Божко өзін «шовинист» деп атағандарға қатысты пікір білдірді

1642
11
Бөлісу:

© Тұрар Қазанғапов

Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко ауылдан қалаға ағылып келіп жатқан жастардың санын азайту жайлы сөзін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Депутаттың айтуынша, ол бұл сөзді айтқанда өңірлерде жағдай жасау туралы, яғни, ауылдан келетін жастарға қала жастарымен бірдей жағдай жасау жайлы ойды жеткізгісі келген.

«Тыйым салды деген сөз – бас десе, құлақ деу.  Мен тыйым салу керек (қалаға ауыл жастарының келуіне – автор.) деп айтқаным жоқ, бұл әр адамның конституциялық құқығы. Мәдениет мәселелерін шешу, жақсы ақша беретін жұмыс тауып беру, жақсы инфрақұрылым жасау», – деді Божко.

Сондай-ақ, ол «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлінген қаражаттың бір бөлігін ауылдарда тұрғын үй жағдайларын жасауға бағытталуы жайлы айтқанын түсіндірді.

Депутаттың айтуынша, ол осы күнге дейін Интернетте өзіне қатысты айтылған түрлі тіл тигізетін сөздерді оқыған.

«Біреулер тіпті дөрекі сөздер жазып, мұны шовинизм деп айыптап жатты. Меніңше, ол адамдар өздерін танымал ету мақсатында менің сотқа дейін барғанымды қалайды. Ал мен сотқа арызданбаймын, мен олардың бұл әдісін білемін. Қазіргі уақытта ақпараттандыру туралы заңды қарап жатырмыз. Менің ойымша, дөрекі пікірлер жазатын және Интернетте өздерін қалай болса солай ұстайтын азаматтарға осы әрекетіне жол бермейтін уақыт келіп қалды», – деді Владимир Божко.

Еске сала кетейік, осыған дейін Депутат «Абу-Даби Плазада» болған төбелестен кейін ауылдан келетін жастарға қатысты пікір білдірген болатын. Айтуынша, Астанада болған төбелестен кейін әлеуметтік желілерде ауылдардан келген жастардың арандатушылық мәндегі сөздері таралып жатыр.

«Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайтын арандатушылық мәндегі мәліметтер таралып жатыр. Ондай пікірлердің басым бөлігі ауылдардан келген жастардан, өздеріне лайықты ақша беретін жұмыс табуға қиналып жүрген жастардан келіп жатыр», – деген еді депутат.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

  1. Мұстафа 20 Қыркүйек, 2017 15:03 Жауап

    Көркейсе ауыл көркейеміз Бəріміз.Ауылға бет бұр шенеуінік.Қазақтың қара баласын қалаға қаңғытпай.

  2. Қолқоюсыз 20 Қыркүйек, 2017 16:04 Жауап

    Көркейсе ауыл, көркейеміз Бəріміз. Ауылға бет бұр, шенеуінік!
    Қазақтың қара баласын қалаға қаңғытпай.

  3. Назар 20 Қыркүйек, 2017 17:25 Жауап

    Бұлар бір сөз айтып алып, соңынан халыққа солай айтайын деген едім, халық теріс түсініпті деп сандырақтап жатады. Сонда халық ақымақ сөз түсінбейді деп отыр ма?!

  4. Қолқоюсыз 20 Қыркүйек, 2017 19:16 Жауап

    Дұрыс шығар.Ақпарат таратқанда лауазымды айтқан адамның қол қойып,растап алып,қалай айтылғанын сосын тарату керек.Тек аузын бағып түсінбей ақпарат таратуға болмайды!Халықты бір алдап,Лауазымды адамды ұятқа қалдыруға болмайды.Дұрыс рас шындық десе бұл кісі,растығын білдіріп ауылдарға ақша бөліп,жұмыссыз жүрген əрбір жастарға жұмыс тауып берсін!

  5. Қолқоюсыз 20 Қыркүйек, 2017 21:42 Жауап

    Как всегда виноваты журналисты, простой народ. Потому что власть привыкла слушать о себе сладкие песни, какие они неотразимые и незаменимые, а народ так не думает, 1000 законов принимаете, а толку от них, теперь пугаете нас, что нам рты закроете своими законами, чтобы мы свою личную позицию не имели, тогда удалите нам мозг и замените своими. Ждем, господа, не вы, а мы же, ваши слуги.

  6. Сарсенкул апай 21 Қыркүйек, 2017 07:32 Жауап

    Божко сотка ьермейдi,ол баска жолмен жазалап жатыр.Кешелiберi электросеть те электромагниттi желi кушейтiлiп электромагнитпен урып жатыр.Кск аркылы.Ендi тусiнiктi ар патерге желi калай тартылганы.Мен бандиттер шыгар деп едiм ЧС тiн жумысы екен гой,кемпiр -шалды олтiру,квартира тартып алу ашыктан ашык журiп жатыр.Полициянын реакциясы жок,жуз арыз жазсанда.Ендi какарссойлегендi кыратын шыгар.Мен есiмiмдi жазудан корыкпаймын

Пікір немесе жауап жазу

2 × екі =