Ресейліктер қазақ батырына «Ресей қаһарманы» атағын беруді сұрады

Бөлісу:

 

Рейхстагта Жеңіс туын тіккен қазақстандық Рақымжан Қошқарбаевқа «Ресей қаһарманы» атағын беруді ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ардагердің немересі Дәурен Қошқарбаев хабарлады.

Оның айтуынша, Қошқарбаевқа бұл атақты беру туралы ұсынысты  «Естелік шамы» («Свеча памяти») атты ресейлік қозғалыстың өкілдері жасады. «Менің атам Кеңес Одағының Батыры атағын алмады, сондықтан олар енді осы атақты беруді ұсынды. Бұл ұсыныс Ресей президенті Владимир Путинге жолданды. Қазір бұл сұрақты қарастырып жатыр», – деді Дәурен Қошқарбаев.

Немересінің айтуы бойынша, бұл тарихтағы әділеттілікті қайта қалыптастыру үшін жасалып отыр. «Бізде ҰБТ сұрақтарының ішінде, ең бірінші туды кім тіккен деген сұрақтың дұрыс жауабы Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов делінген. Ал ресейлік сынақтамаларда мүлде өзгеше жауап – Михаил Егоров пен Мелитон Кантария. Бұл қате ғой. Мәселе шешімін таппай келеді», – деді ол.

Айта кетейік, Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне өзі директор болған «Алматы» қонақ үйінің кіреберісінде мемориал тақтасы орнатылды.
Дерек көзі: tengrinews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Ғаббас Қабышұлы 9 Мамыр, 2016 21:42 Жауап

    Рейхстагқа шабуыл жасаушы дивизияның командирі генерал Шатилов тікелей бастығы – 1-Белорусс майданының қолбасшысы маршал Жуковқа: «Біздің жауынгерлер Қошқарбаев пен Булатов рейхстагқа ту тікті!» деп қуана телефон соққанда Жуков: «Азиаты?! Найди русского и грузина!» деп барқ етіпті. Сталинге жақсыаттанғысы келген пендешілігі ме, әлде, баяғыда Ленин ескерткендей,»ұлыорыстық шовинизмі» ұстай қалды ма?.. Оны дивизияның байланыс бөлімінің бастығы Зекен Темірғалиев естіген, ол туралы «Түркістан» гәзеті жазды. Рахаңа солайша берілмеген атақ енді берілетін болар, өйткені Ресейдің әскери тарихшылары Рахаңның ерлігін растап былтыр құжат берген. Ал менің түсіне алмағаным: Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдіновке «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағының неге берілмегені. Жұртшылығымыздан қаншама көп ұсыныс-тілек түссе де, президент Н.Назарбаевтың ойланбағаны несі? :oilanu:

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз − тоғыз =