ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ жауап беруден БАС ТАРТҚАНДАР жұмыстан ҚУЫЛДЫ!!!

4125
40
Бөлісу:

Павлодар қаласында тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің қиындыққа тап болғанын жақында «Қазақ үні» ұлттық порталы жариялаған болатын.

Павлодар қаласында тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің қиындыққа тап болғанын жақында «Қазақ үні» ұлттық порталы жариялаған болатын.

Еске сала кетсек, Руза қаладағы 7 трамвай кондукторына «Қазақ тілінде неге xабарламайсыз» деп, мемлекеттік тіл мүддесін – мемлекет мүддесін қорғағаны үшін кондуктордан «Қазақ тілі неге керек»-деген нешетүрлі қорлау, жала сөз есітіп, трамвайды тоқтатқан! Оқиға орынына полиция шақырылып, оны алып кетпекші болған!

Аталмыш оқиғаға «Қазақ үні» ұлттық порталы бастап, бір топ зиялы қауым, қоғам қайраткерлері үн қосып, тіл жанашырына араша түсті. Бүгін Руза ханым әлеуметтік желіде сол трамвайдың кондукторы мен жүргізушісі қызметтен қуылғанын жазды.

Біз мемлекеттік тіл туралы заңды бұзған трамвай жүргізушісімен қоса кондуктор мен контролерді заңға сәйкес жұмыстан шығарып мемлекеттік мүддені қорғаған трамвай басқармасы басшылары А.Рыбалко мен Айтуар мырзаларға алғыс айтамыз.

Қазақ тілі үшін жанын аямайтын Руза Бейсенбайтегінің ерлігі барша қазақ баласына үлгі болса екен дейміз!!!

qazaquni.kz

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН қыспақта қалған Керекулік батыр қыз Рузаға АРАША ТҮСЕЙІК!

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 40 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 18 Қыркүйек, 2017 17:00 Жауап

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТЕК ҚАРАПАЙЫМ ТРАМВАЙШЫЛАРМЕН ШЕКТЕЛІП ҚАЛМАЙ,БАРЛЫҚ САЛА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛМЕН ЖАҢЫРУ КЕРЕК.

  2. Ермек 18 Қыркүйек, 2017 18:26 Жауап

    Бұл барлығының жеңісі. Тіл мәселесімен айналысатын құзырлы органдардың да еңбегі зор ғой. Осылай бірігіп тіліміз алға басатыны анық

  3. Рауза 18 Қыркүйек, 2017 18:31 Жауап

    Рауза арамызда көр рахмет қазақ тілі мемлекет тілі оның беделі арту керек еліміз қазақстан əлемге орыс тілінде сөйлеп беделді жұрдай болады

  4. Айгул 18 Қыркүйек, 2017 20:47 Жауап

    Павлодарда жақында болдық оңтүстіктен, қазақшаға жақындамайды екен, бəрі орыс тілінде

  5. Айгул 18 Қыркүйек, 2017 20:51 Жауап

    Оқуға құжат тапсырдық Серпінмен, қазақша сөйлесек, аудармашы іздеді, түсінбеймін деп, қабылдау комиссиясының төрағасы түк болмағандай тұрды.

    • Түңілген 19 Қыркүйек, 2017 00:28 Жауап

      Айгүл, оны енді кімнен көресің?
      Бір қаланың жартысындай ғана халқы бар мемлекеттің халқын қырық бөлікке бөліп, бірбіріне жат қылған басшыға өкпеңді айт!

  6. Қолқоюсыз 18 Қыркүйек, 2017 23:30 Жауап

    Қостанай да оңып тұрған жоқ, бұдан да сорақыны көріп жүрміз,Әкімдерді сайлағанда ең бірінші ұлтжанды және Қазақтың тілін білуді міндеттеу керек

  7. Өркен 18 Қыркүйек, 2017 23:45 Жауап

    Павлодарда солай гой, бүгін қазақстан тв дан Елбасы жамбылда жүр жамбылда онып тұрған жоқ шенеуліктер түгел орысша сайрап тұр

  8. Түңілген 19 Қыркүйек, 2017 00:22 Жауап

    Өркен, бар пәленің бәрі басқа ұлттарға күшігінен таланып қалған сужүрек назарбаевтан болып тұр ғой!
    Таразда ұйғыр әйелі қазақша таза сөйлеп тұрса, назарбаев орысша жалғастырып, тілімен орақ орып, коммунизмді тілімен-ақ орнатып тұр.
    Ал, жанжағыңа анықтап қарасаң байы да, жарлысы да, басшысы да, қосшысы да, ылғи ішкі дүиесін сыртқа білдіргісі келмей, жасырып, ызадан булығып, жарылардай болып, ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарап жүрген бақытсыз халық.
    Өздерінің бақытсыздығы қайдан басталып тұрғанында сезбейді.
    Балық басынан шіріп тұр ғой.

