ал Аша қазаққа тіл тигізгені үшін өзі жеке жауап беретін болсын

  14. Лола 16 Қазан, 2017 01:22 Жауап

    Бір Атамбаев үшін қырғыз халқын жек көруге болмайды! Біз бәрібір бауырмыз

  15. Элиза 16 Қазан, 2017 01:24 Жауап

    Тыныштық керек бәрімізге… Сондықтан мұнда не болсын соны жаза беруге болмайды халқым

    • Ғалия 16 Қазан, 2017 16:05 Жауап

      Расында да, әр нәрсені бір жазып, елдің жазасын алмайық. Дегенмен, екі елдің бауырлас халық екенін барша жұртшылық жақсы біледі. Және Қырғыз басшысы олай деді, бұлай деді деп халық пен халықты шекістірмегеніміз абзал.

  16. Луиза 16 Қазан, 2017 01:28 Жауап

    Мақаладағы пікірмен толық келісемін! Атамбаев үшін қырғызды жек көрмейік ағайын!

    • Бақытгүл 16 Қазан, 2017 15:58 Жауап

      Луиза, дұрыс айтасыз. Бір адамның пікірі бүкіл елдің пікірі емес қой. Бауырлас елдермен байланысымыз үзеле қоймас деген ойдамыз.

  17. Еділ қаған 16 Қазан, 2017 01:46 Жауап

    Атамбаевтың латыншаға көшуден бас тартқанын көргенде-ақ осының ресейдің ығымен кеткенін білгенбіз. Қазіргі жапандану кезінде түркі мемлекеттерінің ауызбірлігі керек-ақ. Рас, сақ болайық. Бұлар тіпті әлемдік қауымдастықтан да ықпайды. Өзімізге сенуіміз керек. Елбасы саясатын қолдаймыз.

  18. Мақсат 16 Қазан, 2017 01:53 Жауап

    РЕСЕЙ ТҮРКІ ҰЛТТАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСПАУ ҮШІН,САТҚЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНАДЫ,ТҮРКІ ХАЛҚЫ БІРІКСЕ 200 МЛН ХАЛЫҚТАН АСАДЫ.ЕЛБАСЫМЫЗ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫН ҚОСЫП G20 СИЯҚТЫ АНОЛОГ ЖАСАЙТЫН МАҚСАТТЫН АЙТЫП ЕДІ.

  19. Қолқоюсыз 16 Қазан, 2017 02:03 Жауап

    ресейдіңөзінақштағыгерманияфранциядағысайлауғаарааласты депәлемдікбакшулатқаныесте, мынаудасаусиырдыңбоғыемесқой

  20. Қолқоюсыз 16 Қазан, 2017 02:55 Жауап

    әліде артарына кіре тұрыңдар бір-туған бір-туған деп жақсы болады айтпақшы ана сайтардың көземі гүлі болып данасы ақылсымақ алысты болжайтын әр түрлі лақап атар менен шықып жүрет білгіш сымақтар неқылдыйды екен түңілген антакия төре калбид адай шал жалпы дізе берсең көп сол сайтың көсем білгіш сымақтары неге үнсіз немесе әртүрлі лақап пенен шығып жүрген сатқын сымақтарма

  21. диуана 16 Қазан, 2017 03:19 Жауап

    ал енді атамбаевтың адамы жеңді енді не болады қырғыз өзбек бір туған қазақ диуаны кім туған деп рессеидегі атасының айтыу менен өзбекке бара не және маңқа қазақтар құлаққа теуіп кетеме сол қызық болып тұр маған

  22. Қолқоюсыз 16 Қазан, 2017 12:42 Жауап

    БІРЕСЕ ӨЗБЕК БІРЕСЕ ҚЫРҒЫЗ НЕ СОНДА КӨРІНГЕННІҢ БОҚ ТЫҚ СӨЗІН ТЫҢДАП ОТЫРА БЕРЕТІН ӨРЕСІЗ ХАЛЫҚПЫЗБА? ШОҚПАР ЕМЕС ЖАУАП СӨЗ БОЛУ КЕРЕКҚОЙ. БАБАЛАРЫМЫЗҒА БІРНЕШЕ САТҚЫНДЫҚ ЖАСАҒ

  23. Казак баласы 16 Қазан, 2017 15:09 Жауап

    Осы Атамбайов айтып еді намыстарын ойанып,батыр бола калдык,осы батырлықты кеше торғайдың жерін палйгон кылып расия га бергенде неге уйнсіз калдарынн,неге деген суракты койып көрдің дерме өздеріне?

  24. Фарида 16 Қазан, 2017 15:53 Жауап

    Президенттік тағынан кетіп бара жатып Атамбаев мызза келеңсіз әрекеттер көрсеткені ұяттау болды. Бір елдің басшына сай әрекет танытпады.

  25. жандос 16 Қазан, 2017 15:56 Жауап

    атамбаевты қаралауға келгенде шибөрідей қаптаған к…т жалағыштар нән-қазақтың жері мен байлығын әйелдерді 63-ке дейін еңбек демалысына шығармаймын және полигонға ресейге тың жерді беріп жатқанда ауыздарың буылған өгіз болдыңдар атамбаевқа келгенде елді қорғаушы бола қапсыңдар қандай кқтлақ екендерің осыдан көрінеді.

