Ресей федерациясы ыдырайды

Бөлісу:

1327387618_shema-rajonirovaniya-klimaticheskih-poyasov-01Ресей бүгін терең рецессияда, бір-екі жылда бұл елдің тұрмысы әбден құлдырайды, сонда Ресейдің кейбір өлкелері кетеді: Калиниград облысы – Германияға, Приморский және Уссурийский край – Қытайға кетеді. Ресей федерациясының бірнеше субъектілері егемендігін күшейтеді. Ресей Қырымды қайтарып, Шығыс Украинадан кетеді. Болуы ыөтимал осынау жайттарды басқа емес, осы күндері Ресейдіңзиялы қауымы да жоққа шығара алмай отыр.

Ресейдің болашағы жоқ емес, бар. Ресей  келе жатқан дағадарыстан өтеді, алайда бірқатар автономиялық субъектер оның құрамынан кетіп тынады. Егерде Ресей демократиялық мемлекет болып дамыса, ол Евразияда тиянақты, қуатты мемлекетке айналады. Бірақ Ресейді дағадарысқа сүйреп апара жатқан күш -ол авторитарлық империялық Ресейдің даму бағыты.Бұл бағыт Путиннің жолы. Неғұрлым Путин ұзақ президент болса, Ресейдің жағадайы сондай ауырлайды.

РФ құрамындағы Тәуелсіздік алуға дайын ел – ол Шешенстан, сәл бәсеңдеу, бірақ еті тірі – Ингушетия, есін жиіп келе жатқан Солтүстік және Оңтүстік Осетия, бірегей Аланияға айналмақ. Алания Кавказда ең орысшыл этнос еді –  енді олар да ұлттық санасын көтеріп, есін жиды. Оларға қарап черкес,адыгейлердің ұлттық санасы оянып, қалпына келе жатыр. Абхазия ең грузиденген, ең орыстанған республика болатын, олар да енді саяси егемендік пен дербестікке жақын. Саяси және ұлтжандылығы әбден піскен татарлар мен башқұрттар. Бұрын Ресейдің жансыздары татар мен башқұрт арасына от жағып араздастырып отырды. Дәп қазір екі ұлт қайраткерлері консенсус және ымыраластық тауып отыр.Якуттар өз елінде елу проценттен асты, Якутск қаласында олардың демограяфиялық басымдығы бар.Тек қана демографиялық емес, әлеуметтік психологияық басымдылық. Нағыз доминантаға жетті. Аттарын көне якутша қоятын болды. Одан бетер өрістеген жағдай – Тувада. Олар да, міне  он жылдай болды, өз жерінде басымдыққа ие, енді егемендіктің күні туар сәтті күтіп отыр.Ол сәт те көп ұзатпай келер. Олар геосаяси субъект емес, қоңырқай ғана егемендік алатын Монғолия сияқты ел, бірақ әйтеуір ұлт,әйтеуір этнос.Өріс алмаса да – Ел. Туваларды, бізді КСРО-ның құрамынан қуғандай оларды да РФ-ның аумағынан қуып шығады,Ресей шешендерден, тағы басқа аз ұлттардан  әбден шаршады, оларға көп қаржы кетеді, ал түсім тым аз, тек дотация, тек шығын.

Егемендікке икемділігі жоқ халық құриды, тілін сақтамаған халық жойылады, экономикалық тіршілігі жоқ халық бодан болады.

Қытай қауіпін жоққа шығармайық. Олар ішкі Монғолия моңғолдарының үлесін екі-үш процентке дейін түсірді. Қытай оларды миграциялық тұрғыдан отарлады, бірақ Тибет пен Ұйғырға шамасы жететін түрі жоқ. Қытайдың коммунистік режімі бір кезеңде деградацияға ұшырайды. Кезінде Қытай Вьетнаммен соғысып таяқ жеген.КСРО қолдамаса, мүмкін Қытай Вьетнамды басып алар еді. Қытай Камбоджада Пол Пот режимін қолдап, олар өз халқына геноцид жасаған.

Мен көрмесем сендер көресіңдер және сипаттайсыңдар, дәл солай болмаса да сәл басқаша болар.

Бұл күндері  90% қазақ баласы қазақ мектебіне барып жүр, бұл Қазақстанның барлық оқушыларының 70% .Келесі үш жылда қазақша оқитын қазақ баласы 95% жетер еді, олай болса үш тұғырлы тіл деп аталатын проект мүлде керек емес болатын еді. Біздің орысшылдар мен Мәскеу идеологтары Ресейдің Қазақстанда «жұмсақ күшін» сақтап қалғысы бар. Олай болса болашақта біз Ресей мәдениетінің рухани ортасы, тілдік провинциясы болып қала береміз. Ресейдің «жұмсақ күшіне» тәуелділік деген – осы

