Жер комиссиясы. Басы таудай, аяғы қылдай болып барады

1357
26
Бөлісу:

02Жер комиссиясының кезекті отырысы Алматы облысының Талғар ауданына қарасты «Бәйсерке агро» агрокешенінде өтті. Өткен жолғы басқосу белгісіз себептермен болмай қалған еді. Бұл жолы Құдая тәубе жер комиссиясының жиыны ойдағыдай ұйымдастырылды. Бірақ, жиналыс соңына қарай «Алматы облысының атқамінерлері «жерді шетелдіктерге жалға беру керек» деген позициядағы адамдарды арнайы дайындап, театрландырылған қойылым қоймақ болды» деген сын айтылды. Бұл қаншалықты рас пікір? Біз арнайы комиссия мүшелерінен сауалнама жүргізген едік.

Дос Көшім, саясаттанушы:

– Бұл жолғы жиынның ең басты ерекшелігі комиссия басшылығының өзгеруі болды. Бақытжан Сағынтаев мырза Алматы облысындағы жиынды соңына дейін өзі басқарып, ендігі тізгінді Асқар Мырзахметов мырзаның қолына тапсырды. Бес жарым сағатқа созылған жиналыста әртүрлі позициядағы пікірлер айтылды. Рас. Жиын басында «жерді шетелдіктерге жалға беру керек» деген ойды айтқан біраз азаматтар болды. Меніңше, олар осы Алматы облысы аумағында көп мөлшерде жер иеленіп алған адамдар болуы мүмкін. Бәлкім үкімет ыңғайымен жүріп тұратын үкіметтік емес ұйымның төрағалары шығар. Олардың пікіріне залда отырған төрт жүзге жуық азаматтардың ішінен сөз сөйлегендер жеткілікті деңгейде қарсылық көрсетті деп ойлаймын. Мен мұны біріншіден биліктегі бірқанша адамдардың, жері көп азаматтардың пікірі деп білемін. Екіншіден, олар да өз ойларын айтуға құқылы. Үшіншіден «әкімдіктегілер арнайы дайындады» деп көзбен көріп, қолмен ұстамаған жайтты сөз еткім келмейді. Жиын қатысушылары олардың сөзіне селт етпеді. Керісінше, «жерді шетелдіктерге жалға беруге болмайды» деген ыңғайда сөйлегендерге көп қол соғылды. Жалпы, арнайы дайындалған қойылым ешқашан шынайы шықпайды. Шынайы айтылмаған пікір ешкімді ұйытып әкете алмайды. Сонымен қатар, өз басым жерге қатысты екі жақты пікірдің болуын заңдылық деп қараймын. Мәселен, жиында Рысбек Сәрсенбайұлы мен Хасен Қожа-Ахмет комиссияның жұмысын қатты сынға алды. Бұл сындар шынайы болғанын мойындауымыз керек.

Осы уақытқа дейін жер комиссиясының бес жиыны өтті. Енді уақыт оздырмай осы уақытқа дейін айтылған мәселелерді жинақтап, аралық бір қортынды жасау қажет сияқты.

Мысалы, жерді Қазақстандықтарға жалға беруді комиссияның барлық мүшесі қолдап отыр. Яғни, бәріміз бір келісімге келіп отырмыз. Оны кейінге қалдырмай Парламентке ұсына беруге болады. Бұл бірінші мәселе.

Екінші мәселе ауыл айналасындағы жайылым жерлерді сатуға да, жалға беруге де болмайды. Қазір еліміздің көп жерінде ауыл халқы мал жаятын жер таппай қиналып жүр. Сондықтан, ауыл маңындағы жайылымдық жер жекеменшікте болмауы қажеттілігін бекітетін Заң керек. Мұндай Заңның үлгісі іргедегі қырғыз ағайындардың өзінде же бар көрінеді. Бұл мәселеде де комиссия мүшелерінің ойы бір жерден түйісіп отыр. Бұл жайылымдық жерлер сол аймақтағы тұрғын саны, мал санымен есептеліп, реттелгені дұрыс деп отырмыз.

