МИНИСТР МЕШІТ ПЕН ШІРКЕУДІ ШАТАСТЫРҒАНЫ МА?

1035
5
Бөлісу:

large

Астанада «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті.

Ордалы отырыста қоғам қайраткері Мұxтар Тайжан Қазақстандағы экстремизм мен терроризмнің негізгі себептерін атады. «Меніңше, осы экстремизм мен терроризмнің басты себебі – кедейшілік және жұмыссыздық. Сондықтан. осында отырған Үкімет мүшелерінің жауапкершілігі зор деп ойлаймын. Елімізде кедейшілік пен жұмыссыздық болмауы тиіс. Себебі, Қазақстан – бай мемлекет, 17 ақ миллион xалқы бар. Әрине, экстремизм мен терроризмнің тағы бір себебі – білімсіздік. Әсіресе, орта білім саласында осыған байланысты үлкен реформа жасау қажет», – деді Тайжан. Қоғам белсендісі өзіне дейін баяндама жасаған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты сынап өтті. «Сіз өз ойларыңызды тек орыс тілінде ғана айтатын болсаңыз, жастар сізді түсінбейді. Өйткені, жастардың көбі қазақтілді. Сондықтан сіздің мешіттердегі уағыз орыс тілінде болуы керек деген ұсынысыңызды қолдамаймын. Себебі, мешітке барып отырған жамағаттың 99 пайызы қазақ тілінде сөйлейді», – деді Тайжан.
«Апама жездем сай» демекші, судай жаңа министр де оразасын орысшамен ашатын бұрыннан келе жатқан әріптестерінен озып кете алмады. Ислам дінін ұстанатын қазақ қоғамында, оның үстіне Құдай үйі – мешітте орысша уағыз айту дегеніңіз ешқандай санаға сыймайтын «жаңалық». Министрге салсақ, енді «Во имя Отца и Сына и Святого Духа» деп мешітте шоқыну ғана қалған сияқты

З.Абажан.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. манап 26 Қыркүйек, 2016 15:51 Жауап

    мына министр қай жерден сопаң етіп шыға келді? Бұрындар атын естіген емеспіз. Түбі алысқа баратын адам емес. Орнынан өз еркімен кете қалса абыройлы болар еді. Бар істеген жақсылығы сол болсыншы.

  2. Мұса Шорман 26 Қыркүйек, 2016 16:04 Жауап

    Айттым ғой «адам естімегенді естіртеді «-деп, қазақша білмейтін министрлер. Олар » үштұғырлылар əлемінен» :kulki:

  3. Едіге батыр 26 Қыркүйек, 2016 16:14 Жауап

    Алла сақтасын, ағайын. Не болып кетті?
    «Іштен шыққан жау жаман»-демекші, неше түрлі сұмдықты естіп-көретін болдық қой.
    Неше түрлі депутат көріп едік, енді «руың кім десең ? -«стрелец»дейтін министрлер келді. Ұят. :zhlau:

  4. Жарқынбек 26 Қыркүйек, 2016 17:10 Жауап

    мына министрдің қасында Жириновский түк емес екен. Апырмау дін сияқты салаға есі дұрыс біреу табылмады ма? Мынау барып тұрған арандатушы ғой. Осының сәлафистерге туыстығы бар ма деп қалдым. Сөз саптауы соған жетелейді. Әйтпесе министр бесінші сыныптың оқушысы емес қой, өз сөзіне жауап беретін жаста емес пе?

  5. Ата 26 Қыркүйек, 2016 17:14 Жауап

    Құдай-ау, еендігі көрсетпегенің осы ма еді! мынау сұмдық қой, мешітте орысша уағыз айту. Енді басқа министрлер мешітте ағылшыншы сөйле дейтін шығар. Елбасы неге осындай шенеуніктерді тәртіпке салмайды?

Пікір немесе жауап жазу

алты + 13 =