Ресей мұнай бағасының құбылуына Қазақстанды кінәлады

2004
4
Бөлісу:

Похожее изображение

Ресейдің Орталық банкі Қазақстанның мұнай өндіруге қатысты ОПЕК плюстің шарттарын орындамай жатқанын мәлімдеді. Талапқа бағынбай жатқандардың қатарында АҚШ пен Әзербайжан да бар екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Ресейдің орталық банкі бұл елдер жазда қабылданған келісімді бұзып, мұнайды мөлшерден тыс өндіріп жатқандықтан қара алтынның бағасын қалыпты ұстап тұру мүмкін болмай жатыр дейді. Көрші ел мамандары  жағдай дәл осылай жалғаса берсе, рубльдің құны одан әрі құлдырай түседі деп болжап отыр.

Айта кету керек, ОПЕК плюс, яғни, Опекке кірмейтін мемлекеттер мұнай өндіру мөлшерін 558 мың баррельге дейін төмендетін болып келіскен. Бұның 300 мың баррелі Ресейге тиесілі. Талап орындалмаған жағдайда көрші ел қара алтынды өндіруін тағы да қысқартады.

Ресей Орталық банкінің айыптауына, Қазақстан тарапы дереу жауап қайырды. Энергетика министрі Бозымбаев «ОПЕК плюстің талаптарын толық орындап отырмыз және оны бұзу ойымызда жоқ» деді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. УAҚЫТ 10 Қыркүйек, 2017 16:56 Жауап

    БІРІНШІ МҰНАЙДЫҢ ҚҰЛДЫРАУЫНА РЕСЕЙ КІНӘЛІ,СЕБЕБІ ҚЫРЫМ АНЕКЦИЯҒА ҰШЫРДЫ,КЕЙІН АҚШ ОПЕККЕ МҰНАЙ КӨЛЕМІН ӨСІРУГЕ БҰЙРЫҚ БЕРДІ СОЛАЙ ҚҰЛДЫРАДЫ,АЛДА МҰНАЙ ҚАТТЫ ҚҰЛДЫРАЙТЫН ЕКІ ФАКТОР БАР,БІРІНШІСІ АҚШ ЕЛІНДЕ АВТОКӨЛІКТЕР ЖҮРУ НАУҚАНЫ ҚЫРКҮЙEКТЕН БАСТАП АЯҚТАЛАДЫ,ЕКІНШІ АҚШ МҰНАЙ КӨЛЕМІН САУДИЯДАН АСЫРАДЫ,РЕСЕЙГЕ ЖӘНЕ АҚШТЫҢ ЗАҢДАСТЫРЫЛҒАН САНКЦИЯСЫ АҚПАН АЙЛАРЫНДА ҚОРҚЫНЫШТЫ САНКЦИЯЛАРҒА АЙНАЛАДЫ.

  2. Шындық 13 Қыркүйек, 2017 07:52 Жауап

    дұрыс Қоқыс тастаитын шелек керек қои Мазақстан Ресейді шалғаиын жабысып жүрген Қаласа одақтаспыз деп Осрақ шалды алдаисалады Қаласа Мусор салатын урно ете салады Қазаққа Оның Орысқұл билігіне Бәрібір Құлдың аты құлғои шіркін қашанда

Пікір немесе жауап жазу