Үшінші мәселе шекара маңындағы жерлер мүлдем сатылмауы, жалға берілмеуі керек. Шекара маңынан шамамен 100-150 шақырымдай жер мемлекеттің қарауына беріліп, ешкімге сатылмауы һәм жалға берілмеуі тиіс.

Міне, осындай мәселелерді бір жинақтап, комиссияның нақты жұмысын көрсететіндей етіп, Парламентке өз ұсынысымызды ұсынғанымыз жөн.

Жиындарда бүгін айтылған жайтты ертең қайталап отырмас үшін комиссия отырысын екі аптада бір рет өткізіп, комиссия ішінен құрылған төрт жұмысшы тобының жұмысын жандандырған дұрыс.

Біз басында комиссия бүкіл облыстарды аралап, халықпен жүздесуі қажет дегенбіз. Әрине, барлық Қазақстанды қамту үшін комиссия мүшелері 10-15 адамнан бөлініп, бірден үш-төрт облысты аралағаны жөн болар еді. Қазір заманауи технологиялардың дамыған заманы. Сол технологиялардың көмегімен барлық жиындарды бір орталықтан қадағалап отыруға болады деп ойлаймын.

Осылай жұмысты қарқынды жүргізбесек, қыркүйекке дейін Заң жобасын дайындап үлгермей қалуымыз мүмкін.

Әрине, әр жиында артықшылықтармен бірге кемшіліктер де көп болып жатыр. Мәселен Алматы облысындағы жиында жерді жалға беруді инвестиция тарту деп қана түсінетін адамдарды көрдік. Тіпті кейбіреулер жерді жекеменшікке алу мен жалға беруді ажырата алмайтынын байқадық.

Мұхтар Тайжан, экономист:

– Алматы облысындағы жиналыстан бір күн бұрын облыс әкімінің орынбасарларының бірі шаруалардың басын қосып жиын өтіпті дегенді естіген едім. Ертесі күні комиссияның отырысында алғашқы болып сөз сөйлеген жиырмаға жуық адам жерді шетелдіктерге жалға беру керек деген позицияда болды. Егер де арнайы тапсырма болмаса, дәл осындай болмас еді. Маған Алматы облысындағы жиыннан гөрі Көкшетауда өткен мәжіліс ұнады. Себебі, арнайы дайындалған сценариймен елдің адастыруды ұят деп ойлаймын.  

Бұдан кейін бұл жайт қайталанбауы қажет. Жасанды жиын өткізіп, халықты алдаудың керегі жоқ. Мысалы, Көкшетауда бәрі шынайы өтті ғой. Облыстағы жиналыстардың бәрі сол ізді жалғағаны дұрыс.

Енді сөзден гөрі нақты іске көшетін кез келген сияқты. Мәселен, комиссиядағылардың бәріне дерлік өз азаматтарымызға жерді жалға беруге қарсы болып отырған жоқ. Демек, бұл мәселені жүйелеп Парламентке ұсына беруге болады деп ойлаймын.

Жер мәселесі жайын талқылап жатқанда тағы да өзге проблемалар туындап жатыр. Яғни, қазір тоқмейілсуге әлі ерте деп ойлаймын. Сондықтан халқымыз бұл мәселеге енжар қарамай, қолдауын білдіріп отырса деген тілегім бар.


Дәурен Бабамұрат, саясаттанушы:

– Алматы облысындағы жиналыс жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды деп ойлаймын. Арнайы дайындалған біржақты ғана пікірлер айтылды дегенге өз басым қосылмаймын. Екі жақ та өз ойларын жеріне жеткізіп атты. Негізі әр тарапты пікірлердің болғаны да дұрыс.