Қазақстандағы 21мамыр революциясы буржуазиялық -демократиялық және ұлтжандылық сипатта болды. Бұл революция Ресейде1905-1907 жылдары болған революциясының аналогы. Ресейдігі 1905-1907 жылғы революция жеңілді деп ойлауға болатын-ды, бірақ ол олай емес еді. Мәскеудігі 1905 жылғы декабрь көтерілісі жаншылғанымен, орыс-жапон соғысынан Ресей жеңілсе де, 1905-1907 жылғы революция бірқатар табыстар мен жаңалықтар әкелді. Сол революция Ресейге буржуазиялық еркіндіктер әкелді, сол сияқты ұлттық тіршілік пен ұлтшылдықты жандандырды. Қазақстандағы 21мамыр революциясының бас жетістігі – бір қатар буржуазиялық еркіндіктер мен  қазақтық өмірдің жандануына әкеледі деп болжаймын. Орысшылдық үрдісі Қазақстанның осы даму кезеңінде шегініп, олардың адептері- жандайшаптары белгілі уақытқа ступорға түседі. Қазақстандағы 21мамыр революциясы буржуазиялық -демократиялық және ұлтжандылық сипатта болды. Сол себептен Ресейдің саясаттанушылары біздегі революцияға қатты қапыланды.

Казахам говорить между собой на казахском, тратить деньги и внимание на казахские медиа-продукты и не тратить деньги и внимание на русскоязычные. Бұл үрдіс өз-өзімен жүріп келе жатыр.Орыс қазір 20%. Әңгімелесуге Алматының өзінен қазір  орыс таба алмайсың. Мен орыс мектебін бітірсем де, орысшам таусылып барады. Орысша мақалаларыма сұраныс азайып келеді. Ал қазақша контент өсіп келеді. Үш тұғырлы тіл бағдарламасы сол өшіп бара жатқан орыс тіліне жан бітіру деп есептеңіз. Орыстанған қазақ қазақтанып келеді. Мен Сарқан ауданынанмын, бұрынғы Сарқан орыстанған аудан еді.Қазір толық қазақы аудан.Тұрғындарының біразы қытай қазақтары,оларда орысша мүлде жоқ. Ендігі кезекте Талдықорған мен Алматы. Менің туысқандарым Талдықорған Алматы мен Астанаға көшкен. Енді «Хабарды» толық қазақшаласа, Ресей теледидарын жапты дей бер. Бара келе өз өзіне жеткілікті халқымыз, орыстың руханиятына, тіліне, дініне таң қала әрі жатсына  қарайтын болады. Ал орыстың көптеп салынып жатқан шіркеулерін қазақтар сатып алып, мешітке айналдырады.

Әзімбай Ғали

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Даурен 30 Маусым, 2016 15:44 Жауап

    Бұл деген ғылыми фантастика ғой. Қазақстанный солтүстік аймақтарына неге барып көрмейсіз? Мында қазақ тілің білмейтін мәңгүрттер аз емес. Иә болмаса Оралға келіп сөйлеңіз,

  2. ҚазақиЯ 30 Маусым, 2016 16:06 Жауап

    Ресей ыдыраса, әділеттілікке жол ашылады, Қазақ елі мәселесіне де басымдылық беріліп, Орынбордан Алтайға дейінгі жерлер де өз «төркінін» іздеуі әбден мүмкін. Орыстарға үштілдік ауадай қажет екені рас, қазақ тілі орысшылдарға қауіпті, бірақ,оларға одан да қауіптісі – латын харпіне көшуіміз…

  3. Есенғали, Антакиядан 30 Маусым, 2016 16:36 Жауап

    «Русь» деген термин Киев Русінен ұрланған.
    І-Петр патшаға дейін «Россия» термині болмаған.
    І-Петр патшаның өзі орыс емес (грузин).
    Украиндар орысты москаль дейді, неге ? Себебі – Московия тұрғындары.
    Москва атауының өзі сол жерді мекендеген халықтардың тілінде САСЫҚ СУ дегенді білдіреді.
    Орыстың өзінің тарихы да жоқ, орыс тарихын татар жазып берген.
    Суворов, Нахимов деген әскербасшылары орыс емес.
    Александр Невский деген «әулиесі» Алтын Ордаға қызмет еткен, мұсылман дінін қабылдаған, өз ұлтын сатқан сатқын.
    Орыстар көзінің қарашығындай сақтап жүрген «әулиесінің» дулығасында Құранның 61-ші сүресінің 13-ші аяты жазылған.
    Александр Матросов деген «херойы» – Шакіриян Мұхаметзянов деген башқұрт …
    :kulki1: :zhlau: :kulki:

  4. Есенғали, Антакиядан 30 Маусым, 2016 17:14 Жауап

    Зоя Космодемьянская деген «хероинялары» өз ауылдастарының избалары тып-типыл қып өртеген, психикасы бұзылған қыз.
    «28 панфиловшы» деген «херойлары» «Красная Звезда» қазитінің жорналшысы ойлап тапқан ертегі.
    :zhlau: :kulki1: :zhlau:

  5. насипкали 30 Маусым, 2016 17:23 Жауап

    Тек қазақша сөйлейік өзімізді сыйлайық орыстар қазақша уйренсін олар арам тілді беле тура сөйлемейді және бізге куліп турады