  9. кара шал 19 Қыркүйек, 2017 03:55 Жауап

    информбюро кз :азиятски банк реконструкциядан уш милярдт доллар карыз алып жатыр екен казахстан енди не кыламыз немерелеримизден обал болды гой.

  10. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 19 Қыркүйек, 2017 08:53 Жауап

    Қазақ үні, Алланың ңұры жаусын Сіздерге, Қазақ деп соққан Жүректерің басқа басылымдарға үлгі болсын. ҚАЗАҚ ҮНІ, БҰЛ ШЕШІМ СІЗДЕРДІҢ АРҚАҢЫЗДА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ОТЫР. Қазақ үні- Қазағымның ары, намысы,қорғанышы!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    • Руза 20 Қыркүйек, 2017 18:03 Жауап

      Ботагөз, 100 пайыз! СОС деп шыға келдіғой, Қазақтың Үнімен асыл Қазеке бауырым, өзіне тартқан өр рухшыл ұжымымен! Сан рет қорған, сан рет араша болдығой! 2015ж. тіл үшін соттамақшы болғанда да арашалап қалған! Кереметтей көрем!

  11. Қазыбек Иса 19 Қыркүйек, 2017 10:25 Жауап

    Әумин, Рахмет, Ботагөз ханым! «Қазақ үнін» қолдаушы сіздердей оқырмандар көп болса, ҚАЗАҚ ҮНІ жігерлі де, жарқын естіле береді.Алла жар болсын!

  12. Руза 19 Қыркүйек, 2017 13:42 Жауап

    Керекуге келіп, тілден теперіш көргендер, тел. 87011825265, 87076034552, 87773142274, хабарласыңыздар, Бейсенбай тегі Руза апай

  13. Арман, Оралдан 19 Қыркүйек, 2017 13:59 Жауап

    Руза апай, мен де сіздің тілекшімін. Сіздің орныңызда талай болғым келіп жүр. Сіз əйел, ана болғаныңыз үшін үкімет пен жағалылар ашық шара қолдана алмай жүр. Сақ болыңызшы. Басқадвн емес қара орыстан келеді зауал қазаққа.

  14. Түңілген 19 Қыркүйек, 2017 17:14 Жауап

    Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Османова Сәуле Ғабдулжапарқызын орнынан алып, тіпті мемлекеттік қызметке жолатпай, жұмыстан шығарып жіберу керек.
    Себебі, ол өзіне бекітілген жұмысты атқара алмай, қазақ халқының зарына құлақ аспай, салық төлеушілердің қазақ тілін дамытуға бөлген миллиондаған қаржысын талан-таражға түсірген.
    Қазақ тіліне бөлінген қаржының әрбір тиынына дейін қайда жұмсалғанын құзырлы органдар түбегейлі тексеру керек.
    Егер, сол бөлінген қаржылар орынды орнына жұмсалғанда Павлодар облысында қазақ тілі баяғыда дамып кеткен болар еді.
    Қазақ тілі жалпы Қазақстанда дамымады, демек тілдерді дамыту басқармасы жемқорлықтың ошағына айналған.

  15. Berik 19 Қыркүйек, 2017 21:12 Жауап

    Ruza apay jaraysız!
    Sizdi tanımasam da, äleumettik jelidegi is-qıymıldarıñızdı oqıp, būrınnan sıylaymın.
    Sizdey aybattı ağay-apaylar tūrğanda QAZAQ TILI eşqaşan ölmeydi!!!
    Tek qana alğa apay!

  16. Ғаббас 19 Қыркүйек, 2017 23:26 Жауап

    Қадірлі Руза, сені қолдап, қазақ тілінің бүгінгі халіне кім, қалайша кінәлі екенін ашып айтқан пікірім далада қалды. Ондағы аты-жөннен шошығандар болған-ау! Е, мейлі. Менің ой-пікірім саған белгілі екені шүбәсіз деп білем. Ендігі айтарым: абайлап, сақтанып жүргейсің. Жұмыстан қуылғандар арандатудың алпыс айласын табуы мүмкін. Бас аман болсын!

  17. Қыпшақ баласы 20 Қыркүйек, 2017 08:17 Жауап

    Руза жарайсың Аллах өзі қорған болып періштелерің қолдап жүрсін.Барлық жанашыр қазақтар сіздей болсын ұзақ жасаңыз Торғайдан бауырларың.

  18. Қолқоюсыз 20 Қыркүйек, 2017 11:31 Жауап

    Руза ханым жарайсыз Сіз нағыз батырсыз Құдай тағала сізге бақ дəулет зор денсаулық ұзақ ғұмыр берсін

  19. Мұстафа 20 Қыркүйек, 2017 14:54 Жауап

    Хрущ бастаған қазаққа жауыздықты өз орысқұлын өз қатын қыздарың жаңарудай мəңгүрттікті насиқаттап жүрген жоқ па.Биліік ауыспай дау дамайдың бəрі бекер.

Пікір немесе жауап жазу

1 × 5 =