Мені бұдан да басқа мәселелер толғандыратынын айтқым келеді. Мысалы комиссияда жетпіске жуық мүше бар. Алматы облысындағы жиынға сол жетпістің қырыққа жуығы ғана қатысты. Меніңше, осы мәселені халық пен мемлекет бізге сеніп тапсырғандықтан, төрт көзіміз түгел болғанымыз дұрыс. Бұл бірінші жайт.

Екінші мәселе комиссия аймақтарға не үшін шығатынын қаперден шығарып алмауымыз қажет. Мәселен Алматы облысына келдік пе, сол облыстағы жерге қатысты қордаланған проблемалармен танысуымыз, сол проблемаларды шешудің жолын қарастыруымыз керек. Бес жиында да бір мәселені көтеріп келе жатқан азаматтар бар. Осыны тиып, жүйелі түрде әр жиналысқа үлкен дайындықпен келуге тиіспіз. Әкімдіктер өз облысындағы жағдайдан толыққанды мағлұматты алдын-ала комиссия мүшелеріне табыстаса жақсы болар еді (Алматы облысының әкімдігі мұндай ақпараттарды дайындаған екен. Бірақ, біз онымен жиын барысында таныстық). Сонда аудан-аудан бойынша негізгі деген мәселелерді жиып алып, талқыға салар едік.  

Өзім басым бұл жиында үш мәселені көтердім.

Оның біріншісі – Заңда көрсетілгендей тұрғындарға 10 сотық беру мәселесі. Алматы қаласында елге беретін жер жоқ екені жиі айтылады. Ал, Алматының іргесіндегі Іле, Талғар, Қарасай аудандарының кез-келген ауылына кірсеңіз, тақтайшадағы «жер сатылады» деген жарнаманы көресіз. Бұл жерлердің бәрі бір кездері ауылшаруашылық саласына пайдаланылған. Қолы жеткендер оның әр сотығын ауылшаруашылығы мақсатына 4 мың теңгеден (одан едәуір қымбат болуы мүмкін) сатып алып, құжатын дайындап бес жүз мыңнан миллион теңге аралығында сатып жатыр. Мұның шекті бағасы анықталуы қажет. Меніңше, болмашы ғана ақшаға алған жерін мың есе бағаға сатып жатқандарды шектеу қажет. Халық сонда ғана қолжетімді бағаға тұрғынүй салатын жер сатып алуға мүмкіндік алар еді.

Екінші мәселе жол бойындағы жерді сатуға да, жалға беруге де болмайды. Талғар ауданынан бір адам хабарласып, өзінің жайлауына баратын жолды әлдекімдердің сатып алғанын айтып, шағымданды. Халық өз жайлауына бара алмайтын жағдайға жеткен.

Үшінші жайт өзендер мен арықтар, су ресурстары мемлекеттің меншігінде болғаны дұрыс. Мәселен, қазір кейбір адамдар өзеннің бас жағын жекелікке алып алып, аяқтағы халыққа су бермей зар қақсататын көрінеді.

Түйін

Әрине, жиын болмай қалса, «өтпеді» деп шулаймыз. Өтсе, «театрланған қойылым қойылды» деп тағы да сын садағын дайындап тұрамыз. Бұл біздің ойымызша етектен тарту емес, керісінше комиссияның жұмысын қожыратып алмау үшін айтылып жатқан сыни ойлар деп түсінгейсіздер. Жер мәселесі – ұлт мәселесі. Ұлттың жайы шындықты шырылдап айтқан кезде ғана түзеледі. Әйтпесе, бес жарым сағатта сөйлеп үлгерген 56 адамның бәрі «әртіс болмағанын» халық біліп отыр…

Қанат Бірлікұлы

Abai.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 26 пікір жазылған

  1. Айя 20 Маусым, 2016 11:02 Жауап

    «жерді шетелдіктерге жалға беруге болмайды» деген ыңғайда сөйлегендерге көп қол соғылды.- мен де қосыламын.
    «театрланған қойылым қойылды» деген тағыда не сүмдық. Өзіде биліктегі басшыларға сенім аз болып отырғанда, қалған сенімізді жерге таптамау жөн.