  26. жұлдыз 16 Қазан, 2017 18:21 Жауап

    ол біздің прездиентке тіл тигізу арқылы елімізге деген сыйластығының деңгейін көрсетті! Осыдан кейін оны қалай қолдап, сөзін сөйлейін деп отырсыңдар?

  27. зұлқия 16 Қазан, 2017 18:21 Жауап

    Назарбаевты біз өзіміз сайладық, ол біздің таңдауымыз. Оны басқа ел жақтырмай жатса, өз мәселесі. Ал біз керісінше жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырмаймыз ба! Топас қызбалық осы қазақтікі.

  28. инабат 16 Қазан, 2017 18:23 Жауап

    ол қазаққа жаны ашып отырғаны да шамалы, халықтың қараңғылығын пайдаланып өзіне ұпай жинамақшы болды бар болғаны.

  29. Қолқоюсыз 16 Қазан, 2017 21:45 Жауап

    зұлқия сіз бүкіл қазақтың атынан сөйлемеңіз, мен президентті таңдаған жоқпын, менің таңдауым емес ол кісі. Сосын мәселе жақтыруда емес ашық түрде қазақ билігінің ұрлығы мен іс-әрекетін айтты.

    • Тарлан. 19 Қазан, 2017 09:24 Жауап

      Дүрыс-ақ бәрі! қымбатшылықты реттесін өкімет, сосын халық бағасын берер. Политика таза нәрсе емес. А-ның кейбір сөздерінің шындығы бар? кейінгісі артықтау екені рас аруақта несі бар. боқ мұрындар сенен жоғарыда тұрмын деген сөзімен атамыздың алда келеміз не айтсада.

  30. Қолқоюсыз 16 Қазан, 2017 23:17 Жауап

    Атамбаевқа кінә таққанша, батыл болсаңдар неге биліктің алдына барып айтпайсыңдар Торғай жерін улайын деп жатқандарын, жерді аман алып қалғандардың түрмеде отырғандарын, халықты қайыршы күнгөрістік жалақыға отырғызғанын, жердің асты мен үстінің сатылып қазақтың ақшасын көрмей отырғанын, орыстілді билік қазаққа басқа елдің тілінде сайрайтынын, өтірік бағдарламалар қазаққа жақсылық әкелмегенін, мейрам сайын биліктегілер өздеріне өздері ұялмай қызармай медаль мен ордендарды, неше түрлі премияны алатындарын, нәтижесіз отырған билік жылдар бойы қатарларынан жұмыстан шығарғандарды қайта билікке әкеліп, елдің берекесін алып, жүйкесін тоздырғандарын айтыңдар, бар білгендерің Атамбаевқа жармаса бересіңдер

  31. Қазақ 17 Қазан, 2017 10:54 Жауап

    Атамбаевтың кесектей сөздерді сөйлеуі; біріншіден біз оны өз құлағымызбен естіген жоқпыз, екіншіден бұл әдейі саяси түрде жасалып жатқан былықтар болуы мүмкін соғыс отын тұтандыру мақсатында, үшіншісі бұл Атамбаевтың сөзі біз үшін маңызды емес айтады айтады ол да мәңгілік емес, төртіншіден Атамбаев бұндай сөздерді айту себебі артында сенер бір адамы бар шығар ол кез келген мемлекет болуы ғажаб емес. Бұл әлемде саяси ойындар жүріп жатыр, бір мемлекет соғысты әдейі ұйымдастырып қаруын өткізеді т.б. бар. Сондықтан өзіміздің тұрақтылығымызды сақтап, шүкір етейік шынын айтқанда қазақ елі үшін Атамбаев ешкім емес……………………

  32. Қазақ 17 Қазан, 2017 15:03 Жауап

    БІЗДЕР МЕНДЕ ҚАЗАҚПЫН.БІР АДАМДЫ МАҚТАСА СОНЫ БƏРІ МАҚТАИДЫ.СОЛ АДАМДЫ БІР АДАМ ЖАМАН ДЕСЕ БƏРІ СОНЫ ЖАН ДЕЙДІ.АНЫҒЫН БІЛІП ТҮСІНІП ТЕКСЕРІП ЖАТПАИДЫ.МЕН АТАМБАЕВТЫ АЙТЫП ОТЫРҒАН ЖОҚПЫН.ҚОЛЫМ БАР ТЕЛЕФОНЫМ БАР ДЕГЕНДЕИ.БІРІНШІ БАСЫҢ БОЛСЫН.БІЛМЕСЕҢДЕР ЖАЗБАУ КЕРНК ЕМЕСПЕ?ҚАНЫҢ ҚАЙНАП КЕТЕДІ.

  33. Жадырасын 27 Қазан, 2017 20:28 Жауап

    Елбасымыз аман болсын. Атамбаев дурыс айтпады. Елбасына жане болашакка сенейик

Пікір немесе жауап жазу

3 − бір =