  6. Қазақ 30 Маусым, 2016 18:30 Жауап

    Бірінші: Жазылған мақаланы қазақша қатесіз жазуды үйрену қажет.
    Екінші: Пікір қалдырғанда оймен қатар жазуды да туырлау қажет.
    Мен Ресейге жақ адам емеспін, мен қазақ тілі мен жазуына жақтас адаммын № :oilanu: ӨТЕ КӨП ҚАТЕ…

  7. Алаш баласы 30 Маусым, 2016 18:39 Жауап

    Әу білгіштер, алтын ордадан қалған жер не Қазақстанға өтпей ме не? Қазақтар неге соны жиі қозғамайды екен а? Москвада оренбург, орск, омск қазақтарға тиесілі жер емес пе және тьюменде!

  8. Ислам 30 Маусым, 2016 20:27 Жауап

    Анау ұлт болмаған мынау жоқ еді. Не керегі бар мұндай əңгіменің. Тарихта қашан пайда болғанын білмеймін. Бірақ қазір россия империясы бар. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Үш тілде білім алу дегенді көзі ашық дүние көрген адам түсінеді. Ол керек ақ. Қазақ тілін ұмыт дегені емес үш тілде білім алу.

  9. Bizge ush tildin tukke de kazheti zhok QAZAQSHA zhane agylshyn tili bolady kalgan tildi arkim ozi tandasyn al bolashagy zhok artka tartpa orys tilinin tukke de kazheti zhok nàdandar tili zharbakshyp zhaltaktap otirik koldai berudin de kazheti zhok sol tu 30 Маусым, 2016 22:49 Жауап

    :aaa: :shoshu:

  10. Қолқоюсыз 30 Маусым, 2016 23:01 Жауап

    Олай болса КАЗАКСТАНда оз улесин алуы миндетти. Астрахань, орынбор, челяабы, корган, тумен, омбы, Алтай дегентей айта берсе копкой

  11. Жандар 1 Шілде, 2016 02:44 Жауап

    Кейн НАТО келди. Содан сон барлыгымыз олдик. Керемет мынаны ким жазсада. Недеген бас. Недеген миы бар адам.

  12. Жандар 1 Шілде, 2016 02:50 Жауап

    Барлыгы оз улесине таласып согыса береик.Татар Башкурт Шешен Казак Орыс бир биримизбен согысайык. АКШ дами берсин биз согысайык. Биликти ешким тындамасын. Парламентте кунде жан жал. Президентти ауыстыра беру керек. Унамаса митинг,котерилис, тонкерис, согыс тагыда согыс. Кошбасшы деген жок болсын.

  13. ҚазақиЯ 1 Шілде, 2016 15:49 Жауап

    АҚШ тың дамуының сыры да сол, Президентті дер кезінде ауыстыруында. Заңдары бойынша бір адам 5 жыл, әрі кеткенде 10 жыл ғана президент бола алады, одан кейін ол адамның президенттікке Құқы жоқ. 10 жылдан кейін кез келген адамда «пендешілік, мақтаусүйгіштік» аурулары пайда болады. Ондай адамдар өзін Күнге, Түркменбасыға, Елбасыға, Пайғамбарға,немесе Путин сияқты Әлемді Құтқарушыға, тіпті Құдайға балағанын өзі де байқамай қалады. Жандар сияқты бауырларымыз НАТО дан өлдік деп жүргенде, НАТОның мүшесі болған барлық мемлекеттер дами береді. Қорыққанға қос көрінетіні рас екен.

  14. Есенғали, Антакиядан 1 Шілде, 2016 16:07 Жауап

    НАТО Жандар сияқтылармен к*тін де сүртпейді !
    :kulki1: :kulki: :kulki1:

  15. Асет 1 Шілде, 2016 21:56 Жауап

    Америка алпауыт ел нато куртады россияны европаны болып алды онымен коса эстон латвя грузия украен молдаван т.б елдер кетты америка жактасы болып ертен казакстандыда болып алады америкадан казакка кауып жок орыска кауып бар американын арманы орыстын ишыне ирткы салыу. орыска ерген ел онбаган .америкага ерген елдерды карасан арап.туркия.израел.бай мемлекеттер орыска ерген ел канша казба байлыгы болсада кайыршы

  16. Сакен Ташметов 27 Қаңтар, 2018 14:34 Жауап

    Ресей құрамындағы автономиялы елдер, қашан өз егемендін алады екен? Бала кезімнен осыны армандап келемін. Ресей қай заманға дейін, мықты держава бола береді? Түркі тектес халықтарға көрсетпеген зұлымдығы қалмаған ел. Қазақстанның бірнеше облысын сұрқия саясатымен өздеріне қаратып алған. Оны бізге қайтаратын кез келді. Орыстар қазақтарды қорғамаған. Тек қорлық, зұлымдық көрсеткен. Оны тарихтан оқып көрсең, бәрін түсінесің.

Пікір немесе жауап жазу

екі + 11 =