  2. Зарина 20 Маусым, 2016 12:12 Жауап

    Отырыс мен күткендей өтті, көптеген құнды пікірлер айтылды, енді осы жолдан таймай, жұмысты жалғастыра берсе, онда мәселе оң шешімін табады деген сенімдемін.

  3. Асылзат 20 Маусым, 2016 12:15 Жауап

    Комиссия мүшелерінің жұмысын ары қарай бақылайық. Халыққа 10 соток жерді беруді бастау керек деген ұсыныс ұнады.Егер комиссия жұмысы осылайша жалғасын тапса, көп ұзамай халықтың тілегі қабыл болады деп ойлаймын.

  4. Бауыржан 20 Маусым, 2016 12:17 Жауап

    Комиссия мүшелері жер мәселесін шешуде халықтың мүддесін ту етіп, тілегін қабыл етуге қолынан келгендерін жасап жатқандарын көруге болады.

  5. Айлин 20 Маусым, 2016 14:29 Жауап

    Аяғы да жақсы аяқталып, оң шешімдер қабылданып, халықтың көңілінен шықса деп тілеймін.

  6. Ермек 20 Маусым, 2016 14:33 Жауап

    Жер сатылмайды, бастысы жалға беруді шешсе дұрыс болар еді, халық та соған алаңдаулы ғой.

  7. Олжас 20 Маусым, 2016 15:09 Жауап

    Жер сатылмайтыны түсінікті болды, ал жалға беру мәселесі қаралып жатыр, халықтың көңілінен шығатын шешім қабылданатынына сенеміз

  8. Жазира 20 Маусым, 2016 15:12 Жауап

    Менімше, басы қалай басталса, ары қарай солай жалғасып келе жатыр, мысалы аймақтарға шығып, сол жердің шаруаларымен кездесіп, мәселені бірге талқылап жатыр, ұсыныстар қабылдап жатыр, қылдай ештеңесі жоқ

  9. Рабига 20 Маусым, 2016 15:16 Жауап

    Жерді игеруге жаңа технологияларды қолдану керек, инвестиция тарту керек, менімше одан қорықпаған жөн

  10. Салима 20 Маусым, 2016 15:20 Жауап

    жалпы жақсы дүниелер айтылып жатыр әр отырыста, мәселенің жан-жақты қаралып жатқаны көрініп тұр

  11. Аноним 20 Маусым, 2016 16:24 Жауап

    Было бы просто замечательно, если бы каждый казахстанец мог получить землю

  12. Аноним 20 Маусым, 2016 16:25 Жауап

    Сейчас очень сложно купить квартиру, особенно молодым семьям. Поэтому если будут раздавать землю, радости не было б предела

  13. Асия 20 Маусым, 2016 17:32 Жауап

    Одно из новых направлений в этой программе это будет подведение инфраструктуры для индивидуального жилищного строительства (ИЖС) через акиматы областей

  14. Асель 20 Маусым, 2016 17:49 Жауап

    И одна из ключевых задач – это увеличение количества поливных земель. Земли у нас много в Казахстане, а поливной земли у нас недостаточно.

  15. Бекзат 20 Маусым, 2016 17:49 Жауап

    Главой государства было принято решение, что мы подержим развитие индивидуального жилищного строительства – не только крупных проектов, но и развития инфраструктуры

  16. Шолпан 20 Маусым, 2016 17:50 Жауап

    Я думаю, сельское хозяйство это один из тех стимулов, по которым мы можем двигаться дальше

  17. Каракат 20 Маусым, 2016 17:50 Жауап

    Есть несколько новых принципиальных моментов, на которые мы хотим обратить внимание. Один из стимулов для роста экономики является дальнейшее увеличение жилищного строительства. Одно из новых направлений в этой программе – подведение инфраструктуры для индивидуального жилищного строительства через акиматы областей

  18. Тамара 20 Маусым, 2016 17:51 Жауап

    Алматы облысындағы жиналыстан бір күн бұрын облыс әкімінің орынбасарларының бірі шаруалардың басын қосып жиын өтіпті дегенді естіген едім. Ертесі күні комиссияның отырысында алғашқы болып сөз сөйлеген жиырмаға жуық адам жерді шетелдіктерге жалға беру керек деген позицияда болды

  19. Сымбат. 20 Маусым, 2016 18:08 Жауап

    Менин ойымша президент колдау корсетип отырганымен , кол астындагылар биликтегилер Халыкка кысым корсетуи мумкин. Оз ойларын бурмалатуы мумкин, неге ойткени жалпы биликтегилердин барлыгында жерлери болуы мумкин. Сондыктан оздерине зияны келмес ушин , жерди Сату керек деп баскалар аркылы урандатуы мумкин. Карапайым мысал бир мектепте бир мугалим шындыкты айтса ол мугалимге кун жок. Сондыктан жер комиссисында барлык ойды ашык айту керек. Бул ертенги болашагымызды казирден ойлану деген соз. Мен ушин 10 соттык жерди Маган бермесе Бермей Ак кой сын. Жер Жалга тек Казахстандыктарга берсин , сатылмасынн. Казахстаннын сырткы карызынан кутылу басымдагы жалгыз баспанамды сутуга да дайынмын. Кытайга бермеймиз дегенимен , неге кытайлар бизге келип жатыр, бир танысым Алматыда уйин Кытайга сатыпты , бир Ай бурын. Неге оларга саттын деп те ренжидим. Ол танысым орыс болатын , мумкин оган барбир шыгар кимге сатса да. Сондыктан неге олай айтады , неге шешпеди деп жер комиссия сына ренжигенше ойымызды хатпен болса да жеткизу кажет.

  20. Әбдірашит Бәкірұлы 20 Маусым, 2016 21:51 Жауап

    Кешегі Алматы облысында өткен комиссия отырысында бір «фермер» «Жерді сатпа деген оппозицияның айтып жүргені» депті…. Бұл сөз – саяси сауатсыз адамның сөзі. Түсіндірейік: ….Бұл мәселе – «қара қытайдың қаптамауында» болып отырғанын түсінбегендік. Ертең қара қытай келіп, мұны нарықтан ығыстыра бастағанда – алдымен ышқынып айқайлайтын, «оппозиция» болып жанайқайға салатын – дәл осы А.Әбілдиновтың өзі болмаса деңіз!… Ал, қызы мен ұлы «қытайлана» бастаса – «оппозицияның» да еш қажеті бола қоймас…Болмаса, қазір жалға алған жерінен өнім алуға, шаруасын кеңейтуге кім кедергі? Өсірсін өнімін, сатсын Қытайға – кім кедергі? Мәселе осында! Елім аман болсын десек – Қазақстанның әрбір азаматы «шетелге жер сату мен жалға беруді тоқтату қажет» деп айтулары қажет.. Абай Әбелдинов бүгінгі шалқыған байлығым қара қытай келсе де осылай қала береді деп ойламасын – абайламаса оның түбіне «оппозиция» емес, кезінде (бүгін делік) «өзі шақырып алған» қытайлары жетеді!

  21. Айша 22 Маусым, 2016 02:00 Жауап

    Жерді ЖАУҒА бермеу керек, Қытай біздің жауымыз.25 жыл аренда деген почти сату ғой. 25 жылда кім бар, кім жоқ? Оған жол жоқ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  22. эээ 22 Маусым, 2016 12:56 Жауап

    сатылып кеткен жерді өтірік жиналыстың өзегі болдырмай тыныш жүрсеңдер қайтеді, баяғыда қайда қалдыңдар! :zhlau:

Пікір немесе жауап жазу

4 × екі =